Тұрмыстық мақсатқа жұмсалатын табиғи газды үнемдеу және нақты жұмсалатын көлемін тұтыну мөлшеріне сәйкестендіру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының
Заңы
негізінде
ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Тамақ дайындауға және шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік үшін су жылытуға табиғи газды тұтынудың ұсынылып отырған орташа жылдық мөлшері бекітілсін.
2. Осы шешім 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары А.Г. Савченкоға жүктелсін.
Облыс Әкімі
Жамбыл облысы
Әкімінің 2002 жылғы
"Тамақ дайындауға және
шаруашылық-тұрмыстық
қажеттілік үшін су жылытуға
табиғи газды тұтыну мөлшері туралы"
24.12.2002 ж. N 220
шешіміне қосымша
Тамақ дайындауға және шаруашылық-тұрмыстық
қажеттілік үшін су жылытуға табиғи газды тұтыну мөлшері
|
N |
Тамақ дайындауға және шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік үшін су жылытуға бір айда 1 адамға табиғи газды тұтынудың шарттары |
Тұтыну мөлшері |
|
1. |
Газ плитасы, орталық жылыту жүйесі және ыстық сумен жабдықтау болған жағдайда (жылыту маусымы кезінде) |
18,0 текше метр |
|
2. |
Газ плитасы болғанда, орталық ыстық сумен жабдықтау және газбен су жылытқыш болмаған жағдайда |
22,0 текше метр |
|
3. |
Газ плитасы, газбен су жылытқыш болғанда және орталық ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда |
28,0 текше метр |
|
4. |
Моншада қосымша газбен су жылытқыш болған жағдайда |
10,5 текше метр |
|
5. |
Коммуналдық секторда жылыту маусымында орталық жылу жүйесі болмаған жағдайда, газ плитасы болғанда және табиғи газды үй жылыту үшін пайдаланған жағдайда айына |
4,5 текше метр |