Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010.12.29 N 421/55-IV шешімімен.
Астана қаласының әкiмияты ұсынған 2010 жылға дейiн Астана қаласында жауын су канализациясы жүйесiн дамыту бағдарламасын қарап, Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 86-бабының және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Z010148_ Заңының 6-бабының негiзiнде Астана қаласының мәслихаты былай деп шешті:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.05.28 N 226/35-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
1. Қоса берiлiп отырған 2010 жылға дейiн Астана қаласында жауын су канализациясы жүйесiн дамыту бағдарламасы бекiтiлсiн.
Астана қалалық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қалалық мәслихаты
хатшысының мiндетiн атқарушы
Астана қалалық мәслихатының
2002 жылғы 2 мамырдағы
N 157/30-ІІ шешімімен
бекітілген
2010 жылға дейiн Астана қаласында жауын су канализациясы жүйесiн дамыту бағдарламасы 1. Төлқұжат
Бағдарламаның атауы:
2010 жылға дейiнгi Астана қаласының нөсерлi кәрiз жүйесiн дамыту бағдарламасы (бұдан әрi - бағдарлама)
Бағдарламаны әзiрлеушi:
"Астанагенплан" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорыны Дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мерзiмi: 2002-2010 жылдар
Бағдарлама құрылымы:
Сегiз бөлiмнен тұратын Астана қаласындағы нөсерлi кәрiз жүйесiн және орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесiн дамыту бағдарламасы.
2. Кiрiспе
1999 жылы "Ақмолакоммунпроект" институты қаладағы бар нөсерлi кәрiздер жағдайларын зерттеу және қаланың оң жақ жағалау бөлiгi аумағынан су қашырту жүйесiн дамытуды ұсыну жұмыстарын орындады. Қала дәрежесiнiң өзгеруiне, сол жақ жағалаудағы қарқынды құрылысқа және оң жақ жағалаудағы құрылысты жаңартуға байланысты қаланың барлық аумағын қамтитын бағдарлама мен схеманы әзiрлеу қажеттiгi туындады, оның iшiнде өнеркәсiп аймағы және қалаға қосылған кенттер.
3. Нөсерлi кәрiз жүйесiнің қазiргi ахуалын талдау
Астана қаласын салу барысында, жылдан-жылға нөсер суларының толуына байланысты жағдай күрделене бердi. Жер бедерiнiң түзулiгiне, тұрғын үй кварталдарының көрiктендiрiлмеуiне байланысты, топырақтың су сүзу көрсеткiшiнiң төмендiгi аумақтарды ылғалдатып, жергілiктi жер бедерiнің төмендетiлуiне ықпал еттi, бұл жағдай қаладағы экологиялық және санитарлық ахуалды нашарлатады. Нөсер суларының көтерiлуiмен бұл жағдай тағы да қиындады.
Нөсер сулары кәрiзi жүйесiмен негiзiнен қаланың орталық жағы қамтылған. Нөсер кәрiздерiнiң тазарту құрылымдары қалада жоқ. "Жастар" шағын ауданындағы жалғыз жаңбыр суларын жинағыш тек су жинаушы ретiнде ғана қызмет етедi, ағыстардың қажетті тазартылуын қамтамасыз етпейдi. Нөсер сулары тiкелей ашық су қорларына ағызылады. Нөсерлi кәрiз коллекторлары бiтелген, олардың көбiнің түптiк тазарту құрылымдары жоқ. Қаладағы бар нөсерлi кәрiз жүйесiнiң жалпы ұзындығы 40 шақырым.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Осы бағдарламаның негiзi мақсаты, бекiтiлген бас жоспар негiзiнде Астана қаласында қалақұрылысын дамытумен байланыстыра отырып, нөсерлi кәрiз жүйесiн дамытудағы тиiмдi бағытты анықтау болып табылады. Қаланың 2010 жылға дейiнгi мерзiм аралығында санитарлық және экологиялық жағдайын жақсарту үшiн бар магистралды желiлердi жаңартып, жаңаларын салып, жаңбыр сулары ағыстарын тазартып ағызу құрылымдарын салу қажет.
5. Бағдарламаның негізгi бағыты және жүзеге асыру механизмi
Нөсерлi кәрiз жүйесi құрылыс аумақтарындағы жер бетi суларын жинауды ұйымдастырып, суларды тазарту құрылымдарына тасу арқылы Есiл, Сары бұлақ, Ақ бұлақ өзендерi-табиғи су қорларына жiберудi көздейдi.
Қала аумағының жер бедерiне сәйкес нөсерлi кәрiз жүйесi бөлек ағызу, жинау бассейндерiне бөлiнген. Жаңбыр суларын жинау және тарату әр бассейн шегiнде, жеке схема арқылы жүзеге асырылады.
Әр бассейн құрамына диаметрi 300-ден 1000 мм отандық су жинағыш және транзиттiк коллекторлар кiредi. Коллекторлар қала көшелерi кестесiне сәйкес, жақын су қабылдағышқа бағытталынып төселедi. Су жiберу орындарында тазартқыш қондырғы орнатылады, мұнда су қалқыған қоқыстардан, салмақты заттар мен мұнай өнiмдерi қалдықтарынан тазартылады.
Судың жоғары бетiндегi қоқыстар локальды тазарту құрылымдарда, жаңбыр сулары кәрiзiне ағызылар алдында тазартылуы тиiс.
Қаланың оң жақ жағалауы аумағының жер сулары Ақ бұлақ және Сары бұлақ, Есiл өзендерiнiң тазартылған және терең арналары арқылы ұйымдастырылып ағызылады.
Сол жақ жағалаудағы нөсерлi кәрiз жүйесiн 2010 жылға дейiн дамыту Астана қаласының бекiтiлген бас жоспарына сәйкес, құрылыс қарқынымен, жеке учаскелердiң әзiрленген детальды жобаларының түзетiлумен жүзеге асырылады.
Қаланың нөсерлiк кәрiз жүйесiн дамыту Астана қаласының көшелерi мен жолдарын жаңартудың 2002-2010 жылға арналған жоспарына сәйкес көзделуде. Сонымен қатар қазiргi су жинағыштарды жаңарту және жаңа су жинағыштар салу, сондай-ақ, бар коллекторларды жаңарту жұмыстары жүргiзiлуi тиiс.
Жаңбыр суларының ағымын тазарту үшiн, тазарту құрылымдарының құрылысы коллекторларды дамыту желiрi құрылысынан озып отыруы керек. Су қабылдағыштарды тазарту, Сары бұлақ және Ақ бұлақ өзендерiнiң арналарын тазарту және тереңдету, тазартылғаннан кейiнгi су қабылдауға әзiрлеу жұмыстары одан да тез жүргiзiлiп, 2005 жылға дейiн аяқталуы тиiс. Бұл-бiрiншi кезектегi жұмыстар болып табылады. Транзиттiк коллекторларды төсеу жұмыстары жаңбыр сулары жиналатын бассейiндердiң тазарту құрылымдарының дайындық шамасына сәйкес жүзеге асырылады, мұнда көшелер мен жолдарды жаңарту және салу жұмыстары көзделген.
Ұсынылып отырған нөсерлi кәрiз жүйелерiн салу және жаңарту
бағдарламасы Астана қаласының барлық құрылысын қамтиды, оның iшiнде өнеркәсiп аймағы, сондай-ақ, сол жақ жағалаудағы жаңа құрылыс және бас жоспар негiзiнде әзiрленген. Нөсерлi кәрiз жүйесiнiң жалпы ұзындығы 204,9 км, тазарту құрылымдары 20 дана. 6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi Нөсерлi кәрiз жүйесiн 2010 жылға дейiн дамыту 9021,4 млн. теңгеге бағаланып отыр. Қаржыландыру кездерi-республикалық бюджет және қалалық бюджет болып табылады.
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтиже
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесiнде қалада жаңбыр суларын қабылдау, тазарту және ағызып жiберу жүйесi пайда болады, бұл қаланың қалыпты санитарлық және экологиялық жағдайын қалыптастырады.
8. Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегі шаралар жоспары
2010 жылға дейiн жүзеге асыру үшiн ұсынылып отырған негiзгi жұмыстар тiзбесi N 1 таблицада берiлген.
Бағдарламаның негiзгі орындаушысы Астана қаласын дамыту бағдарламаларына әкiмшiлiк ету жөнiндегi департамент.
2010 жылға дейінгі Астана қаласындағы нөсерлі
кәріз құрылысының көлемдері
N 1-таблица --------------------------------------------------------------------------- Бас.!Жұмыстар!өл.! Құрылыс ! Оның ішінде, жылдар бойынша сейн!атауы !шем! көлемі ! млн. теңге -ағы! !бір!------------!-------------------------------------------- стың! !лі.!кол.!са!құны!2002!2003!2004!2005!2006!2007!2008!2009!2010 нө. ! !гі !лек.!ны!(млн! мірі! ! !ұзын! !тең.! ! ! ! ! !ге) ! --------------------------------------------------------------------------- 1. Ақ бұлақ км 2 460 230 230 өзенін көркейту, арнасын тазарту және қалып. тастыру 2. Сорғы дана 20 1500 188 187,5 187,5 188 187,5 188 188 188 станса. лары мен тазарту құрылым. дарының құрылысы 3. Сары км 6,3 740 100 320 320 бұлақ өзенін көркейту, арнасын тазарту және қалып. тастыру 4. Диаметрі км 204,9 6321,6 300 918,9 940,1 965 832,9 785 855 724 1000 мм-ге дейін нөсерлі кәріз коллектор. ларының құрылысы Нөсерлі 9021,6 0 818 1656 1448 1152 1020 973 1043 912 кәрізді дамыту бағдар. ламасы бойынша жалпы жиынтығы --------------------------------------------------------------------------- Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.