Сыртқы (көрнекі) жарнама орнатқаны үшін ақы ставкаларын белгілеу туралы

Астана қалалық мәслихатының шешімі 2002 жылғы 5 наурыздағы N 149/29-ІІ. Астана қалалық Әділет басқармасында 2002 жылғы 18 наурызда тіркелді. Тіркеу N 178.

Қолданыстағы
      Сыртқы (көрнекі) жарнама орнатқаны үшін ақы белгілеу мәселесі жөніндегі Астана қаласы әділет басқармасының қорытындысын және Астана қаласы әкімиятының ұсынған материалдарын қарап, "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" K010209_ жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты былай деп ШЕШТІ:
      1. "Сыртқы (көрнекі) жарнама орнатқаны үшін ақы ставкаларын белгілеу

туралы" Астана қаласы мәслихатының 2001 жылғы 25 желтоқсандағы N№ 
130/26-ІІ шешімінің күші жойылсын.
     2. Астана қаласы бойынша сыртқы (көрнекі) жарнама орнатқаны үшін 
ақының ставкасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
     3. Осы шешім әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
     Астана  қалалық мәслихаты
     сессиясының төрағасы                 
     Астана қалалық 
     мәслихатының хатшысы        
                                              Астана қаласы мәслихатының
                                              2002 жылғы 5 наурыздағы
                                              N 149/29-ІІ шешімімен 
                                              бекітілген
              Астана қаласы бойынша сыртқы (көрнекі) жарнама 
                       орнатқаны үшін ақының ставкасы
___________________________________________________________________________
       Жарнама ауқымының мөлшері               Ақы сомасы (айлық
        (көлемі шаршы метрмен)              есептеу көрсеткіштерімен)
___________________________________________________________________________
     3 шаршы метрге дейін                             1 АЕК
     3 шаршы метрден 12 ш.м. дейін                    1 АЕК
     12 шаршы метрден 30 ш.м. дейін                   6 АЕК
     30 шаршы метрден 80 ш.м. дейін                   8 АЕК
     80 шаршы метрден 120 ш.м. дейін                  10 АЕК
     120 шаршы метрден 200 ш.м. дейін                 14 АЕК
     200 шаршы метрден жоғары                         20 АЕК
___________________________________________________________________________
 
     Астана қаласы 
     мәслихатының хатшысы     
     Мамандар:
             Омарбекова А.Т.
             Жұманазарова А.Б.