Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде бақылауды жүзеге асыру кезiндегi бақылаушы органдардың өзара iс-қимылының және оларды орналастырудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 217, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 23 қазандағы N 353-І, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 қазандағы N 47, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 3, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 34 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 17 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2174.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бiрыңғай мемлекеттiк бақылау жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 қыркүйектегi N 1358 қаулысын орындау үшiн, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде автокөлiк құралдарына бақылау жүргiзудi реттеу және халықаралық келiсiмдер мен Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы бiрыңғай бақылау-өткiзу пункттерiнде бақылауды жүзеге асыру кезiнде бақылаушы органдардың өзара iс-қимылының тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiмiзге қалдырамыз.
      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      төрағасы

      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникациялар министрі

      Қазақстан Республикасының
      Кедендік бақылау агенттігінің
      төрағасы

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі

Қазақстан Республикасының      
Ұлттық қауіпсіздік комитеті    
төрағасының             
2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 217 
Қазақстан Республикасының     
Көлік және коммуникациялар    
министрінің             
2002 жылғы 23 қазандағы N 353-І 
Қазақстан Республикасының    
Кедендік бақылау агенттігі   
төрағасының            
2002 жылғы 10 қазандағы N 47   
Қазақстан Республикасының    
Ауыл шаруашылығы министрінің   
2003 жылғы 7 қаңтардағы N 3   
Қазақстан Республикасының    
Денсаулық сақтау министрінің  
2003 жылғы 14 қаңтардағы N 34  
бұйрықтарымен бекітілген    

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы
өткiзу пункттерiнде бақылауды жүзеге асыру кезiндегi
бақылаушы органдардың өзара iс-қимылының және оларды
орналастырудың тәртiбi туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi органдарының (бұдан әрi - көлiктiк бақылау органдары), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi органдарының (бұдан әрi - шекаралық бақылау органдары), Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi органдарының (бұдан әрi - кеден органдары), Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Мал дәрiгерлiк қадағалау департаментi және Карантин мен өсiмдiктердi қорғау департаментi органдарының (бұдан әрi - малдәрiгерлiк-фитосанитарлық бақылау органдары) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi органдарының (бұдан әрi - санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен автокөлiк құралдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде (бұдан әрi - автомобильдiк өткiзу пункттерi) шетелдiк және қазақстандық тасымалдаушылардың жүк автомобильдерi мен автобустарына бақылауды жүзеге асыру кезiндегi бiрлескен iс-қимылының тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өтетiн шетелдiк және қазақстандық тасымалдаушылардың жүк автомобильдерi мен автобустарына (бұдан әрi - автокөлiк құралдары) автомобильдiк өткiзу пункттерiнде бақылауды жүзеге асырудың мақсаты халықаралық келiсiмдер мен Қазақстан Республикасының заңнамаларының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiнде барлық бақылаушы органдар, оларды жайғастыруды көздейтiн ғимараттар мен құрылыстарды салғанға дейiн, уақытша өз постыларын қызметтiк жайлармен және қажеттi жабдықпен дербес қамтамасыз етуге тиiс.

      4. Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiндегi бiрыңғай бақылау-өткiзу бекеттерiнде мемлекеттiк бақылаудың тиiстi түрлерi кезектiлiкпен жүргізіледі.
      1) Қазақстан Республикасының аумағына кiрген кезде:
      шекаралық бақылау органдары;
      малдәрiгерлiк-фитосанитарлық бақылау органдары;
      санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
      көлiктiк бақылау органдары кеден органдары.
      2) Қазақстан Республикасының аумағынан шыққан кезде:
      санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
      малдәрiгерлiк-фитосанитарлық бақылау органдары;
      көлiктiк бақылау органдары;
      кеден органдары;
      шекаралық бақылау органдары.
      Автомобильдiк өткiзу пункттерiнде әрбiр келесi орган бақылауды, оның алдындағы орган бақылауды толық аяқтағаннан кейiн ғана жүргiзедi.

      5. Бiрлескен бақылауды жүзеге асырудың кезектiлiгi, жергiлiктi орында нақты жағдайға байланысты, өткiзу пункттерiнде бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың (бұдан әрi - мемлекеттiк бақылау органдары) келiсiлген шешiмi бойынша өзгертiлуi мүмкiн.

      6. Нысаны осы Нұсқаулықтың қосымшасында келтiрiлген, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тиiстi рәсiмдердi өткiзгеннен кейiн бақылаушы мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары толтырған бақылауды өту талоны өткiзу пунктiнде бақылаудан өткенiн растайтын құжат болып табылады.
      Көрсетiлген талон мемлекеттiк шекарада орналасқан автомобиль өткiзу пунктiне кiрген кезде автокөлiк құралын жүргiзушiге берiледi және жүргiзушi оны осы Нұсқаулықтың 3-тармағында белгiленген кезектiлiкпен тиiстi органға ұсынады.
      Осы толтырылған талонның болуы онда көрсетiлген мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүру кезiнде қайта тексеруiне жол бермейдi.
      Аталған талонды ұсынбаған немесе толтырылмаған талонды ұсынған жағдайда, автокөлiк құралы және онымен тасымалданатын жүктi (жолаушыларды) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзудi ресiмдеу жүргiзiлмейдi.
      Бақылаудан өту талоны жүк пен автокөлiк құралына жолдама құжаттарға сәйкес толтырылады. Талонда көрсетiлген ақпарат нақты ақпаратқа, яғни жол жүру бағытына, тасымалданатын жүктiң атауы мен салмағына, сондай-ақ, автокөлiк құралының тiркелу нөмiрiне қарама-қайшы келмеуi тиiс.
      Бақылаудан өту талонын жасау, сақтау, есепке алу және тарату көлiктiк бақылау органдарына жүктеледi.

      7. Тасымалдаушылар мен автокөлiк құралдарын жүргiзушiлердiң халықаралық келiсiмдер мен Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылықтары анықталған жағдайда, бұзушылықты анықтаған мемлекеттiк орган, ол туралы басқа мемлекеттiк органдарды хабардар етедi және қабылданған шешiм туралы бақылаудан өту талонына және автокөлiк құралдарын бақылау мен есепке алу журналына жазады. Бiр мезгiлде кінәлiлердi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамалық кесiмдерiне сәйкес жауаптылыққа тарту жөнiндегi шаралар қолданылады.

      8. Мемлекеттiк бақылау органдары өткiзу пункттерiнде Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау, барлық қатысушылардың теңдiгi, әрбiр бақылау органының дербестiлiгi, әрбiр басшының келiсiлген шешiмдi қабылдауы мен орындауына жауапкершiлiгiнiң негiзiнде үйлесiмдi бiрлескен iс-әрекет жасайды.

      9. Осы Нұсқаулыққа сәйкес, автомобиль өткiзу пункттерiнде орналасқан Қазақстан Республикасының көлiктiк бақылау, шекаралық бақылау органдары, кеден органдары, малдәрiгерлiк-фитосанитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерi өзара iс-қимылды ұйымдастырады және мынадай бағыттар бойынша:
      1) өткiзу пунктiнде қалыптасқан жағдайды бiрлесе талдау жолаушы және жүк тасқыны, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қию және шекара арқылы жүктер, тауарлар мен көлiк құралдарын жылжытудың ережелерiн мүмкiн болатын бұзушылықтарды өзгерту бойынша тенденцияларды болжау;
      2) өткiзу пункттерiнің жұмысын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу және iске асыру;
      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзудiң технологиялық кестелерi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында шекаралық, көлiктiк, кедендiк, малдәрiгерлiк-фитосанитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру кезiндегi өзара iс-қимыл жоспарларын әзiрлеу және бекiту;
      4) қазақстандық автотасымалдаушылардың мүдделерiн қорғау бойынша бiрлескен ұсыныстарды тұжырымдау қызметтерiн үйлестiредi.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
шекарасындағы бiрыңғай бақылау-өткiзу 
пункттерінде бақылауды жүзеге асыру  
кезінде бақылаушы органдардың өзара  
іс-қимылының тәртiбi туралы нұсқаулыққа
қосымша                 

Бақылаудан өту талоны NN___

Өткiзу пунктi ____________________200 жылдың "__" _________________
Автокөлiк құралы __________________________________________________
Автокөлiк құралының тiркелу нөмiрi __________ тiркеме______________
Автокөлiк құралының қозғалыс бағыты _______________________________
Жүктiң атауы және салмағы (жолаушылардың саны) ____________________
___________________________________________________________________
                  (кеден органдары куәландырады)
___________________________________________________________________
      1. Шекаралық бақылау          3. Санитарлық-эпидемиологиялық
     ________________________          бақылау ___________________
        қабылданған шешім                       қабылданған шешім

      ____ сағ. ___ мин.                     ____сағ. ___ мин.

      Мөртабан        Қолы                  Мөртабан         Қолы
___________________________________________________________________
2. Малдәрігерлік-фитосанитарлық      4. Көліктік бақылау
           бақылау
    ________________________           ___________________
       қабылданған шешім               қабылданған шешім

      ____ сағ. ___ мин.               ____сағ. ___ мин.

      Мөртабан        Қолы             Мөртабан         Қолы
___________________________________________________________________
                 5.  Кедендік бақылау
                 ________________________
                    қабылданған шешім

                      ____ сағ. ___ мин.

                 Мөртабан        Қолы
                 __________________________

      Ескерту: Осы талон автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағына(-нан) кірген/шыққан кезде бақылаудан өткенін растайды және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру кезінде бақылаудан өтуден босатады.