Прокуратура органдарының атқару өндірісінің заңдылығын пәрменді қадағалауды ұйымдастыру және жұмысын белсендіру мақсатында "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43 және 44-баптарын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Атқару өндірісінің заңдылығын прокурорлық қадағалау туралы ұсынылып отырған Нұсқау бекітілсін.
2. Осы бұйрық пен Атқару өндірісінің заңдылығын прокурорлық қадағалау туралы Нұсқауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілері мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау департаменті шаралар қабылдасын.
3. Бұйрық әскери прокурорға, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорларға жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2001 жылғы 18 қазандағы N 121 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
2-сыныпты мемлекеттік
әділет кеңесшісі
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2002 жылғы 27 желтоқсандағы
N 79 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Атқару өндірісінің заңдылығын прокурорлық
қадағалау туралы
НҰСҚАУ
1. Осы Нұсқау Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және атқару өндірісінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың тәртібін белгілейтін өзге заң актілеріне сәйкес әзірленген.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілері мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау департаменті, Бас әскери прокурор, облыстық және оларға теңестірілген прокурорлар, қала, аудан прокурорлары азаматтық және әкімшілік істер бойынша, азаматтық талап бойынша үкімді атқару бөлімінде қылмыстық істер бойынша, "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының тізімінде көрсетілген басқа атқару құжаттары бойынша, атқару өндірісі бойынша сот актілерінің заңдылығын тұрақты және тиімді қадағалауды, атқару өндірісі бойынша азаматтық істерді сотта қарау және атқару өндірісіне байланысты соттарда өзге ұйғарулар мен қаулыларды шығару кезінде прокурорлардың қатысуын, апелляциялық мерзімінде және қадағалау тәртібінде сот актілерінің заңдылығын тексеруін қамтамасыз етсін.
3. Атқару өндірісінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырған кезде прокуратура органдары қызметінің басымды бағыттары болып:
- атқару өндірісі процесінде азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің конституциялық құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қадағалау;
- лауазымды адамдар мен атқару өндірісі органдары атқару өндірісі туралы заңнаманы нақты және біркелкі қолдануын қадағалау;
- сотта лауазымды адамдар мен атқару өндірісі органдарының әрекетін (әрекетсіздігін) даулау туралы сот актілерінің, сот шешімдерінің орындалу сатысында болған сот қаулыларының, соның ішінде сот банкрот деп таныған ұйымдардың конкурстық өндірісінің заңдылығын қадағалау белгіленсін.
4. Прокурорлық қадағалау шаралары арқылы азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттердің құқықтарына қысым келтіретін атқару өндірісі саласында кез-келген заңдылықты бұзулар жойылсын.
Денсаулығына немесе жасына байланысты өз құқықтарын қорғай алмайтын адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға заңда көрсетілген шаралар қолданылсын.
5. Атқару өндірісі бойынша тараптардың біреуі 4-тармақтың екінші абзацында көрсетілген адамдар болса, мемлекет, соның ішінде мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар, өндіріп алушы немесе қарызгер, ал сондай-ақ үшінші адам мен прокурор лауазымды адамдар мен атқару өндірісі органдарының әрекеті (немесе әрекетсіздігі) мен актілерін дауға салған жағдайда прокурор сотқа міндетті түрде қатысуы керек.
6. Атқару өндірісі органдарының өндірісінде жатқан және заңмен белгіленген, олар прокуратураға келіп түскеннен 5 күн ішінде, атқару әрекетін жасау мерзімі бітпеген атқару өндірістерін талап етіп, зерттесін. Сонымен қатар атқару санкциясының 10 пайыздық мемлекеттік баж салығын бюджетке дер кезінде және толық көлемде өндіріп алуды орындау бойынша, әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қарызгерлерге қатысты сот атқарушыларымен әкімшілік өндірістің қозғалуына, сот шешімін орындаудан қасақана бас тартатын адамдарға қатысты қылмыстық істер қозғау туралы мәселені шешу үшін материалдарды ішкі істер органдарына жіберуге ерекше назар аударылсын.
7. Сот банкрот деп таныған ұйымдардың атқару өндірісі немесе азаматтық пен әкімшілік істері бойынша қабылданған сот шешімдеріне, қаулыларына және конкурстық өндірісін орындау сатысындағы заңға сәйкес келмейтін сот актілеріне апелляциялық мерзім ішінде және қадағалау тәртібінде наразылық келтірілсін.
Облыстық және Бас прокуратураға соттың заңсыз шешімдеріне, қаулылары мен ұйғарымдарына наразылық келтіруге ұсыныстар енгізілсін.
8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің лауазымды адамдары мен жергілікті орындардағы оның әкімдерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) және атқару өндірісі бойынша сот актілерінің заңсыздығына шағымдар мен арыздар сапалы және заңда белгіленген мерзім ішінде шешілсін.
9. Қадағалау саласы бойынша заңдылықтың жағдайы және сот төрелігін атқару кезінде заңдылықтың сақталуы тоқсан сайын талдансын. Талдау нәтижесі туралы ақпарат (бөлек) Бас прокуратураға жіберілсін.
10. Жылына ең кемі бір рет Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің әкімдері мен атқару әрекеттер жасауға өкілетті олардың лауазымды адамдарының қызметіндегі атқару өндірісі туралы заңнаманың сақталуын тексерсін.
Жыл қорытындысы бойынша мемлекетке келтірілген залалдың орнын толтыру туралы, соның ішінде прокурорлардың талаптары бойынша, сот шешімдерін, үкімдерін және сот бұйрықтарын атқару кезінде заңдылықтың жағдайын жинақтап қорытындыласын.
Тексерістер мен жинақталып қорытындыланған нәтижелер туралы ақпараттар (бөлек) Бас прокуратураға жіберілсін. Атқару өндірісін қадағалауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізілсін.
11. Бас прокуратураның Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот қаулылары мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау департаменті, Бас әскери прокуроры, облыстық және оларға теңестірілген прокурорлар бағынышты прокурорларды нормативтік базамен қамтамасыз етсін, іскерлік және құқықтық біліктілігін арттыру бойынша қызметкерлермен оқу және семинар сабақтарын жоспарлы түрде өткізсін, сынақтан өткізуді дағдыға айналдырсын.
12. Атқару өндірісі бойынша прокурорлар қызметін бағалаудың негізгі қағидалары - өндіріске қабылданған арыздар мен өтініштерді дер кезінде және сапалы шешу, заңсыз сот қаулыларына наразылық келтіру және атқару өндірісі саласындағы заңдылықтың бұзылуын жоюға бағытталған басқа прокурорлық қадағалау шараларын қабылдау болып саналсын.
13. Атқару өндірісіне прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру жариялылық негізінде құрылсын, бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен қолданылсын.
14. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілері мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау департаменті, облыс, Астана және Алматы қалаларының прокурорлары атқару өндірісінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру бойынша осы бағыттағы жұмыс тиімділігін арттыру үшін төменгі тұрған прокуратуралардың қызметіне басшылық етуді және бақылауды қамтамасыз етсін. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының прокурорлары облыс (қала) және аудандық (қалалық) прокуратураларының аппаратының штат кестесінде облыс прокурорының атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау жөнінде аға көмекшісі және аудан (қала) прокурорының осы саладағы қадағалау бойынша көмекшісінің лауазымын қарастырсын.
Қызмет процесінде прокуратура органдарының басқа бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетімен, Әділет министрлігімен, Жоғарғы Сотпен, оқу және ғылыми мекемелермен тығыз өзара қызметін жүзеге асырсын.