Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 485. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2133.

Жаңартылған

      Бағалы қағаздар рыногы қызметiнiң айқындылық дәрежесiн және тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау мақсатыңда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесi бекiтiлсiн.
       Ескерту: Атауында және 1-тармақта "тізілімді" деген сөз "тізілімдер жүйесі" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 54, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 111   бірлескен қаулысымен
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан Тiзiлiм ұстаушыларының қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне және бағалы қағаздар ұстаушыларының тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын, "Қазақстан Тiзiлiм ұстаушыларының қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң мүшелерi болып табылмайтын ұйымдарға жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

       Ұлттық Банк
       Төрағасы

"Бағалы қағаздар ұстаушылардың    
тізілімдер жүйесін жүргiзу жөнiндегi
қызметті жүзеге асыруға       
лицензиялары бар ұйымдардың     
есеп беру ережесiн бекiту туралы   
"Қазақстан Республикасының     
Ұлттық Банкi Басқармасының     
2002 жылғы 18 желтоқсандағы    
      N 485 қаулысымен          
бекiтiлген             

  Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесi

       Ескерту: Ереженің атауындағы және мәтініндегі "тізілімді", "тізілімде", "тізілімдерді" деген сөздер тиісінше "тізілімдер жүйелері", "тізілімдер жүйесінде" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 54, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 111   бірлескен қаулысымен .

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде пайдаланылған ұғымдар мынаны бiлдiредi:
      1) тiркеушi - бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргiзу жөнiндегi кәсiби қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      2) басшы - тiркеушiнiң алқалы атқарушы органының басшысы болып табылатын тұлға; немесе
      тiркеушiнiң алқалы атқарушы органының функцияларын жеке дара орындайтын тұлға; немесе
      тiркеушiнiң алқалы атқарушы органы басшысының орынбасары болып табылатын және тiркеушiнiң iшкi ережелерiне сәйкес бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға жетекшiлiк жасау жүктелген тұлға;
      3) уәкiлеттi орган - бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттiк реттеудi және бақылауды жүзеге асыратын орган.

  2-тарау. Есептi жасау және ұсыну тәртiбi

      2. Тiркеушi есептi уәкiлеттi органға тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың соңғы күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде ұсынады.

      3. Есеп қағазға басылған түрде жасалады және еркiн нысанда жасалған және басшы қол қойған iлеспе хатпен жiберiледi.

      4. Есепке:
      1) осы Ереженiң 1-4-қосымшаларына сәйкес жасалған, тiркеушiнiң басшысы, бас бухгалтерi және iшкi ережелерге сәйкес осы есеп беру нысандарын толтыру жөнiндегi мiндет жүктелген қызметкерi қол қойған есеп беру нысандары (екi данамен).
       Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 54, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 111   бірлескен қаулысымен

  3-тарау. Уәкiлеттi органның есептi қарау тәртiбi

      5. Уәкiлеттi орган есептi келiп түскен күннен бастап отыз күн iшiнде қарайды.

      6. Есеп бойынша ескертулер жоқ болса, уәкiлеттi орган тiркеушiге есептiң назарға алынғандығы жөнiнде жазбаша хабарлайды және оған есептiң назарға алынғандығы туралы белгi қойылған есептiң бiр данасын жiбередi.

      7. Есеп бойынша ескертулер бар болса, уәкiлеттi орган тiркеушiге олар жөнiнде жазбаша хабарлайды және анықталған кемшiлiктердi жою қажеттiлiгiн және/немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еместiгiн көрсетедi. Уәкiлеттi органның ескертулерiн ескере отырып түзетiлген есеп ескертулердiң бар екендiгi туралы хабарламаны тiркеушi алған күннен бастап он күннен кешiктiрiлмей уәкiлеттi органға қайтадан ұсынылады.

      8. Уәкiлеттi орган есептi қарау барысында есепте көрсетiлген ақпаратты тексеру үшiн тiркеушiден қажеттi мәлiметтер мен құжаттар сұратуға құқылы.

      9. Есептi бермегенi, есеп бойынша жасалған ескертулердi жоймағаны үшiн немесе уәкiлеттi орган есептi қарау барысында нақты емес мәлiметтер анықтаса, тiркеушi және оның лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

Бағалы қағаздар ұстаушылардың    
тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға       
лицензиялары бар ұйымдардың     
есеп беру ережесіне         
1-қосымша               

______________________ бастап ___________ дейінгі кезеңдегі
 тіркеуші [тіркеушінің атауы} туралы мәліметтер

____________________________________________________________________
1. Тiркеушiнi мемлекеттiк (қайта)
   тiркеу туралы мәлiметтер:
2. Лицензия берiлген күн және
   оның деректемелерi туралы
   мәлiметтер:
3. Тiркеушiнiң акциялар (облигациялар)
   эмиссияларын тiркеу туралы
   мәлiметтер:
4. Тiркеушiнiң орналасқан жерi
   (тiркелген):
5. Тiркеушiнiң орналасқан жерi
   (нақты):
6. Тiркеушiнiң байланыс құралдары
   туралы мәлiметтер (телефон, факс,
   электрондық почта):
7. Күнiн, басылымның атауын, ақпараттың
   құрамын көрсете отырып бұқаралық
   ақпарат құралдарына орналастырылған
   жарнама туралы мәлiметтер (баспасөз
   органдарына орналастырғанда -
   көшiрмесiн беру):
8. Тiркеушiнiң басшы қызметкерлерi
   туралы мәлiметтер
9. Тiркеушiнiң лауазымды тұлғалары
   туралы мәлiметтер
____________________________________________________________________

Басшы        [қолы]                 Бас бухгалтер    [қолы]

Мөр орны

Орындаушы    [қолы, телефон нөмiрi]

Тiркеушi туралы мәлiметтердi толтыру ережесi

      1-жолда тiркеушiнiң мемлекеттiк (қайта) тiркеу туралы куәлiгiне сәйкес оны мемлекеттiк (қайта) тiркеу күнi және нөмiрi көрсетiледi.
      3-жолда тiркеушiнiң акцияларының (облигацияларының) эмиссияларын тiркеу туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      4-жолда байланыс бөлiмшесiнiң индексiн қоса отырып, тiркеушiнiң мемлекеттiк (қайта) тiркеу куәлiгiне немесе статистикалық карточкасына сәйкес оның тiркелiп орналасқан жерi көрсетiледi.
      5-жолда байланыс бөлiмшесiн қоса отырып, тiркеушiнiң нақты орналасқан жерi көрсетiледi.
      6-жолда қалааралық телефон байланысының кодын көрсете отырып (жақша iшiнде) тiркеушiнiң байланыс телефондары мен факстарының нөмiрлерi, тiркеушiнiң электрондық почтасының адресi(терi) көрсетiледi.
      8-жолда бiрiншi басшының алқалы атқарушы органның мүшелерi болып табылмайтын орынбасарлары, бас бухгалтер және оның орынбасарлары, тiркеушiнiң филиалдарының басшылары және бас бухгалтерлерi туралы мәлiметтер көрсетiледi (атқаратын лауазымдар және толық аты-жөнi).
      9-жолда "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы  74-бабының 1-тармағына, "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы  41-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес тiркеушiнiң лауазымды тұлғаларының лауазымдары және толық аты-жөнi көрсетiледi.

Бағалы қағаздар ұстаушылардың   
тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға      
лицензиялары бар ұйымдардың    
есеп беру ережесіне        
2-қосымша              

______________________ бастап ___________ дейінгі кезеңдегі [тіркеушінің атауы} бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қатысатын қызметкерлері және филиалдары туралы мәліметтер

      1-нысан. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін
жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қатысатын қызметкерлер
туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
Р/с|Қызметкер.|Атқара.|Біліктілік|Біліктілік|Біліктілік|Қызметкер.
 N |  дің     | тын   |куәлігінің| куәлігі  | куәлігі. |ді жұмысқа
   |аты-жөні  |лауа.  | санаты   |берілген  |  нің     |қабылдаған
   |          |зымы   |          |   күн    | нөмірі   |   күн
___________________________________________________________________
 1      2        3         4          5          6           7
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      2-нысан. Филиалдар және филиалдардың бағалы қағаздар
ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға қатысатын қызметкерлері туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
Филиал.|Филиал. |Қызмет. |Атқара.|Біліктілік|Білік. |Білік.|Қызмет.
 дың   | дың    |кердің  | тын   |куәлігнің |тілік  |тілік |керді
атауы  |орналас.|аты-жөні|лауазы.| санаты   |куәлігі|куәлі.|жұмыс.
       |қан жері|        | мы    |          |беріл. |гінің | қа
       |        |        |       |          |ген күн|нөмірі|қабыл.
       |        |        |       |          |       |      |даған
       |        |        |       |          |       |      | күн
___________________________________________________________________
  1        2         3       4       5          6      7      8
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Басшы        [қолы]                 Бас бухгалтер    [қолы]

Мөр орны

Орындаушы    [қолы, телефон нөмiрi]

Бағалы қағаздар ұстаушылардың    
тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға       
лицензиялары бар ұйымдардың     
есеп беру ережесіне         
3-қосымша              

       Ескерту: 3-қосымшаға өзгертулер енгізілді  - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 54, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 111   бірлескен қаулысымен .

[тіркеушінің атауы} ________ бастап _______ дейінгі кезеңдегі  бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметінің қорытындысы туралы есебі

Есепті кезең соңындағы жағдай бойынша қызмет көрсетілетін эмитенттердің жалпы саны
Есепті кезең соңындағы жағдай бойынша тіркеуші жүргізетін жеке шоттардың жалпы саны

___________________________________________________________________
Р/с | Бағалы |Бағалы   |      |Бағалы   | Жеке шоттардағы бағалы
 N  |қағаздар|қағаздың | Шарт |қағаздар |қағаздардың саны (данамен)
    |эмитен. | ұлттық  |жасас.| ұсташы. |__________________________
    | тінің  |бірегей. | қан  | лардың  |"Орталық |        |
    | атауы  |лендіру  | күн  | жалпы   |депози.  |        | қаржы
    |        | нөмірі  |      |  саны   | тарий"  |    <*>   | ұйым.
    |        |         |      |         | ЖАҚ-ы   |        | дары
___________________________________________________________________
 1      2        3        4        5        6          7       8
___________________________________________________________________
І.  Акциялардың эмитенттері

Жиынтығы   [эмитенттердің саны]
ІІ. Облигациялардың эмитенттері

Жиынтығы   [эмитенттердің саны]
Жиынтығы   [эмитенттердің саны]
___________________________________________________________________

      таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________
      Жеке шоттардағы бағалы        |Бағалы қағаздарды| Шартты
    қағаздардың саны (данамен)      | аудару бойынша  | қолдануды
____________________________________|   операциялар   | тоқтата
  өзге заңды     |  жеке тұлғалар   |_________________| тұру, жаңар.
    тұлғалар     |                  | опера. | Бағалы | ту және
_________________|__________________|циялар. | қағаз. | бұзу күні
рези.   |резидент|резидент.|резидент| дың    | дардың | және себебі
денттер |еместер |тер      |еместер | саны   |  саны  |  туралы
        |        |         |        |        |        | мәліметтер
____________________________________________________________________
   9       10         11       12       13       14         15
____________________________________________________________________
І.

Жиынтығы
ІІ.                                                          Х

Жиынтығы                                                     Х
Жиынтығы                                                     Х
____________________________________________________________________

Басшы   [лауазымы, аты-жөні] [қолы]

Бас бухгалтер [аты-жөні] [қолы]

Орындаушы [аты-жөні, телефон нөмiрi] [қолы]  мөр орны

Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргiзу жөнiндегі қызметтiң қорытындысы туралы есептi толтыру ережесi

      Тiркеушi есептi эмитенттермен бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргiзу жөнiнде қызмет көрсету туралы шарттар жасап хронологиялық тәртiппен толтырады. Бұл ретте бірінші кезекте акциялардың эмитенттерi, одан кейiн екiншi кезекте облигациялардың эмитенттерi көрсетіледі.
      2-бағанда заңды тұлғаны мемлекеттiк (қайта) тiркеу туралы куәлiгіне сәйкес, тiркеушi бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргiзу жөнiнде қызмет көрсету туралы шарт жасаған эмитенттiң атауы көрсетiледi.
      3-бағанда бағалы қағаздың уәкiлеттi орган берген ұлттық бiрегейлендiру нөмiрi көрсетiледi.
      4-бағанда бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргiзу жөнiнде қызмет көрсету туралы шарт жасаған күн көрсетiледi.
      5-бағанда есептi кезең соңындағы осы эмитенттiң бағалы қағаздарын ұстаушыларының жалпы саны көрсетiледi.
      6-12-бағандарда осы эмитенттiң:
      нақтылы ұстаудағы;
      банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының, лицензиялар негiзiнде бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыратын және банк болып табылмайтын ұйымдардың меншiгiндегi;
      Қазақстан Республикасының резиденттері және резидент еместерi болып бөлiнген өзге заңды тұлғалардың меншiгiндегi;
      Қазақстан Республикасының резиденттерi және резидент еместерi болып бөлiнген жеке тұлғалардың меншігiндегi бағалы қағаздарының саны көрсетiледi.
      13-бағанда бағалы қағаздарды бiр шоттан екiншісiне аудару жөніндегi операциялардың жалпы саны көрсетiледi.
      14-бағанда өздерiне қатысты операциялар жасалған бағалы қағаздардың саны көрсетiледi.
      15-бағанда әрбiр эмитент бойынша шартты тоқта тұру, жаңарту, бұзу күнi және себебі туралы мәлiметтер көрсетiледі, шарт бұзылған жағдайда бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жүйесiнiң құжаттары берiлген тұлғалар туралы мәлiметтер көрсетiледi.

Бағалы қағаздар ұстаушылардың   
тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға       
лицензиялары бар ұйымдардың     
есеп беру ережесіне         
4-қосымша              

Есепті кезең соңындағы бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесіндегі нақтылы ұстаушылар туралы мәліметтер

___________________________________________________________________
Р/|Бағалы  |Бағалы | Нақтылы  |Нақтылы |Бағалы қағаз.|Бағалы қағаз.
с |қағаздар|қағаз. |ұстаушының|ұстаушы.|дарды нақтылы|дарды нақ.
N |эмитен. | дың   |  атауы   |  ның   |ұстауға ауда.|тылы ұстаудан
  |тінің   |ұлттық |          | есеп.  |ру жөніндегі |аудару жөнін.
  |атауы   |бірегей.          | шотын. |операциялар. |дегі операция.
  |        |лендіру|          | дағы   |дың жалпы    |лардың жалпы
  |        |нөмірі |          |бағалы  |  саны       |    саны
  |        |       |          | қағаз. |___________________________
  |        |       |          |дардың  |опера.|бағалы|опера.|бағалы
  |        |       |          | саны   |циялар.қағаз.|циялар.қағаз.
  |        |       |          |        | дың  |дардың| дың  |дардың
  |        |       |          |        |саны  | саны |саны  | саны
____________________________________________________________________
 1    2        3        4         5       6      7      8      9
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Басшы   [лауазымы, аты-жөні] [қолы] 

Бас бухгалтер [аты-жөні] [қолы]

Орындаушы [аты-жөні, телефон нөмiрi] [қолы]  мөр орны

Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесіндегi нақтылы
ұстаушылар туралы мәлiметтердi толтыру ережесi

      Мәлiмет тiркеушi бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргiзу жөнiнде қызмет көрсету туралы шарттар жасаған эмитенттердiң нақтылы ұстаудағы бағалы қағаздары бойынша толтырады. Мәлiмет бiрiншi кезекте акциялардың эмитенттерiмен екiншi кезекте облигациялардың эмитенттерiмен хронологиялық тәртiппен шарттар жасап толтырады.
      2-бағанда бағалы қағаздары нақтылы ұстаудағы эмитенттiң атауы көрсетiледi.
      3-бағанда бағалы қағаздың уәкiлеттi орган берген ұлттық бiрегейлендiру нөмiрi көрсетiледi.
      4-бағанда бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушының атауы көрсетiледi.
      5-бағанда нақтылы ұстаушының жеке шотындағы есептi кезең соңындағы бағалы қағаздардың саны көрсетiледi.
      6 және 8-бағандарда бағалы қағаздарды нақтылы ұстауға және нақтылы ұстаудан аудару жөнiндегi операциялардың саны көрсетiледi.
      6 және 9-бағандарда нақтылы ұстауға және нақтылы ұстаудан аудару бойынша бағалы қағаздардың саны көрсетiледi.