"Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" 1991 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 727 Бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы N 903 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 7 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2110.

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 727 "Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" (2002 жылдың 2 қазанында 1991 нөмірмен тіркелген, "Официальная газета" 19.10.02 жылы N 42, "Ресми газетте" 19.10.02 жылы N 95 жарияланған) Бұйрығына  мынадай толықтыру енгізілсін:
      Көрсетілген Бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімі мынадай мазмұндағы 57-тармақпен толықтырылсын:
      "57. "Банк операциялық күні" БКЖ-нен тұратын кешен, "Кредиттер", "Депозиттер" модулдері және "Жылдам аударымдар/жылдам ақшалай түсім" жүйелері (1.6 нұсқа)".
      2. Салықтық бақылау басқармасы (А.Борамбаева) осы Бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Салық комитеті Төрағасының орынбасары Ә.Базарбаеваға жүктелсін.
      4. Осы Бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Төраға