"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 бұйрығына N 4 толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 26 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2101.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715  және 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 122  қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қарашадағы N 1247  қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 бұйрығына  мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      бюджеттік шығыстардың функционалдық сыныптамасында:
      12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобында 1 "Автомобиль көлiгi" кіші функциясында 215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" бағдарлама әкімшісі бойынша 036 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және оны қайта жаңарту" бағдарламасы мынадай мазмұндағы 061-кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
      "061 Шымкент-Түркістан участкесінде Самара-Шымкент автомобиль жолын қайта жаңарту".
      2. Бюджеттік саясаты және жоспарлау департаменті (Б.Т.Сұлтанов) Құқықтық және ұйымдық жұмыс департаментімен (Е.Е.Исаев) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және 2002 жылғы 25 қарашадан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр