N 239 нөмірмен тіркелген "Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 14 қарашадағы N 4 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 593 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 26 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2099. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N 217 бұйрығымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N  217  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      Бухгалтерлік есептің нормативтік базасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бухгалтерлік есептің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 14 қарашадағы N 4 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 30 желтоқсанда N 239 бұйрықпен тіркелген және "Қаржы, салық, бухгалтерлік есеп, сақтандыру жөніндегі нормативтік актілер" 1996 жылғы 23 (35) арнайы шығарылымында жарияланған)  қаулысына  мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген 13 "Шоғырландырылған қаржылық есеп беру және сабақтас серіктестіктерге бөлінген инвестицияларды есепке алу" бухгалтерлік есепке алу стандартына:
      стандарттың тақырыбында "сабақтас серіктестіктерге" деген сөз "еншілес ұйымдарға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      стандарттың бүкіл мәтіні бойынша "сабақтас", "серіктестігінің", "серіктестік", "серіктестіктер", "серіктестіктің", "серіктестігі", "серіктестері", "серіктестікке", "серіктестіктерін", "серіктестіктерінің", "серіктестіктегі", "серіктестіктердің", "шаруашылық серіктестігіне", "шаруашылық серіктестігі", "шаруашылық серіктестіктерінен", "шаруашылық бірлестігі" деген сөздер тиісінше "еншілес", "ұйымының", "ұйым", "ұйымдар", "ұйымның", "ұйымы", "ұйымдары", "ұйымға", "ұйымдарын", "ұйымдарының", "ұйымдағы", "ұйымдардың", "ұйымына", "ұйымы", "ұйымынан", "ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын, қазақ тілінің ерекшелігіне сәйкес басқа түзетулердің мемлекеттік тілдегі мәтінге қатысы жоқ;
      қазақ тілінің ерекшелігіне сәйкес 3, 4, 6, 11,  13-тармақтардағы, 12-тармақтың бірінші абзацындағы және 14-тармақтың 1) тармақшасындағы түзетулердің мемлекеттік тілдегі мәтінге қатысы жоқ;
      16-тармақтың бірінші сөйлемінде:
      "қаржы-шаруашылық қызметінің ұқсас операциялары мен оқиғалары" деген сөздер "ұқсас операциялар мен оқиғаларды бухгалтерлік есепке алуда көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17-тармақта "қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері" деген сөздер "шығыстар мен кірістері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18, 19-тармақтардағы "акционерлік қоғамдарға" деген сөздер "ұйымға" деген сөзбен ауыстырылсын.
      Көрсетілген қаулымен бекітілген 14 "Шаруашылық серіктестіктеріне тәуелді инвестициялардың есебі" бухгалтерлік есепке алу стандартына:
      стандарттың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тәуелді ұйымға бөлінген инвестициялардың есебі";
      стандарттың бүкіл мәтіні бойынша "шаруашылық серіктестіктеріне", "шаруашылық серіктестіктері", "шаруашылық серіктестігімен", "шаруашылық серіктестіктермен", "шаруашылық серіктестіктерінің", "шаруашылық серіктестіктің", "шаруашылық серіктестігінің", "шаруашылық серіктестіктерінде", "шаруашылық серіктестігі", "серіктестік", "серіктестіктердің", "субъект", "субъектінің" деген сөздер тиісінше "ұйымдарына", "ұйымдары", "ұйымымен", "ұйымдармен", "ұйымдарының", "ұйымның", "ұйымының", "ұйымдарында", "ұйымы", "ұйым", "ұйымдардың", "ұйым", "ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      қазақ тілінің ерекшелігіне сәйкес 2, 6-тармақтардағы түзетулердің мемлекеттік тілдегі мәтінге қатысы жоқ;
      7, 8, 18-тармақтардағы және 21-тармақтың екінші абзацындағы "қаржы-шаруашылық қызметтерінің нәтижелері" деген сөздер "кірістер мен шығыстар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      Көрсетілген қаулымен бекітілген 15 "Бірлескен қызмет бойынша қатысу үлесінің қаржылық есепте көрсетілуі" бухгалтерлік есепке алудың стандартына:
      14-тармақта "серіктестік" деген сөз "ұйым" деген сөзбен ауыстырылсын;
      17-тармақта "Тәуелсіз шаруашылық серіктестігінде" деген сөздер "Тәуелді ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы бірінші вице-министрі Б.Б.Жәмішевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
           Қаржы министрі