"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2002 жылғы 23 қыркүйектегi N 3 бұйрығына N 3 өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 25 қарашадағы N 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 20 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2094.

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2002 жылғы 23 қыркүйектегi N 3 бұйрығына  мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

      осы бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      бюджеттiк шығыстардың функционалдық сыныптамасында:
      "Қолданылу мерзiмiнiң аяқталуы" бағанындағы 006 "Мемлекеттiк мекемелер кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау" кiшi бағдарламасы бойынша 010 "Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау" бағдарламасындағы 212 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" бағдарлама әкiмшiсi бойынша 5 "Қосымша кәсiби бiлiм бepу" кiшi функциясында 4 "Бiлiм беру" функционалдық тобында "01.01.02" деген сандар алынып тасталсын;
      13 "Өзгелер" функционалдық тобында 3 "Кәсіпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестiктi қорғау" кiшi функциясында 233 "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi" бағдарлама әкiмшiсi мынадай мазмұндағы 083 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "083 "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" ЖАҚ несие ресурстарын толықтыру".

      2. Бюджет саясаты және жоспарлау департаментi (Б.T.Сұлтанов) Құқықтық және ұйымдастыру жұмысы департаментiмен (Е.Е.Исаев) бiрге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және 2002 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр