Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудi ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587
бұйрығына
мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) Жергiлiктi атқарушы органдарға мемлекеттiк техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды жүзеге асыруға тартылатын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң өндiрiстiк-техникалық мүмкiндiктерiн қарау жөнiнде ұсыныс енгiзiлсiн.";
4-тармақтағы "Комитет" деген сөз "Департамент" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiнде (бұдан әрi - Тәртiп):
6-тармақта:
3) тармақшадағы "сәуiрден" деген сөз "қаңтардан" деген сөзбен ауыстырылсын, "қыркүйекке" деген сөз "қазанға" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "сәуiрден" деген сөз "қаңтардан" деген сөзбен ауыстырылсын, "қыркүйекке" деген сөз "қазанға" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Техникалық байқау көлiк құралдарын техникалық байқауды ведомстволық бағыныстағы көлiктiң техникалық жағдайын тексеру үшiн қажеттi диагностикалық жабдықтары бар заңды тұлғалар жүргiзетiн жағдайды қоспағанда, iшкi iстер органдарының жол полициясы аудандық (қалалық) бөлiмшелерiнiң жанынан ұйымдастырылатын Жол полициясының техникалық бақылау пункттерiнде жүргiзiледi.
Әр аудан, қала үшiн техникалық бақылау пункттерiнiң қажеттi санын көлiк құралдарының саны туралы деректердi ескере отырып Жол полициясы айқындайды.
Техникалық бақылау пункттерiндегi техникалық бақылау жүргiзуге уәкiлеттi жол полициясы қызметкерлерiнiң саны қолданылып жүрген iшкi iстер органдарының қызметкерлерi жұмыс ауқымының нормативтерiне сәйкес айқындалады.";
8-тармақ алынып тасталсын;
2-тараудың тақырыбындағы "Ұйымдар мен мекемелердiң" деген сөздер "Заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Техника құралдарының техникалық жағдайын техникалық байқаудың алдында диагностикалауды өндiрiстiк-техникалық мүмкiндiктерi мынадай талаптарды:
1) техника құралдарының техникалық жағдайын техникалық байқаудың алдында диагностикалау жүргiзiлетiн стационарлық үй-жайдың, көлiк құралдарының диагностикалау желiлерi (постылары) арқылы өтуiнiң жоспар-сызбасы қойылған өндiрiстiк-техникалық алаңның болуын;
2) келген автомобильдердi қоюға арналған орындардың, көрсетiлген үй-жайға кiру және шығу жолдарының болуын;
3) диагностикалық жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының болуын, олардың жарамдылығы мына тiзбеге:
тежеу жүйесiнiң техникалық жағдайын тексеруге арналған стендiге;
рулдiк басқарудағы жиынтық люфтiн тексеруге арналған аспапқа;
фарлардың жарықтық шоғын белгiлеу бұрыштарын тексеруге арналған аспапқа;
автомобильдердiң жағылған газдарының улылығын айқындауға арналған аспапқа;
автомобильдердiң жағылған газдарының түтінділігін айқындауға арналған аспапқа;
әйнектердiң жарық өткiзгiштiгiн тексеруге арналған аспапқа;
көтергiштерге немесе қарау шұңқырларына сәйкес оларға метрологиялық аттестациялау жүргiзудiң және соңғы тексерудiң уақыты мен мерзiмдiлiгiн;
4) бiлiктi мамандардың болуын;
5) нормативтiк және техникалық құжаттамалардың болуын;
6) санитарлық-техникалық жабдықтардың болуы мен жарамдылығын қанағаттандыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер жүзеге асырады.";
10-25-тармақтар алынып тасталсын;
26-тармақтағы "сәуiрге" деген сөз "желтоқсанға" деген сөзбен ауыстырылсын;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Ведомстволық бағыныстағы көлiк құралдарының техникалық жағдайын тексеру үшiн қажеттi жағдайлары жоқ заңды тұлғалардың көлiк құралдарын, сондай-ақ жеке тұлғалардың көлiк құралдарын диагностикалау көлiк құралдарының техникалық жағдайын техникалық байқаудың алдында диагностикалауға тартылған заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң диагностикалау желiлерiнде (постыларында) жүзеге асырылады.";
35-тармақта:
4) тармақша алынып тасталсын;
5) тармақшаның бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"көлiк құралын тiркеу туралы куәлiктiң деректерi, көлiк құралының және оның құрамдас элементтерiнiң параметрлерi көрсетiлген (осы Тәртiптiң 41-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда) және заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер диагностикалық пунктiнiң көлiк құралының техникалық жағдайын диагностикалауды жүргiзген маманының қолымен және мөрiмен расталған диагностикалық картаны (4-қосымша).";
36-тармақта:
5) тармақша алынып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) көлiк құралын тiркеу туралы куәлiктiң деректерi, көлiк құралының және оның құрамдас элементтерiнiң параметрлерi көрсетiлген (осы Тәртiптiң 41-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда) және заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер диагностикалық пунктiнiң көлiк құралының техникалық жағдайын диагностикалауды жүргiзген маманының қолымен және мөрiмен расталған диагностикалық картаны (4-қосымша).";
37-тармақтағы "Жол полициясының рұқсаты бар ұйымдар мен мекемелердiң" деген сөздер алынып тасталсын, "берiледi" деген сөз "көрсетiледi" деген сөзбен ауыстырылсын;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Аудандар (қалалар) iшкi iстер органдарының жол полициясы көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды жүзеге асыратын әрбiр заңды тұлғаға жеке кәсiпкерге өндiрiстiк-техникалық базаны тексеру актiсi, комиссияның қорытындысы, анықталған кемшiлiктердi жою туралы ұйғарымдар мен оларға жауаптар, сондай-ақ аталған заңды тұлғаның немесе жеке кәсiпкердiң қызметiне қатысты басқа да құжаттамалар сақталатын iс қағаздарын жүргiзедi.";
50-тармақта:
1) тармақша алынып тасталсын;
2), 3) тармақшалардағы "ұйымдар мен мекемелердiң" деген сөздер "заңды тұлғалардың және/немесе жеке кәсiпкерлердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
51-тармақтағы "ұйымдардың, мекемелердiң өндiрiстiк техникалық мүмкiндiктерi конкурс өткiзу кезiнде конкурстық ұсыныстарда ұсынылған мәлiметтерге сәйкес келмеген" деген сөздер алынып тасталсын, "техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауға рұқсат ету туралы куәлiктi тоқтата тұрады не керi қайтарып алады" деген сөздер "көлiк құралдарын техникалық байқауды жүргiзу кезiнде заңды тұлғаның және/немесе жеке кәсiпкердiң диагностикалық карталарын қабылдауды тоқтата тұрады, ол туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көлiк құралдарының иелерiне хабарлайды." деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-3-қосымшалар алынып тасталсын.
2. Астана, Алматы қалаларының IIББ-ның, облыстардың IIББ-ның - IIБ-ның бастықтары:
1) жол полициясы қызметкерлерiнiң осы бұйрықтың талаптарын зерделеуiн қамтамасыз етсiн және жұмысты Тәртiпке енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес ұйымдастырсын;
2) мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзу кезiнде көлік құралдарының иелерiн жекелеген талаптардың өзгергендiгi туралы хабардар ету жөнiнде iс-шаралар жүргiзсiн.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Iшкi iстер вице-министрi - полиция генерал-майоры И.И.Оттоға және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы департаментiне (Б.Н.Өмiрзақов) жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолдануға енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
генерал-полковник
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
Министрінің міндетін атқарушы