Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 30 наурызда N 1442 болып тiркелген "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 54 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 12 қарашадағы N 95 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 19 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2090. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 1 шілдедегі N 290 бұйрығымен

Күшін жойған

      ----------Бұйрықтан үзінді---------

Қазақстан Pecпубликасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінің Кеден комитетi төрағасының және Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының күшi жойылды деп танылған бұйрықтарының
тiзбесi

      4. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 30 наурызда N 1442 тiркелген "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнің Кеден комитетi төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 54 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2002 жылғы 12 қарашадағы N 95 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2002 жылғы 19 желтоқсанда N 2090 тiркелген).

      Төраға

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңына сәйкес, кедендiк брокер ретiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына сәйкес қайта ресiмдеудiң тәртiбiн айқындау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 30 наурызда N 1442 тiркелген, 2001 жылы "Кеден жаршысы" N 2 жарияланған) 2001 жылғы 15 ақпанындағы N 54 бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Кедендiк брокер ретiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны берудiң, қызметiн тоқтата тұрудың және қайтарып алудың тәртiбiнде:
      1) 21-тармақ алынып тасталсын;
      2) 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "22. Кедендiк брокердiң атауы, орналасқан жерi (егер ол лицензияда көрсетiлген болса) өзгерген жағдайда, ол бiр айдың iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
      Лицензиар лицензиаттың тиiстi жазбаша мәлiмдемесiн берген күннен бастап он күн iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.
      Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетiлген құжаттарды беру кезiнде Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде лицензиялық алым төленедi".

      2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Баспасөз қызметi (Г.Исахан) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

       Төраға