"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнің 2002 жылғы 23 қыркүйектегi N 3 бұйрығына N 5 толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 14 желтоқсандағы N 43 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 18 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2086.

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2002 жылғы 23 қыркүйектегi N 3 бұйрығына  мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында:
      бюджеттiк шығыстардың функционалдық сыныптамасында:
      1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер көрсету" функционалдық тобында 1 "Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар" кiшi функциясы мынадай мазмұндағы 001-кiшi бағдарламасы бар 001 бағдарламамен, 016, 023 және 029 бағдарламаларымен, 106 бағдарлама әкімшiсiмен толықтырылсын:
      "106 Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық
      001 Әкiмшiлiк шығындар
      001 Орталық органның аппараты
      016 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою және өзге де күтпеген шығыстар үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi резервiнiң есебiнен iс-шаралар өткiзу
      023 Өкiлеттiк шығындарға арналған қаражат есебiнен iс-шаралар өткiзу
      029 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен Үкiметтiң, орталық мемлекеттiк органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн орындау";
      2. Бюджеттiк саясаты және жоспарлау департаментi (Б.T.Сұлтанов) Құқықтық және ұйымдық жұмыс департаментiмен (E.E.Исаев) бiрге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi және 2002 жылғы 10 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр