Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi нормативтiк базаны заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2002 жылғы 14 қарашада N 2041 тiркелген, 2002 жылғы 31 қазандағы N 8 "Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді дайындау және тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша ашық немесе жабық конкурсқа қатысу үшiн ықтимал өнiм берушiлерге беретiн үлгi конкурстық құжаттаманы бекiту туралы"
бұйрыққа
мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi дайындау және тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша ашық немесе жабық конкурсқа қатысу үшiн ықтимал өнiм берушiлерге беретiн үлгi конкурстық құжаттамада (бұдан әрi - Үлгi конкурстық құжаттама):
25-тармақтың 11) тармақшасында "2" және "3" деген сандар "4" және "5" деген сандармен ауыстырылсын;
26-тармақтың 4) тармақшасында "2" және "3" деген сандар "4" және "5" деген сандармен ауыстырылсын;
Үлгi конкурстық құжаттамаға 5-қосымшада:
1-тармақта "Қатысушының заңдық мәртебесi" деген сөздер "Қатысушының атауы мен заңдық мәртебесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Негiзгi қызмет орны" деген сөздер "Мекен-жайы мен негiзгi қызмет орны" деген сөздермен ауыстырылсын;
Үлгi конкурстық құжаттамаға 7-қосымшада:
15-тармақта "ықтимал Өнiм берушiлер үшiн нұсқаулықтың 1 қосымшасында" деген сөздер "Конкурстық құжаттамаға 1-қосымшада" деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақта "Ықтимал өнiм берушiлер үшiн нұсқаулықтың 1 қосымшасында" деген сөздер "Конкурстық құжаттамаға 1-қосымшада" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Заң бөлiмi (Н.Нұрахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық оны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары Ғ. Мусинге жүктелсiн.
Төраға