Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237
қаулысына
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1568 нөмірімен тіркелген, "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басылымдарында 2001 жылғы 2-15 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесіне:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index индексі - өтеу мерзімі алты айға дейінгі АҚШ-тың қазынашылық вексельдерінен тұратын Merrill Lynch компаниясының индексі. Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі.";
33-тармақтағы "Salomon" деген сөз "Merrill Lynch" деген сөздермен ауыстырылсын;
44-тармақтағы:
екінші кестенің жолындағы:
"60" деген сан "75" деген санмен ауыстырылсын;
"50" деген сан "65" деген санмен ауыстырылсын;
"70" деген сан "85" деген санмен ауыстырылсын;
үшінші кестенің жолындағы:
"40" деген сан "25" деген санмен ауыстырылсын;
"30" деген сан "15" деген санмен ауыстырылсын;
"50" деген сан "35" деген санмен ауыстырылсын;
45-тармақтағы:
"60%-ке" деген сөздер "75%-ке" деген сөздермен ауыстырылсын;
"40%-ке" деген сөздер "25%-ке" деген сөздермен ауыстырылсын;
60-тармақтың 1) тармақшасындағы "100" деген сан "50" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ал оның қолданылуы 2002 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қарым-қатынастарға таратылады.
3. Монетарлық операциялар департаменті (Әлжанов Б.А.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап бес күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы