Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі
N 273
(қолдансқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз) бұйрығымен
.
___________________________________
"Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 248
бұйрығын
қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН
:
1. "Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауға қойылатын
бiлiктілiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 248
бұйрығына
мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
жоғарыда көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Аудиторлыққа кандидаттар бiлiмнiң мынадай салалары бойынша емтихан тапсыру арқылы өз бiлiктiлiк деңгейiн растауы тиiс:
- азаматтық заңнама;
- қаржылық есеп;
- басқарушылық есеп;
- салық салу;
- қаржылық менеджмент;
- аудит.".
2. Бухгалтерлiк және аудит әдіснамасы департаментi белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы бiрiншi вице-министрi Б.Б.Жәмiшевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр