Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 26.07.2013 № 571 бұйрығымен.
Арнайы рұқсаттар мен олардың түбiршектерiнде көрсетiлген iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым сомаларының сәйкес келмеуiнiң орын алған жағдайларының алдын алу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Арнайы рұқсаттарға нөмiрлерi бойынша сәйкес келетiн бақылау талондары Қазақстан Республикасының жолдары бойынша iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне арнайы рұқсаттардың ажырамас бөлiгi болып саналсын.
2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының жолдары бойынша iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне арнайы рұқсаттарға бақылау талондарының бланкiлерiн толтыру және беру тәртiбi бекiтiлсiн.
3. "Арнайы рұқсаттарға бақылау талондары туралы" Көлiктiк бақылау комитетiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi N№56-п бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн.
4. Автомобиль көлiгiнде және автожолдарда бақылау басқармасы (Қ.Н.Омаров) осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлiктiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары М.Х.Бектеповке жүктелсiн.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап қолданысқа енедi, таныстыру мен таратуға жатады.
Комитет төрағасы
Көліктік бақылау комитеті төрағасының
2002 жылғы 11 қыркүйектегі
N 73-п бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының жолдары бойынша
ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік
құралдарының жол жүруіне арнайы рұқсаттарға
бақылау талондарының бланкілерін толтыру
және беру тәртібі
Арнайы рұқсатқа және арнайы рұқсаттың түбіршегіне бақылау талоны, нөмірі бойынша сәйкес келетін арнайы рұқсаттың және арнайы рұқсаттың түбіршегінің ажырамас және міндетті бөлігі болып табылады.
Бақылау талондары біркелкі сиямен толтырылады, не компьютерде басылады және Қазақстан Республикасының жолдары бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жол жүруіне арнайы рұқсат беруге құзыреті бар аумақтық көліктік бақылау басқармаларының лауазымды тұлғалары береді.
Қазақстан Республикасының жолдары бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жол жүруі үшін алымдар сомасы графасында нөмірі бойынша сәйкес келетін арнайы рұқсаттың алымдар сомасына іспеттес сома көрсетіледі.
Арнайы рұқсатты алдым графасында арнайы рұқсатты алған тасымалдаушының фамилиясы, аты, тегі көрсетіледі және оның қолы қойылады.
Цифрлы кесте бойынша Қазақстан Республикасының жолдары бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жол жүруі үшін алымдардың аталған сомасы қиылып алынады, бұл ретте, қиылған сомаларда қателерді жіберуге болмайды.
Арнайы рұқсатқа бақылау талонының жоғарғы бөлігі, алымдардың қиылған сомасымен қоса, тасымалдаушыға арнайы рұқсатпен бірге беріледі, ал алымдар сомасының қалдық көрсеткіштері бар төменгі бөлігі арнайы рұқсаттың түбіршегімен бірге, басқарманың бухгалтериясына тапсырылады.
Арнайы рұқсатқа және арнайы рұқсаттың түбіршегіне бақылау талонының Қазақстан Республикасының жолдары бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жол жүруі үшін алымдар сомасын толтыру және қиюдың мысалы қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының жолдары бойынша N________
ірі көлемді және ауыр салмақты АРНАЙЫ РҰҚСАТҚА
көлік құралдарының қозғалуына БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жол жүруі үшін алынатын алым сомасы
жиырма алты мың алты жүз жетпіс теңге.
-------------------------------------- (жазбаша)
_________________________________________________________________
Ескерту: Осы бақылау талоны тиісті Қазақстан Республикасының жолдары бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының қозғалуына арнайы рұқсаттың міндетті қосымшасы болып табылады
Теңге |
Қазақстан Республикасының жолдары бойынша N________
ірі көлемді және ауыр салмақты АРНАЙЫ РҰҚСАТТЫҢ
көлік құралдарының қозғалуына ТҮБІРТЕГІНЕ
БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жол жүруі үшін алынатын алым сомасы
жиырма алты мың алты жүз жетпіс теңге.
--------------------------------------
(жазбаша)
_________________________________________________________________
Арнайы рұқсатты алдым:___________________________________________
(күні, тасымалдаушының тегі, аты-жөні)
Ескерту: Осы бақылау талоны тиісті Қазақстан Республикасының жолдары бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының қозғалуына арнайы рұқсаттың түбіртегіне міндетті қосымша болып табылады