Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 2 қыркүйек N 362. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 9 қазанда тіркелді. Тіркеу N 1999. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 259 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 V980711_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесінде:
      47-тармақтың екінші сөйлемі алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан

 

Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу

шараларын қабылдасын;

     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік

тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі

бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге

жіберсін.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жангелдинге жүктелсін.


     Ұлттық Банк

     Төрағасы




     Мамандар:

            Омарбекова А.Т.

            Икебаева А.Ж.