Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн дайындау, ресiмдеу және келiсу жөнiндегi нұсқаулықты (заңдық техника) бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 142 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 27 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1985.

Қолданыстағы

      "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының нормашығармашылық қызметiн жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн дайындау, ресiмдеу және келiсу жөнiндегi нұсқаулық (заңдық техника) бекiтiлсiн.
      2. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн тiркеу және бақылау департаментi осы Бұйрықты жариялауды әрi орталық және мемлекеттiк органдардың назарына жеткiзудi қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-Министрi Р.Ш.Шамсутдиновке жүктелсiн.
      4. Бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастан қолданысқа енгiзiледi.

     Министр

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің   
2002 жылғы 25 қыркүйектегі
N 142 бұйрығымен    
бекітілген       

Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың
нормативтiк құқықтық актiлерiн дайындау, ресiмдеу және
келiсу жөнiндегi нұсқаулық (заңдық техника)

1. Жалпы ережелер

      1. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн дайындау, ресiмдеу және келiсу жөнiндегi нұсқаулық (заңдық техника) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн шығару процесiн жетiлдiру мақсатында әзiрленген.
      2. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн (бұдан әрi - нормативтiк құқықтық актiлер) сапалы әзiрлеу, барлық талап етiлетiн келiсiмдермен және өзге де материалдармен әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге ұсыну үшiн, сондай-ақ мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi мәтiндердiң түпнұсқалылығы үшiн осы нормативтiк құқықтық актiнi әзiрлеген мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы дербес жауапкершiлiкте болады.
      3. Нормативтiк құқықтық актiнi келiсу мерзiмдерi бұзылған жағдайда жауапкершiлiк келiсу мерзiмдерiн бұзуға жол берген мемлекеттiк органға жүктеледі.
      4. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу заңнамамен белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

2. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың
нормативтiк құқықтық актiлерiн дайындау және ресiмдеу

      5. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк органдар қолданыстағы заңнамамен көзделген құзыретi шектерiнде әзiрлейдi және бекiтедi.
      6. Нормативтiк құқықтық актiлерде мынадай деректемелер:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы;
      2) актiнiң нысанына нұсқау;
      3) осы актiнiң реттеу мәнiн бiлдiретiн тақырып;
      4) актiнi қабылдау орны мен мерзiмi;
      5) актiнiң тiркеу нөмiрi;
      6) мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының не оның мiндетiн атқаратын тұлғаның қолы;
      7) елтаңбалық мөр болуға тиiс.
      7. Нормативтiк құқықтық актiнiң негiзгi құрылымдық элементi "тармақ" деген сөзбен аталмайтын құқық нормасын қамтитын тармақ болып табылады.
      Тармақтарды логикалық кезектiлiкте маңыздылығы бойынша, сондай-ақ мәселенi шешу кезеңдерiнiң хронологиясын ескере отырып орналастырады.
      8. Көлемi бойынша елеулi нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны бойынша жақын тармақтары тарауларға бiрiктiрiлуi мүмкiн.
      Мазмұны бойынша жақын бiрнеше тарау бөлiмдерге бiрiктiрiлуi мүмкiн.
      9. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тармақтары тармақшаларға бөлiнуi мүмкiн. Тармақтар мен тармақшалардың iшiнде абзацтармен бөлiнетiн бөлiктер болуы мүмкiн.
      Мазмұндық біртұтастығы бар, бiрiншi жолда азат жолмен бөлiнiп жазылатын және абзацтың кiшi әрiптен басталатын бөлiктiң бiрiншi абзацынан басқа, бас әрiптен басталатын мәтiннiң бөлiгi абзац деп саналады. Абзацтар (бөлiктiң бiрiншi және соңғы абзацтардан басқа) нүктелi үтiрмен аяқталады.
      10. Нормативтiк құқықтық актiлердiң әрбiр тармағы, тармақшасы, сондай-ақ тараулары, параграфтары мен бөлiмдерi, бөлiмшелерi араб цифрларымен нөмiрленедi.
      Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiнде абзацтарды дефистермен немесе өзге де белгiлермен белгiлеуге жол берiлмейдi.
      11. Тармақтарды, тараулар мен бөлiмдердi нөмiрлеу барлық актiнiң басынан аяғына дейiн реттелiп жасалады.
      Тармақшаларды нөмiрлеу әрбiр тармақ үшiн дербес болып табылады.
      Сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тарауындағы параграфтың нөмiрленуi және әрбiр бөлiмдегi бөлiмшелердiң нөмiрленуi басынан аяғына дейiн реттелiп жасалмайды, дербес болады.
      12. Тармақтарда тармақшалардың нөмiрлерi жақшамен жабылған араб цифрларымен мынадай болып көрсетiледi: 1), 2), 3) және т.б.
      13. Бiр тармақтан тұратын нормативтiк құқықтық актiде тармақтың нөмiрленуi қажет етiлмейдi.
      14. Нормативтiк құқықтық актiнiң тақырыбында (атауында) қабылданатын нормативтiк құқықтық акт реттейтiн мәнi көрсетiлуге және қысқа болуға тиiс.
      15. Нормативтiк құқықтық актiнiң атауында сөздi тасымалдауға жол берiлмейдi.
      Нормативтiк құқықтық актiнiң негiзгi түрiнiң атауы мемлекеттiк тiркеудiң тиiстi мөрi үшiн оң жағында орын қалдыра отырып, парақтың жоғары бөлiгiнiң сол жағында орналасуға тиiс.
      16. Бұрын қабылданған актiге өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу көзделетiн нормативтiк құқықтық актiнiң атауында актiнiң түрiне, оны қабылдаған органға, қабылданған күнiне, нөмiрiне, атауына, актiнiң мемлекеттiк тiркеу нөмiрiне сiлтеме (көрсетiлген кезектiлiкпен) қамтылуы керек.
      17. Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаудың мақсаты мен негiздерiн, оның алдында тұрған негiзгi мiндеттердi түсiндiру қажет болған жағдайда құқық нормаларын баяндаудың алдынан кiрiспе бөлiм (преамбула) берiледi.
      Нормативтiк ережелер нормативтiк құқықтық актiнiң кiрiспе бөлiгiне кiрмейдi.
      Нормативтiк құқықтық актiнiң кiрiспесiнде оларды iске асыру үшiн қабылданатын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерге және бұрынғы актiлерге сiлтеме келтiрiлуi мүмкiн. Бұл ретте сiлтеме жасалған актiнiң толық атауы мен деректемелерi көрсетiледi.
      18. Қолайлы пайдалану үшiн нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тарауының, оның бөлiмiнiң, сондай-ақ тарауларының параграфтары мен бөлiмдерi бөлiмшелерiнiң қысқа тақырыптары болуы мүмкiн.
      19. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерi нақты тұжырымдалуға және түзетулерсiз бiртұтас қарiппен басылуға тиiс.
      20. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiнi әдеби тiл мен заң терминологиясының нормалары сақталып баяндалуға тиiс, сөйлемдерi өте ықшам және нақты және әр түрлi түсiнiк беруге жатпайтын болу керек. Ескiрген және көп мағыналы сөздер мен сөйлемшелерге, эпитеттерге, метафораға, қысқартылған сөздерге жол берiлмейдi. Тармақтың мәтiнi басқа тармақтарда қайталанбайды.
      21. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi мағыналық және құқықтық жүктемесi жоқ декларациялық сипаттағы ережелердi қамтымауға тиiс.
      22. Нормативтiк құқықтық актiлердегi тапсырмалар оны шығаратын органға бағынысты мемлекеттiк органдарға не қажет болған жағдайда олардың басшыларына жолдануға тиiс.
      Оған (олардың басшыларына) бағынысты емес өзге де мемлекеттiк органдарға қатысты нормативтiк құқықтық актiлердегi тапсырмалар ұсынымдық нысанда не олармен келiсiм бойынша баяндалуға тиiс.
      23. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде мемлекеттiк орган мен өзге де ұйымдардың атаулары ресми атауға толық сәйкес және барлық мәтiн бойынша бiрдей баяндалады.
      Қысқартудың не аббревиатураның мағынасын ажыратып, мәтiннiң қарапайым және ықшам жазылуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдардың атауларын қысқартуға жол берiледi.
      24. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде тақырыптан, "БҰЙЫРАМЫН (МЫЗ)", ("ШЕШЕМIН (МIЗ)", "ҚАУЛЫ ЕТЕДI (МIЗ)"), көзге айқын түсетiн әрiптермен терiлген қол қоятын адамның лауазымы, аты мен тегiнiң бiрiншi әрiптерiнен басқа жекелеген сөздер мен сөз тiркестерiн бөлуге және астын сызып көрсетуге жол берiлмейдi.
      "БҰЙЫРАМЫН (МЫЗ)", "ШЕШЕМIН (МIЗ)", "ҚАУЛЫ ЕТЕДI (МIЗ)" деген сөз бас әрiптермен жазылады және оны жеке жолға тасымалдауға тыйым салынады.
      25. Нормативтiк құқықтық актiде уақытша органның жеке құрамы (комиссия, жұмыс тобы) бекiтiлген жағдайда олардың жұмысына қатысатын адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымдары толық жазылады.
      26. Қажет болған жағдайда нормативтiк құқықтық актiде жоғары деңгейдегi актiлердiң баптарына (тармақтарына) сiлтемелер келтiрiлуi, сондай-ақ осындай актiлерге сiлтемемен қатар, жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан жекелеген ережелерi көшiрiлуi мүмкiн.
      Нормативтiк құқықтық актiнiң тармақтары мен тармақшаларындағы оның басқа тармақтары мен тармақшаларына сiлтемелерге құқықтық нормалардың өзара байланысын көрсету не оларды қайталамау үшiн жол берiледi.
      27. Абзацтарға, жолдар мен сөйлемдерге сiлтеме жасаған кезде олардың нөмiрленуi реттiк сан есiммен (бас әрiптен) көрсетiледi, бұл ретте абзацқа сiлтеме "абзац" деген сөздi келтiрумен жүргiзiледi.
      28. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде тармаққа, тармақшаға сiлтеме олардың реттiк нөмiрiн көрсетумен келтiрiледi (оларды көрсету үшiн сын есiмдi қолдануға жол берiлмейдi).
      29. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде нормативтiк құқықтық актiге сiлтеме болған жағдайда, оның түрi, қабылдау күнi, нөмiрi, атауы, нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген нөмiрi (көрсетiлген кезектiлiкпен) көрсетiледi.
      Заңнама кесiмдерiне сiлтеме жасалған кезде нөмiрi мен күнiн көрсету талап етiлмейдi.
      30. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде дәл сол нормативтiк құқықтық актiге бiрнеше сiлтеме келтiрiлсе, актiнiң толық атауы оған кейiнгi сiлтемемен көрсетiледi.
      31. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде қосымшаға сiлтеме жасалса, онда нормативтiк құқықтық актiге бiр қосымша болған жағдайлардан басқа осы қосымшаның нөмiрi көрсетiледi.
      32. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде күнiн белгiлеген кезде айдың атауы қолданылады, ал жылы толық көрсетiледi, мысалы: "1976 жылғы 24 қазан".
      33. Тиiстi нұсқаулар көрсету мәтiнде норманың мазмұнына зиян
келтiрмей баяндау мүмкiн болмаған жағдайларда нормативтiк құқықтық актiнiң нормаларына ескертулерге жол берiледi.
      34. Нормативтiк құқықтық актiнiң парағының терiс жағына қандай да болсын жазуларға немесе қол қоюға жол берiлмейдi.
      35. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрiнiң бiрiмен кемiнде үш туынды нормативтiк құқықтық акт бекiтiле алады.
      36. Нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының не оның орынбасарының қойылған қолы бар iлеспе хатпен мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде тiркеушi органға ұсынылады.

3. Күшi жойылды ден тану және өзге де нормативтiк
құқықтық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
туралы нормативтiк құқықтық актiлердi
дайындау және ресiмдеу

      37. Дәл сол нормативтiк құқықтық актiлерге енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтырулар бiр тармақта немесе тармақшада көзделедi.
      38. Бұрын қабылданған актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi, сондай-ақ олардың күшi жойылды деп тануды көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi дайындаған кезде, осы шешiм, бекiту күнi, нөмiрi аталғаннан кейiн нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде жақшада ол Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген күнiн, ресми жарияланған күнi мен басылымның атауы, осы актiге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген барлық нормативтiк құқықтық актiлер көрсетiледi.
      39. Қабылдау (шығару) күнiне қарай бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық акт жарияланбаған жағдайда осы актiнiң күнi, нөмiрi мен атауы ғана көрсетiледi.
      40. Кемiнде үш нормативтiк құқықтық акт өзгерген және толықтырылған кезде, бөлек қосымшалармен ресiмделетiн тiзбелер жасалады.
      41. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымдық бөлiгiне осындай құрылымдық бөлiк мәтiнiнiң жартысынан асатын көлемде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген кезде, оның жаңа редакциясы қабылданады.
      42. Егер нормативтiк құқықтық актiде қосымшаға сiлтеме болса, онда нормативтiк құқықтық актiге бiр қосымша болған жағдайлардан басқа, жақшада осы қосымшаның нөмiрi көрсетiледi.
      43. Қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiге құрылымдық қосымша бөлiктер қосылған кезде олар: 2-1-тармақ, 8-1-тармақ және осы нөмiрлер актiнiң аяқтаушы нөмiрi болып табылатын жағдайды қоспағанда, одан әрi актiнiң құрылымдық бөлiгiнiң нөмiрлерiн қайталайтын қосымша нөмiрлер ретiнде қосылады.
      Қосылған құрылымдық бөлiгiнiң мәтiнiнен кейiн жақшада қосу туралы актiге сiлтеме енгiзiледi. Басқа бөлiктердiң нөмiрленуi сақталады.
      44. Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн актiлердiң тiзбесiндегi, сондай-ақ күшi жойылды деп танылған актiлердiң тiзбесiндегi де барлық актiлер оларды шығару (қабылдау) күнi бойынша хронологиялық тәртiппен орналасады.
      45. Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаған кезде қолданыстағылардың орнына соңғылары сол актiмен жойылуға (толық немесе бөлiгiнде) қойылады.
      Егер нормативтiк құқықтық акт Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтпесе, күшi жойылды деп таныла алмайды.
      46. Қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң күшiн жойған кезде осындай бөлiктер қолданыстағы актiден алынып тасталады, бiрақ олардың нөмiрлерi сақталады.
      Сақталған нөмiрге актiнiң (оның бөлiгiнiң) күшi жойылды деп тану туралы актiге сiлтеме қосылады. Сақталған құрылымдық бөлiктердiң нөмiрленуi сақталады.
      47. Егер жойылуға бұрын қабылданған бiрнеше (3 және одан көп) нормативтiк құқықтық актiлер қойылса, бөлек қосымшамен (тiзбемен) ресiмделетiн тiзбе жасалады.
      Тiзбелер заңды негiзделген және түпкiлiктi толық болуы керек.
      48. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң заңды күшi толық жойылмаса, ол күшi жойылды деп тануға арналған тiзбеге қайта қабылданған актiге қарама-қайшы келетiн немесе соңғысымен жұтылған бөлiгiнде ғана қосылады.
      Егер көлемi үлкен нормативтiк құқықтық актiде тармақтарының елеулi бөлiгiнiң күшi жойылуға жатса, онда өзiнiң күшi сақталатын тармақтар туралы ескертпемен барлық акт тiзбеге қосылады.
      49. Сондай-ақ басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларын қайталайтын және жаңалықты қамтымайтын актiлер күшi жойылуға жатады.
      50. Ресми жарияланған да, ресми жарияланбаған да нормативтiк құқықтық актiлер жойылуға жатады.
      51. Негiзгi актi де, оның мәтiнiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген актiлер де (немесе олардың бөлiгi) күшi жойылды деп танылуға жатады.
      Күшi толық жойылды деп танылуға жататын қандай да бiр нормативтiк құқықтық актiнiң (тармақтың, тармақшаның, абзацтың) редакциясын бiрнеше рет өзгерткен жағдайда, тiзбеге бұл туралы барлық актiлер, соның iшiнде редакциясы өзгертiлген аралық актiлер дербес тармақтар түрiнде қосылады.
      52. Нормативтiк құқықтық актiге қайшы келетiн оның қолданылу саласын, сондай-ақ уақыт және адамдар тобы бойынша оның жекелеген құрылымдық бөлiктерiнiң қолданылу саласын кейiн кеңейту туралы немесе онымен сiңiрiлген барлық актiлер тiзбеге дербес тармақтар түрiнде кiредi.
      53. Сондай-ақ жаңа актiнi қабылдағанға дейiн бұрын iс жүзiнде маңызы жойылған дәл сол мәселелер жөнiндегi, бiрақ күшi жойылды деп танылмаған актiлер жаңа нормативтiк құқықтық актiнi шығару сәтiне дейiн қолданылған актiлермен бiрге тiзбеге кiредi (тиiсiнше күшi жойылды деп танылуға жатады).
      54. Сондай-ақ жалпы нысанда (яғни оларды санамай-ақ) күшi жойылды деп танылған осы мәселе жөнiндегi актiлер күшi жойылды деп танылатын актiлердiң тiзбесiне кiредi.
      55. Қолданылу мерзiмi бiткен, уақытша сипаттағы актiлер мен нормативтiк құқықтық актiлердiң құрылымдық бөлiктерi күшi жойылды деп танылуға жатпайды.
      56. Нормативтiк құқықтық актiлерде қолданылу мерзiмi бiткен уақытша сипаттағы нормалармен қатар тұрақты қолданылатын нормалар қамтылған және барлық осы нормалар күшi жойылды деп танылуға жататын жағдайда, тiзбеге бүкiл мәтiн кiредi.
      57. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң тармағының мәтiнiнде күшi жойылды деп танылуға жататын қосымшаға сiлтеме қамтылса, онда тiзбеге осы тармақ қана кiредi (жойылуға қойылады), ал қосымша бөлек ескерiлмейдi.
      Егер актiнiң тармағында қосымшаны бекiтумен қатар мағынасы сақталатын басқа да мәселелерге қатысты нормалар қамтылса, ал қосымша толық күшi жойылды деп танылуға жатса, онда осы тармақ тiзбеге қосымшаға қатысты бөлiгiнде кiредi, ал қосымша бөлек ескерiлмеидi.
      58. Егер сол немесе өзге акт (оның құрылымдық бөлiгi) тiзбеге толық кiрмесе, жағдайға қарай жекелеген сөйлемдердi, сөздердi, жолдарды және басқаларын айрықшалықпен, толықтырумен немесе ауыстырумен шектелмей, оның жаңа редакциясын көздеген жөн.
      59. Егер жекелеген тармақтар толығымен, ал басқалары белгiлi бiр бөлiгiнде ғана күшi жойылды деп танылуға жатса, онда алдымен толық күшi жойылды деп танылуға жататын тармақтар көрсетiледi.
      60. Егер нормативтiк құқықтық актiмен бұрын қабылданған актiнiң күшi жойылды деп тану көзделген екiншi бiр нормативтiк құқықтық актiнiң күшi толық жойылды деп танылса, соңғысының күшi қалпына келтiрiлмейдi.

4. Нормативтiк құқықтық актiлерге
қосымшаларды ресiмдеу

      61. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымына қосымшалар кiруi мүмкiн.
      62. Нормативтiк құқықтық актiге графиктердi, кестелердi, тәсiмдердi, карталарды, тiзбелердi және басқаларын қосу қажет болған жағдайда, олар бөлек қосымшалармен ресiмделедi.
      63. Туынды нормативтiк құқықтық актiнiң не қосымшаның бiрiншi парағының жоғарғы оң бұрышында сол арқылы ол қабылданған негiзгi нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау күнiне, нөмiрi мен атауына нұсқау қамтылуға тиiс.
      Егер нормативтiк құқықтық актiге бiрнеше қосымша болған жағдайда қосымшаның жоғарғы оң бұрышында оның ретiк нөмiрi, сондай-ақ қабылдау күнi, нөмiрi мен тиiстi актiнiң атауы көрсетiледi.
      Егер нормативтiқ құқықтық актiнiң мәтiнiнде мынадай сiлтеме
келтiрiлсе:
      1, 2, ...-қосымшаға не (1, 2, ...-қосымша) сәйкес, онда қосымшаның жоғарғы оң бұрышында мынадай болып жазылады:
      1998 жылғы _____________ N ____нормативтiк құқықтық актiге
1, 2...-қосымша (қоса берiлiп отырған) ... ереже, ... нұсқаулық бекiтiлсiн, онда қосымшаның жоғарғы оң бұрышында мынадай болып жазылады:
      1998 жылғы ______________ N ____ нормативтiк құқықтық актiмен бекiтiлген.
      Егер бөлек қосымшамен ресiмделетiн туынды актiлерге қосымшалар болса, онда оның жоғарғы оң бұрышында мынадай көрсетiледi:
      Туынды нормативтiк құқықтық актiге l, 2,...-қосымша.
      64. Қосымшаның тақырыбы ол қабылданған негiзгi актiнiң мәтiнiне сәйкес болуы тиiс.

5. Нормативтiк құқықтық актiлердi келiсу

      65. Нормативтiк құқықтық актiнi келiсудi Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнама кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актілерді орындау мақсатында олардың құзыретiне сәйкес мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
      66. Келiсуге нормативтiк құқықтық актiнiң туынды түрi де, ол бекiтiлген негiзгi нормативтiк құқықтық акт те ұсынылады.
      Туынды нормативтiк құқықтық актiнiң барлық парақтарына оны келiсуге жiберген мемлекеттiк органның заң қызметiнiң (мұндай қызмет болмаған жағдайда заң консультанты) басшысы қол қояды.
      Егер негiзгi нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi екi парақтан асатын болса, қол қою негiзгi актiде де жүргiзiледi.
      67. Нормативтiк құқықтық акт келiсуге мемлекеттiк органның басшысының не оның орынбасарының қойылған қолымен ұсынылады.
      68. Нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк органдарда келiсу мерзiмi 5 жұмыс күнiнен аспауға тиiс, мерзiм нормативтiк құқықтық актiнiң осы мемлекеттiк органға келiп түскен күнiнен басталады.
      69. Нормативтiк құқықтық актiнi қарау нәтижелерi бойынша келiсушi орган әзiрлеушiге бiрiншi басшы не оның орнындағы адамның қойылған қолымен мынадай жауаптардың нұсқаларын ұсынады:
      нормативтiк құқықтық акт ескертулерсiз келiсiлдi (нормативтiк құқықтық актiдегi бұрыштамамен);
      нормативтiк құқықтық актiнi келiсуден бас тартылды (негiзделген бас тартудың қосымшасымен).
      Мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық акт бойынша ескертпелерi түпкiлiктi және жазбаша нысанда ұсынылуға тиiс.
      70. Нормативтiк құқықтық актiлердi қайта келiсу 5 жұмыс күнi iшiнде жүргізіледі.
      71. Республикалық бюджеттiң кiрiстерiн қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту көзделетiн нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсу мiндеттi болып табылады.
      72. Нормативтiк құқықтық актiнi келiсу келiсушi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының не оның орынбасарының бұрыштамасымен ресiмделедi және мөрмен куәландырылады.
      Бұрыштама негiзгi нормативтiк құқықтық актiге соғылады.
      73. Белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органмен келiсiлген нормативтiк құқықтық актiге түзетулер мен толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
      74. Келiсушi мемлекеттiк органның заң қызметiнiң (мұндай қызмет болмаған жағдайда заң консультанты) басшысы келiсiлген нормативтiк құқықтық актiге Нұсқаулықтың 66-тармағында көзделген тәртiппен әрбiр параққа қол қояды.