Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктерде сақталуға тиісті құжаттарды ресімдеу және есепке алу тәртібі және құжаттардың сақталуын ұйымдастыру жөніндегі талаптар туралы нұсқаулық жөнінде" 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 351 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 2 қыркүйек N 335. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 24 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1983.

Қолданыстағы
      Екінші деңгейдегі банктер қызметінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктерде сақталуға тиісті құжаттарды ресімдеу және есепке алу тәртібі және құжаттардың сақталуын ұйымдастыру жөніндегі талаптар туралы нұсқаулық жөнінде" 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 351 V960434_ қаулысына мынадай

толықтыру енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Банктерде сақталуға тиісті құжаттарды 
ресімдеу және есепке алу тәртібі және құжаттардың сақталуын ұйымдастыру 
жөніндегі талаптар туралы нұсқаулықта:
     N 1 қосымша мынадай редакциядағы 122-1-жолмен толықтырылсын:
---------------------------------------------------------------------------
 122-1  !Республикалық және жергілікті бюджеттердің    !тұрақты ! тұрақты 
        !қаражаты есебінен берілген заемдар бойынша    !        !
        !құжаттар (өтініштер, заем шарттары, есептер,  !        !
        !жазысқан хаттар және басқалар)                !        !
---------------------------------------------------------------------------
     
     2. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):


      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан

Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу 
шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік 
тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күндік мерзімде осы қаулыны 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші 
деңгейдегі банктерге жіберсін.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкінің Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.
     Ұлттық Банк 
      Төрағасы
     
     КЕЛІСІЛДІ
     Қазақстан Республикасының 
     Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
     министрлігінің Мұрағаттар мен
     құжаттамаларды басқару жөніндегі
     комитетінің төрағасымен
     2002 ж. 12 қыркүйек
     
     
     
     
     Мамандар:
            Омарбекова А.Т.
            Икебаева А.Ж.