Төлем карточкалары бойынша мәліметтер жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 24 тамыз N 321. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 24 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1982.

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалану мониторингін жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Төлем карточкалары бойынша мәліметтер жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан

Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу 
шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік 
тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі 
бөлімшелеріне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т.Жангелдинге жүктелсін.
 
     Ұлттық Банк
      Төрағасы
                               Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 
                               Басқармасының "Төлем карточкалары бойынша 
                               мәліметтерді жасау және ұсыну жөніндегі 
                               нұсқаулықты бекіту туралы" 
                               2002 жылғы 24 тамыздағы N 321
                               қаулысымен бекітілген 
                Төлем карточкалары бойынша мәліметтерді 
                 жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулық


      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалану мониторингін жүргізу мақсатында төлем карточкаларын шығаратын екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) төлем карточкалары бойынша мәліметтерді жасау және ұсыну нысандарын белгілейді.
      2. Осы Нұсқаулықта Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 V001260_ қаулысымен бекітілген Төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесінде көзделген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      Сауда терминалы - төлем карточкаларын пайдалану арқылы тауар немесе қызмет ақысы төленетін электронды механикалық қондырғы.
      Импринтер - төлем карточкасының бет жақ бедерін жапсыру арқылы жапсырмаларды ресімдеуге арналған механикалық қондырғы.
      Қызмет көрсетуші желі - төлем карточкасын пайдалану арқылы ақы төленетін электронды қондырғылардан тұратын желі.
      3. Банктер төлем карточкалары бойынша мәліметтерді дайындап, есепті айдан кейінгі айдың 5-нен кешіктірмей Ұлттық Банкке ұсынады.
      4. Банктер төлем карточкалары бойынша мәліметтерді мынадай үш кесте түрінде дайындап, ұсынады:
      1) Төлем карточкаларымен қызмет көрсетуге арналған қондырғылар саны мен карт-есепшоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер (N 1 қосымша);
      2) Айналыстағы төлем карточкаларының саны туралы мәліметтер (N 2 қосымша);
      3) Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын төлем саны мен көлемі туралы мәліметтер (N 3 қосымша).
      5. Операция шетел валютасымен жүргізілген жағдайда ол операция жүргізу сәтіндегі мәліметтерді беруші банктің бағамы бойынша теңгеге қайта есептеледі.
      6. Мәліметтер электронды тәсілмен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ақпарат беру форматында ұсынылады.
      7. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледі.
                                Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 

Басқармасының 2002 жылғы 24 тамыздағы № N 321 қаулысымен бекітілген Төлем карточкалары бойынша мәліметтерді жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулыққа N 1 қосымша


    Төлем карточкаларымен қызмет көрсетуге арналған қондырғылар саны 
           мен карт-есепшоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер
_____________________________
       Банктің атауы 
200___ жылғы "___" ___________
              күні     айы
     
---------------------------------------------------------------------------
 Сауда терминалдарының !Импринтерлер ! Банкоматтар !Кәсіпкерлер!Карт-есеп.
   саны (бірлік)       !саны (бірлік)!саны (бірлік)!   саны    !шоттардағы 
-----------------------!             !             ! (бірлік)  !  орташа 
банктерде!кәсіпкерлерде!             !             !           !  айлық    
         !             !             !             !           !  қалдық   
         !             !             !             !           !(мың теңге)
---------------------------------------------------------------------------
    1    !       2     !       3     !      4      !      5    !    6
---------------------------------------------------------------------------
     
     Басшы _________________________________
                     (Аты-жөні)
     Бас бухгалтер ___________________________
                     (Аты-жөні)
     Орындаушы ______________ ______________
                 (Аты-жөні)      телефоны
     200__ ж. "___" _______________
                     Мәліметтерді толтыру ережесі:


      1, 2-бағандарда банктің банктер мен кәсіпкерлерде орналасқандарын бөлгендегі сауда терминалдарының есепті айдың соңғы күніндегі саны көрсетіледі.
      3, 4-бағандарда банктің импринтерлері мен банкоматтарының есепті айдың соңғы күніндегі саны көрсетіледі.
      5-бағанда банкпен шарт жасасқан және ақыны төлем карточкасымен қабылдайтын кәсіпкерлердің есепті айдың соңғы күніндегі саны көрсетіледі.
      6-бағанда карт-есепшоттардағы есепті айдың соңғы күніндегі орташа қалдықтар көрсетіледі.
                                Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 

Басқармасының 2002 жылғы 24 тамыздағы № N 321 қаулысымен бекітілген Төлем карточкалары бойынша мәліметтерді жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулыққа N 2 қосымша


           Айналыстағы карточкалардың саны туралы мәліметтер

_____________________________
       Банктің атауы 
200___ жылғы "___" ___________
             күні      айы
     
---------------------------------------------------------------------------
 Төлем карточкасы ! Айналыстағы төлем  !Пайдаланылған төлем ! Карточка 
 жүйесінің атауы  !карточкаларының саны!карточкаларының саны!ұстаушылардың
                  !     (бірлік)       !      (бірлік)      !саны (бірлік)
---------------------------------------------------------------------------
         1        !          2         !          3         !       4
---------------------------------------------------------------------------
     
     Басшы _________________________________
                      (Аты-жөні)
     Бас бухгалтер ___________________________
                      (Аты-жөні)
     Орындаушы ______________ ______________
                 (Аты-жөні)      телефоны
     200__ ж. "___" _______________
                     Мәліметтерді толтыру ережесі:
     1-бағанда деректер ұсынылатын төлем карточкаларының жүйесі 
көрсетіледі.
     2-бағанда айналыстағы карточкалардың есепті айдың соңындағы саны 
көрсетіледі.
     3-бағанда тауар немесе қызмет үшін есеп айырысу бойынша, не есепті 
айдағы қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялар жүргізілген айналыстағы 
карточкалардың есепті айдың соңындағы саны көрсетіледі.
     4-бағанда банк шығарған төлем карточкаларын ұстаушылардың есепті 
айдың соңындағы саны көрсетіледі.


                                Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 

Басқармасының 2002 жылғы 24 тамыздағы № N 321 қаулысымен бекітілген Төлем карточкалары бойынша мәліметтерді жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулыққа N 3 қосымша


            Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын

             төлемнің саны мен көлемі туралы мәліметтер
_____________________________
       Банктің атауы 
200___ жылғы ______________
                  айы
---------------------------------------------------------------------------
Төлем     !Төлем (карт!Қолма-қол ақшамен! Барлық қолма-қол  !Банкоматтарды 
карточкасы!-есепшоттан!жасалмаған төлем !   ақшаны беру     !пайдалана 
жүйесінің !есептен    !                 !бойынша операциялар!отырып қолма-
атауы     !шығару     !-----------------!-------------------!қол ақша беру 
          !сәтінде)   !  Саны  ! Сомасы !  Саны  ! Сомасы   !   бойынша    
          !           !(бірлік)! (мың   !(бірлік)! (мың     ! операциялар
          !           !        ! теңге) !        ! теңге)   !--------------
          !           !        !        !        !          !Саны   !Сомасы
          !           !        !        !        !          !(бірлік)!(мың 
          !           !        !        !        !          !       !теңге)
---------------------------------------------------------------------------
    1     !      2    !    3   !    4   !    5   !    6     !   7   !  8
---------------------------------------------------------------------------
     
     Басшы _________________________________
                      (Аты-жөні)
     Бас бухгалтер ___________________________
                      (Аты-жөні)
     Орындаушы ______________ ______________
                 (Аты-жөні)      телефоны
     200__ ж. "___" _______________
                     Мәліметтерді толтыру ережесі:
     1-бағанда деректер ұсынылатын төлем карточкаларының жүйесі 
көрсетіледі.
     2-бағанда ақпарат ұсынылатын төлемге сәйкес номер көрсетіледі:
     І - банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің қызмет 
көрсететін желісінде жасалған төлем;


      ІІ - банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып қазақстандық басқа банктің қызмет көрсететін желісінде жасалған төлем;
      ІІІ - банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердегі басқа банктің қызмет көрсететін желісінде жасалған төлем;
      IV - банктің төлем карточкаларынан басқа қазақстандық эмитенттердің шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің қызмет көрсететін желісінде жасалған төлем;
      V - шетелдік эмитенттер шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің қызмет көрсететін желісінде жасалған төлем.
      3, 4-бағандарда операция түріне сәйкес төлем карточкаларын пайдалана

отырып тауар немесе қызмет үшін қолма-қол ақшасыз жасалған төлем саны мен 
жалпы сомасы көрсетіледі.
     5, 6-бағандарда операция түріне сәйкес төлем карточкасы арқылы 
қолма-қол ақша беру бойынша жүргізілген барлық операциялардың саны мен 
жалпы сомасы көрсетіледі.
     7, 8-бағандарда операция түріне сәйкес банкоматты пайдалана отырып 
төлем карточкасы арқылы қолма-қол ақша беру бойынша жүргізілген барлық
операциялардың саны мен сомасы көрсетіледі.
     
     
     
    Мамандар:
            Омарбекова А.Т. 
            Қасымбеков Б.А.