1. "Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ бұйрығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында:
бюджеттiк кiрiстердiң сыныптамасында:
1 "Салық түсiмдерi" санатында:
05 "Тауарларға, жұмыстарға және қызметтер көрсетуге салынатын iшкi салықтар" сыныбында:
1 "Қосылған құнға салынатын салық" iшкi сыныбы мынадай мазмұндағы 06 және 07-ерекшелiктермен толықтырылсын:
"06 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген қосылған құн салығы
07 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын және импортталатын тауарлардың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген қосылған құн салығы";
2 "Акциздер" iшкi сыныбы мынадай мазмұндағы 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84 85, 86, 87-ерекшелiктермен толықтырылсын:
"70 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын спирттiң барлық түрлерiнiң кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
71 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын арақтың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
72 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын ликер-арақ бұйымдарының, күшейтiлген шырындардың және этил спиртiнiң көлемдi үлесi 12-ден 30 пайызға дейiн және одан жоғары күшейтiлген сусындардың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
73 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын шараптардың кедендік құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
74 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын коньяктардың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
75 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын шампан шараптарының кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
76 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын сыраның кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
77 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын этил спиртiнiң көлемдi үлесi 1,5-тен 12 пайызға дейiн алкоголi аз күшейтiлген сусындардың, күшейтiлген шырындардың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
78 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын бекiре және албырт балықтар уылдырығының кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
79 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын темекi бұйымдарының кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
80 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын құрамында темекi бар басқа да бұйымдардың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
81 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын жеңiл автомобильдердiң (мүгедектерге арнайы арналған қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа) кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
82 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алтыннан, платинадан немесе күмiстен жасалған зергерлiк бұйымдардың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
83 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын шарап материалдарының кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
84 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын дизель отынының кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
85 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын бензиннiң (авиациялықты қоспағанда) кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
86 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын отпен және газбен атылатын қарудың (мемлекеттiк үкiмет органдарының мұқтажы үшiн алынатындарынан басқа) кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
87 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын газ конденсатын қоса алғанда, шикi мұнайдың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер";
06 "Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар" сыныбында:
1 "Кеден төлемдерi" iшкi сыныбы мынадай мазмұндағы 03-ерекшелiкпен толықтырылсын:
"03 Әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген кедендiк төлемдер";
2 "Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар" iшкi сыныбы мынадай мазмұндағы 03 және 04-ерекшелiктермен толықтырылсын:
"03 Әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген кедендiк бақылауды және кедендiк рәсімдерді жүзеге асырудан түсетін түсімдер
04 Әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
нәтижесiнде жете есептелген отандық тауар өндiрушiлердi қорғау шаралары ретiнде салынатын баждар". 2. Заң қызметi департаментi (Н.Қалиева) және Мемлекеттiк бюджет департаментi (Б.Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қаржы министрінің міндетін атқарушы Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева А.Ж.