Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережесі туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 1 тамыз N 279. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 2 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1965.

Қолданыстағы
      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережесі туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 276 V990904_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережесінде:
      Ереженің барлық мәтіні бойынша:
      "кредит шарты", "кредит шартының", "кредит шартына" деген сөздер "банктік заем шарты", "банктік заем шартының", "банктік заем шартына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "талаптарды біреуге беру туралы шарттың", "талаптарды біреуге беру туралы шарт", "талаптарды біреуге беру туралы шартқа" деген сөздер "ақша талабын (факторингті) басқаға беру арқылы қаржыландыру шартының", "ақша талабын (факторингті) басқаға беру арқылы қаржыландыру шарты", "ақша талабын (факторингті) басқаға беру арқылы қаржыландыру шартына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "талап етуді біреуге беру шарты", "талап етуді біреуге беру шарттары" деген сөздер "ақша талабын (факторингті) басқаға беру арқылы қаржыландыру шарты", "ақша талабын (факторингті) басқаға беру арқылы қаржыландыру шарттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      кіріспесінде "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар

Жарлықтарымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңдарымен" деген 
сөздермен ауыстырылсын;
     1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
     "кредит - банктің заем, лизинг, факторинг операцияларын жүзеге 
асыруы;
     тұтынушылық заем - тұрғындарға тұтыну тауарларын алуға берілетін 
қысқа мерзімді заем.";
     2-тармақта:
     үшінші абзац алынып тасталсын;
     төртінші абзацта "банктік заем шартының" деген сөздер "лизинг шарты 
немесе ақша талабын (факторингті) басқаға беру арқылы қаржыландыру 
шартының" деген сөздермен толықтырылсын";
     3-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
     "8) заемшы заңды тұлғаның банкке ұсынатын есебінің түрлері мен 
мерзімдері";
     6-тармақтың бірінші абзацындағы "заң консультантының" деген сөздер 
"заң қызметі жетекшісінің (заңгердің)" деген сөздермен ауыстырылсын;
     11-тармақ:
     мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
     "1-1) заемшы заңды тұлғаның уәкілетті органының кредит алуға шешімі;


      1-2) кепіл беруші заңды тұлғаның уәкілетті органының заемшы міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуге кепіл затын беруге шешімі";
      мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4-1) заемшының бизнес-жоспары;
      4-2) заемшы заңды тұлғаның қолы қойылған өтініш берілген күнгі жағдай бойынша қаржылық есеп және заемшы заңды тұлғаның нотариат куәландырған салық декларациясының көшірмесі қоса берілген соңғы есепті жылдағы қаржылық есебі, сондай-ақ заемшы заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның кредит қабілеттілігіне баға берілген банктің қорытындысы;";
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) заемшының бизнес-жоспарында белгіленген мақсаттар мен міндеттердің іске асырылу мүмкіндігі туралы баға берілген банктің қорытындысы;";
      9) тармақшадағы "(мақсатты кредит берілген жағдайда)" деген сөздер алынып тасталсын;
      14) тармақшада ", жеке кәсіпкерлер үшін" деген сөздер алынып тасталсын;
      соңғы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тұтыну заемдары бойынша кредиттік досьеде осы тармақтың 1-1), 1-2), 2), 3), 4-1), 4-2), 7), 9), 13) тармақшаларында көзделген құжаттардың болуы талап етілмейді.";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Заемшының бизнес-жоспарына қойылатын негізгі талаптар банктің кредит саясатын белгілейтін ішкі құжаттарында көзделеді;";
      16-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) гранттың уәкілетті органының немесе заңды тұлғаның кепілдік берушісінің банк-кредиторға кепілдік беру немесе заемшы міндеттерін орындауды қамтамасыз етуге кепілдік беру туралы шешімі;";
      19-тармақ алынып тасталсын;
      31-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "31. Банк әр заемшы бойынша кредиттік досьеге мынадай құжаттарды қоса беруге міндетті:";
      мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) заемшының қолы қойылған жартыжылдықтың қаржылық есебі;
      1-2) банк алдындағы берешегінің жалпы сомасы елу миллион теңгеден асатын заемшының қолы қойылған тоқсандағы (тоқсандардағы) қаржылық есебі;
      1-3) заемшының нотариат куәландырған салық декларациясының көшірмесі қоса берілген соңғы аяқталған жылдағы қаржылық есебі;";
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) гранттың немесе заемшының кепілдік берушісінің қаржылық жағдайына баға берілген банктің қорытындысы;";
      мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3-1) гарант немесе заемшының кепілдік берушісі қол қойған тоқсанның (тоқсандардың) қаржылық есебі;
      3-2) гаранттың немесе заемшының кепілдік берушісінің нотариат куәландырған салық декларациясының көшірмесі қоса берілген соңғы есепті жылдағы қаржылық есебі (сомасы жүз миллион теңгеден асатын кредиттер бойынша);";
      мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) кредит бойынша берешектің толық немесе ішінара өтелу фактін растайтын және кредитті өтеу көзін көрсететін құжаттар;
      7) заемшының қаржылық жағдайына берілген баға мен кредиттің мақсатқа сай пайдаланылуын тексеру нәтижелері көрсетілген банктің қорытындысы.";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалардың талаптары заемшы заңды тұлғаларға қойылмайды.".
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан

Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу 
шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік 
тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, екінші 
деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге 
асыратын ұйымдарға жіберсін.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
     Ұлттық Банк 
      Төрағасы 
      Мамандар:
            Омарбекова А.Т.
            Икебаева А.Ж.