Әділет аттестациялық комиссиясы құрамының өзгеруіне байланысты, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
7-бабының 2-тармағының 3-тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223
қаулысымен
бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережесінің 19-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әділет аттестациялық комиссиясы туралы" Қазақстан
Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 8 қазандағы N 113
Бұйрығына
мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әділет аттестациялық комиссиясы жұмысының регламентіне:
5-тармақтағы "7" деген саны "5" деген санмен ауыстырылсын;
19-тармақтағы "5" деген саны "3" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы Бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр