Конкурстық басқарушысын тағайындау және қызметінен шеттету жөніндегі Ереженің бекітілуі туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 66 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 9 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1946.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы" Z970067_ Заңын іске асыру және құру тәртібі жөніндегі комитеттің өз қызметі шегінде банкроттық рәсімін өткізуге бақылау жүргізуді іске асыру мақсатында,
                                 БҰЙЫРАМЫН:
      1. Конкурстық басқарушысын тағайындау және қызметінен шеттету жөніндегі қоса берілген Ереже бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет Төрағасының орынбасары Н.Қ.Мақажановқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді.
 
      Төраға
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет Төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 66 бұйрығымен бекітілген
 
 
                           Конкурстық басқарушыны
                       тағайындау және шеттету туралы
                                   ереже
 
      Осы ереже "Банкроттық туралы" Z970067_ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету тәртібін және шартын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) белгілейді.
      1. Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлға конкурстық басқарушы болып тағайындалу қарастырылады.
      2. Комитеттің аумақтық органы төлем қабілеті жоқ ұйым банкроттың банкроттығы туралы іс бойынша өндірісті қозғау туралы сот айқындамасын енгізгеннен кейін Комитетке келісімге конкурстық басқарушының кандидатурасын береді және белгіленген нысан бойынша ақпараты бар құжаттарды (1 және 2-қосымшалар) береді. Берілетін құжаттарда Комитеттің аумақтық органдары немесе оның растығы үшін дербес жауапкершілікте болатын оның орнын ауыстыратын тұлғаның қолы болуы қажет.
      3. Келісімге берілетін құжатқа міндетті түрде төлем қабілеті жоқ ұйым банкроттың банкроттығы туралы іс бойынша өндірісті қозғау туралы сот айқындамасының көшірмесі қоса беріледі.
      4. Тиісті үлгіде ресімделмеген толық емес ақпараты бар құжаттар қаралмастан Комитеттің аумақтық органына қайтарылады.
      5. Құжаттарды Комитет қайтарған жағдайда, Комитеттің аумақтық органы үш күн ішінде басқа кандидатураны ұсынады.
      6. Конкурстық басқарушының кандидатурасына келісімнің оң қорытындысы кезінде Комитеттің аумақтық органы борышкеріне қатысты борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап үш күннен кешіктірмей конкурстық басқарушыға тиісінше тағайындайды.
      7. Табиғи монополия субъектілері немесе тауарлық рынокта басымдық (монополиялық) жағдайы бар не республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар рыноктың субъектілері болып табылатын, ұйымдардың негізін қалаушы, сондай-ақ мемлекеттің бастамасы бойынша банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық басқарушыны Комитет орталық атқарушы орган, уәкілетті органмен келісім бойынша, негізін қалаушы тиісті облыс (республикалық мәні бар қала, астана) Әкімі бойынша конкурстық басқарушыны тағайындайды.
      8. Комитеттің аумақтық органы қажет болған жағдайда, келісімге үштен кем емес кандидатураны ұсынуы мүмкін. Ұсынылған кандидатуралардың ішінен іріктеуді берілген материалдар негізінде өз құзыретінің шеңберінде және дерекқоры бар Комитет жүзеге асырады.
      9. Конкурстық басқарушыны тағайындау Комитеттің немесе Комитеттің аумақтық органының шешімі нысанында (3-қосымша) енгізіледі, басшы немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның қолы қойылады, мөрмен расталады және есеп кітабына тіркеледі.
      10. Комитеттің аумақтық органының:
      Заңның 9-бабының 4-тармағында көрсетілген негіздемелер;
      үміткердің сотталғандығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелмеген;
      банкрот ұйымға, оның құрылтайшыларына, кредиторларына немесе дебиторларына үміткердің қосылу фактілері;
      банкроттық рәсімдерде конкурстық ретінде қызметтің қанағаттандырмайтын қорытындылары (әлеуметтік кезектерді өтеудің төмен көрсеткіші, объективті себептерсіз жүргізу мерзімдерінің артуы);
      жеке сот айқындамалары болған кезде Комитетке кандидатураны келісімге ұсынуға құқығы бар.
      11. Конкурстық басқарушы бірнеше, бірақ төрттен артық емес банкрот ұйымдарға: конкурстық массасы бар бір және конкурстық массасы жоқ төрт ұйымға тағайындалады.
      12. Комитеттің аумақтық органы тоқсан сайын тиісті салық комитетімен бекітілген конкурстық массасы жоқ банкрот ұйымдардың тізімін Комитетке беріп отырады.
      Конкурстық массасы жоқ банкрот ұйымдардың тізімін Комитет қараған және келіскеннен кейін Комитеттің аумақтық органы Комитеттің келісімінсіз конкурстық басқарушыларды, бірақ бестен артық емес кәсіпорындарға тағайындалады.
      Осы тармақтың ережесі конкурстық массасы бар кәсіпорындарды таратуға әрекет ететін конкурстық басқарушыларды тағайындауды қарастырмайды.
      13. Конкурстық басқарушы борышкердің істері мен мүлкін басқарудан Заңның 9-бабының 5-тармақтарында көзделген негіздемелер болғанда шеттеледі.
      14. Конкурстық басқарушы жіберген, бірақ конкурс өндірісінің барысы мен қорытындысына әсер етпейтін бұзушылықтар анықталған жағдайда, Комитеттің аумақтық органдары ұқсас бұзушылықтарды жою және болдырмау қажеттігі туралы конкурстық басқарушыға жазбаша ескертуге құқылы.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет Төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 66 бұйрығымен бекітілген, конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету туралы ереженің 1-қосымшасы
 
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті
 
Конкурстық басқарушыны тағайындау туралы
ҚР МКМ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет Төрағасының 2002 жылғы _____ N ______ бұйрығына сәйкес ___________________ қаласы (облысы) бойынша _________________ сот банкроттық туралы іс бойынша өндіріс қозғауына қатысты төлем қабілеті жоқ конкурстық басқарушының кандидатурасын қарау және келісу үшін жіберіп отырмыз. ___________________________________________________________________________ N Конкурстық Ұйымның атауы Ескерту басқарушының аты-жөні ___________________________________________________________________________ 1. 2. 3. ___________________________________________________________________________ Қосымша: 1. Төлем қабілеті жоқ ұйымның паспорты, _______бет; 2. Банкроттық туралы іс бойынша өндіріс қозғау туралы сот айқындамасының көшірмесі ________ бет; 3. Басқалар. Басқарма бастығы _______________ _____________ (қолы) (аты-жөні) орынд.___________ тел._____________
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет Төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 66 бұйрығымен бекітілген, конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету туралы ереженің 2-қосымшасы
 
 
                   Төлем қабілеті жоқ ұйымның паспорты ___________________________________________________________________________ 1. Төлем қабілеті жоқ ұйымның атауы 2. Негізгі қызметі 3. Заңды мекен-жайы, өзге де деректемелері 4. Бухгалтерлік баланстың болуы (жылын көрсету), қаржы құжаттарының қосымшалары 5. Баланс бойынша негізгі қаражаттар* (мың теңгемен): ғимараттар мен құрылыстар (тізбе бойынша) темір жол тұйықталымы жабдық жылжымалы мүлік өзгелер тауарлық-материалдық қорлар (мың теңгемен) 6. Конкурстық массаның болмау себебі ___________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет Төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 66 бұйрығымен бекітілген, конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету туралы ереженің 3-қосымшасы
 
 
                                ШЕШІМ Конкурстық басқарушыны тағайындау туралы 1. "Банкроттық туралы" Z970067_ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңы, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің мәселелері" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508 P011508_ қаулысына сәйкес және ______________ қаласы (облысы) бойынша _________________ соттың 200_ жылғы "___"__________ ___________________________ банкрот деп тану туралы (ұйымның атауы) шешімінің негізінде ____________________ ____________________ ____________________________________ конкурстық (ұйымның атауы) (аты-жөні) басқарушы болып тағайындалсын. 2. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының талаптарына сәйкес конкурстық басқарушының міндеттемесін орындау ____________________________________ жүктелсін. (аты-жөні) 3. ________________________________________ конкурстық басқарушы (аты-жөні) "Банкроттық туралы" Z970067_ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 70-бабының талаптарын орындауды қамтамасыз етсін. 4. Конкурстық рәсімін жүргізуді бақылау _______________ облысы (Астана және Алматы қалалары) бойынша Комитетінің Басқармасы конкурстық өндіріс, конкурстық массаны сату және өткізу жоспарын жүргізуді бақылау жөніндегі бөлімнің бастығы ________________ жүктелсін. (аты-жөні) 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау _____________________ Комитеттің Басқарма бастығының орынбасарына жүктелсін. Комитет төрағасы (Басқарма бастығы) _______________ _____________ (қолы) (аты-жөні) Мамандар: Омарбекова А.Т. Багарова Ж.А.