"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 наурыздағы Заңының 1-бабын және "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 желтоқсандағы N 1668 қаулысын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Мүгедектiктi куәландырудың, оның себептерiн, топтарын және еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн анықтаудың ережесi бекiтiлсiн.
2. Әлеуметтiк қамсыздандыру және бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру департаментi директорының мiндетiн атқарушы (Баймұханов М.Х.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы департаменттерiне жеткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Х.М.Өтеулинаға жүктелсiн.
4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және 2002 жылғы 28 маусымнан бастап туындаған қатынастарға
қолданылады.
Министрдiң мiндетiн атқарушы
Келiсiлген:
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрiнiң
мiндетiн атқарушы
2002 ж. 2 тамыз
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау Министрi мiндетiн атқарушының
2002 жылғы 1 тамыздағы N 174-ө
бұйрығымен бекiтiлген
Мүгедектiктi куәландырудың, оның себептерiн,
топтарын және еңбекке қабiлетiн жоғалту
дәрежесiн анықтаудың
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мүгедектiктi куәландырудың, оның себептерiн, топтарын және еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн анықтаудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 21 желтоқсандағы N 1668 қаулысына сәйкес әзiрлендi және мүгедектiктi куәландырудың, себептерiн, топтарын және еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн анықтаудың тәртiбiн реттейдi.
2. Мүгедектiк себептерiн, топтарын еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн анықтауды, сондай-ақ мүгедектiң басталған уақытын белгiлеудi халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмше) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу жолымен жүзеге асырады.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
медициналық-әлеуметтiк сараптама - куәландырылатын адамның оңалтуды қоса алғанда ағзаның тұрақты бұзылуынан туындаған тiршiлiк әрекетiнiң шектелуiн бағалау негiзiнде әлеуметтiк қорғау шараларына мұқтаждығын белгiленген тәртiппен анықтау.
Медициналық-әлеуметтiк сараптама куәландырылатын адамның клиникалық-функционалдық, әлеуметтiк, кәсiптiк және психологиялық деректерiн осы Ережеде әзiрленген жiктемелер мен өлшемдердi пайдалана отырып талдау негiзiнде оның ағзасының жай-күйiн кешендi бағалауға сүйене отырып жүзеге асырылады;
куәландыру - медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу, оның басты мақсаты адам ағзасы функцияларының бұзылуынан тiршiлiк әрекетiнiң шектелуiн, денсаулығының өзгеруiн клиникалық-функционалдық және еңбек етуге қабiлетiн болжай отырып, сондай-ақ оңалту және әлеуметтiк қорғау шараларын анықтай отырып бағалау болып табылады;
тiршiлiк әрекетiнiң шектелуi - адамның өзiне өзi қызмет етуiн, өз бетiмен жүрiп-тұруын, бағдар алуын, қарым-қатынас жасауын, өзiнiң мiнез-құлқын бақылауын жүзеге асыру, оқу және еңбек қызметiмен айналысу мүмкiндiгiн толық немесе iшiнара жоғалтуы;
мүгедек - дене немесе ақыл-ой кемiстiгiнiң болуы салдарынан тiршілік әрекетiнiң шектелуiне байланысты әлеуметтiк көмек пен қорғауды қажет ететiн адам;
мүгедек бала - аурудың, жарақаттың, олардың зардаптарының, кемшiндiктiң салдарынан 16 жасқа толғанға дейiн ағза функциясы тұрақты бұзылған, денсаулығында тiршiлiк әрекетiнiң шектелуiне әкеп соқтырған кемiстiгi бар, әлеуметтiк көмектi қажет ететiн бала;
мүгедектердi оңалту - ағза функциясының тұрақты бұзылуынан тiршiлiк әрекетiнiң шектелуiн жоюға немесе олардың орнын барынша толығырақ толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтiк және кәсiптiк iс-шаралар жүйесi;
оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрi - ОЖБ) - оңалту шараларының нақты көлемiн, түрлерiн және мерзiмдерiн, сондай-ақ тиiстi меншiк нысандары мен шаруашылық жүргiзу тәсілдерiне қарамастан мемлекеттiк органдар, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар атқаруға мiндеттi болып табылатын әлеуметтiк көмектiң түрлерiн айқындайтын құжат.
2. Аумақтық бөлiмшенiң мүгедектiктi куәландыру, оның себептерiн, топтарын және еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн анықтау жөнiндегi негiзгi мiндеттерi мен функциялары
4. Негiзгi мiндеттерi:
1) азаматтарға мүгедектiк тобын, оның себептерiн, мүгедектiктiң басталған уақытын, еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн белгiлеу, 16 жасқа дейiнгi балаларға мүгедектiк белгiлеу;
2) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасын айқындау, әлеуметтiк көмектi, медициналық-әлеуметтiк оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарда оңалту iс-шараларын жүзеге асыруға жәрдемдесу және осы iс-шаралардың орындалуын, олардың тиiмділігiн бақылау;
3) мүгедектiктiң алдын алу медициналық-әлеуметтiк сараптама, мүгедектердi оңалту және әлеуметтiк қорғау саласында кешендi бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;
4) аумақтық бөлiмшеде куәландырылған мүгедектердiң мемлекеттiк статистикалық есебiн жүргiзу үшiн деректер қалыптастыру, мүгедектiк жай-күйiн, динамикасын және себептерiн талдау.
5. Негiзгi функциялары:
1) мүгедектiк себептерiн, топтарын белгілеу, 16 жасқа дейiнгi балалардың мүгедектiгiн ағзаның бұзылған қызметi дәрежесiнiң және тiршiлiк ету әрекетiнiң, еңбекке қабiлетiнiң шектелуi негiзiнде белгiлеу;
2) еңбек мiндеттерiн атқарумен байланысты жарақат алған, кәсiби ауруға шалдыққан, не денсаулығына өзге де зақым келген адамдардың кәсiби еңбекке қабiлетiн жоғалту деңгейiн және әлеуметтiк қорғаудың қосымша шараларын жүзеге асырудың қажеттiгiн анықтау;
3) жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен санаторий-курорттық емделуге, қосымша тамақтануға, күтiмге, соның iшiнде арнайы медициналық күтiмге, дәрi-дәрмектердi сатып алуға, науқас адамға күтiм жасау заттарына протез жасатуға, жүрiп-тұру құралдарына және басқа да көмек түрлерiне мұқтаж екендiгi туралы зардап шегушiлерге қорытындылар беру;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, қайтыс болған адамның отбасына әлеуметтiк төлемдер жүргiзу үшiн қайтыс болған адамның өлiмiнiң жарақат алуымен, кәсiби ауруға шалдығуымен және басқа да жағдайлармен себептi байланысын анықтау;
5) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын қалыптастыру және түзету, медициналық, әлеуметтiк және кәсiби оңалту жөнiндегi iс-шаралардың түрлерiн, нысандарын, мерзiмдерiн және көлемiн белгiлеу, оңалту iс-шараларының орындалуына мерзiмдiк бақылау, динамикалық қадағалау жүргiзу, осы iс-шаралардың тиiмдiлiгiн анықтау;
6) уақытша еңбекке жарамсыздық мерзiмiн қалпына келтiрiп емдеу кезеңiне ұзарту;
7) әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылатын жастағы адамдарды мүгедек деп танудың барлық жағдайлары туралы әскери комиссариаттарға мәлiметтер ұсыну;
8) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрiгерлерiне медициналық-әлеуметтiк сараптама және мүгедектердi оңалту жөнiндегi түрлi мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету, олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде iс-шаралар өткiзуге қатысу;
9) медициналық-әлеуметтiк сараптаманың осы заманғы, ғылыми қағидаттары мен тәсiлдерiн жұмыс практикасына енгiзу, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк сараптама жөнiндегi озық тәжiрибенi тарату және әдiстемелiк оқулықтар әзiрлеу.
3. Мүгедектiктi куәландыру, оның себептерiн, топтарын және еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн анықтау тәртiбi
6. Аурудың, жарақаттың немесе кемшiндiктiң салдарынан ағза қызметтерi тұрақты бұзылған, тiршiлiк ету әрекетi, еңбекке қабiлетi шектелген адамдар денсаулық сақтау мекемелерiнде тиiстi диагностикалық, емдеу және оңалту iс-шаралары жүргiзiлгеннен кейiн белгiленген тәртiппен аумақтық бөлiмшеде куәландырылуға жатады.
7. Адамдарды медициналық тексерудiң сапасы, оларды медициналық-әлеуметтiк сараптамаға жiберудiң уақытылығы мен негiзділігi үшiн жауапкершiлiк тиiстi денсаулық сақтау ұйымының басшысына жүктеледi.
8. Адамды медициналық-әлеуметтiк сараптамадан өткiзудi аумақтық бөлiмше тұрақты тұратын жерiнде немесе жұмыс орнында тиiстi денсаулық сақтау ұйымының жолдамасы бойынша жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғанда жүргiзедi. Егер адам денсаулық жағдайына байланысты куәландыруға келе алмаса, онда оны куәландыру дәрiгерлiк-консультация комиссиясының қорытындысы негiзiнде үйде, стационарда жүргiзiледi немесе оның келiсiмiмен немесе баланың ата-анасының (қамқоршысы, қорғаншысы) келiсiмiмен ерекше жағдайларда ғана (сырқатының қатты болуына байланысты ДКК қорытындысы бойынша) ұсынылған құжаттар негiзiнде сырттай жүргiзiледi.
9. Мүгедектi куәландыру, мүгедектiк себебiн, тобын және еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн анықтау ұсынылған мәлiметтердi (клиникалық-функционалдық, әлеуметтiк-тұрмыстық, кәсiптiк-еңбек және басқа деректердi) қарау, ауруды тексеру, ағзаның бұзылу қызметi, тiршiлiк ету әрекетi мен еңбекке қабiлетiнiң шектелу дәрежесiн бағалау жолымен жоғары бiлiмi бар кемiнде 3 маманның қатысуымен алқалы түрде жүргiзiледi. Куәландыру нәтижесi бойынша сараптама қорытындысы шығарылады.
Аумақтық бөлiмшелер сараптама қорытындысын куәландырылатын адамның құжаттары келiп түскен күннен бастап 15 күннен кешiктiрмей шығарады.
10. Аумақтық бөлiмше медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзген кезде азаматтарға мүгедектiк себебiн, тобын және еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн және 16 жасқа дейiнгi балаларға мүгедектiктi адамның денсаулық жағдайының кешендi бағасына және тiршiлiк ету, еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiне қарай жiктемелер мен өлшемдердi сақтай отырып белгiлейдi (1-3-қосымшалар), сондай-ақ мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасын (4-қосымша) айқындайды және зардап шегушiге қосымша көмек түрлерiне, соның iшiнде белгiлi бiр медициналық айғақтамалары болғанда жүрiп-тұру құралдарына (5-қосымша) мұқтаж екенi туралы қорытынды бередi.
11. Мүгедектiктiң себептерi мыналар болуы мүмкiн:
1) жалпы ауру;
2) еңбек жарақаты;
3) кәсiби сырқат;
4) бала кезiнен мүгедектiк;
5) әскери iс-қимылдарға қатысуына байланысты, әскери қызметiн өткеру кезiнде, әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде алған, әскери қызмет мiндеттерiн атқарумен байланысты емес жазатайым оқиға нәтижесiнде алған жаралану, контузия алу, жарақаттану, мертiгу, ауру, егер уәкiлеттi орган олардың себеп-салдарын анықтағанда;
6) төтенше экологиялық жағдайлар, соның iшiнде ядролық жарылыстар мен сынақтарды өткiзу кезiнде радиацияның әсерiне шалдығу нәтижесiнде және/немесе олардың салдарынан алған жарақат, ауру, уәкiлеттi орган олардың себеп-салдарын анықтағанда.
12. Ағза функцияларының бұзылуы және тiршiлiк ету әрекетiнiң шектелуi дәрежесiне қарай мүгедек деп танылған адамға бiрiншi, екiншi және үшiншi топтағы мүгедектiк, ал 16 жасқа дейiнгi балаға "мүгедек бала" санаты белгiленедi.
Еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалту дәрежесi процент есебiмен белгiленедi.
13. Мүгедектiк және еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесi: 6 айға, 1, 2 жыл мерзiмге немесе мерзiмсiз белгiленедi.
14. 16 жасқа дейiнгi балаға "мүгедек-бала" санаты 6 айға, 1, 2 жылға, 5 жылға және 16 жасқа дейiнгi мерзiмге белгiленедi.
15. Мүгедектiк мерзiмi және еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесi мүгедектiң оңалту әлеуетiне сәйкес жеке белгiленедi.
Белгiленген мүгедектiк мерзiмi мен еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесi қайта куәландыру белгiленген айдан кейiнгi айдың алғашқы күнiнде бiтедi.
16. Қайта куәландыру мерзiмi көрсетiлместен мүгедектiк пен еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесi:
қалпына келтiрiлмейтiн анатомиялық кемiстiктерi бар адамдарға (6-қосымша);
органдары мен ағза жүйесiнiң функциялары тұрақты, қалпына келтiрiлмейтiн өзгерiстерi және бұзылуы болғанда, жүргiзiлген оңалту iс-шаралары тиiмсiз болғанда аумақтық бөлiмшелер бiрiншi топтағы мүгедектi - кемiнде 4 жыл, екiншi топтағы мүгедектi - кемiнде 6 жыл уақыт бақылағаннан кейiн, жасы бойынша зейнеткерлерге белгiлейдi.
17. Адамды куәландыру үшiн қажеттi құжаттар (жеке басын куәландыратын құжат, тұратын жерi туралы құжат, медициналық ұйымның медициналық-әлеуметтiк сараптамаға жолдамасы, жазатайым оқиға немесе қызметкердiң еңбек қызметiне байланысты денсаулығының өзге де зақымдануы туралы актi, уәкiлеттi органдардың аурудың, жарақаттанудың себептерi туралы қорытындысы, амбулаторлық карта және медициналық құжаттардың басқа нысандары) аумақтық бөлiмшеге келiп түскен күн мүгедектiк белгiленген күн болып саналады.
Мүгедектiк тобы мен оны белгiлеген күн еңбекке жарамсыздық парағында немесе еңбекке жарамсыздық парағы берiлмеген жағдайларда уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын анықтамада көрсетiледi.
18. Мүгедек деп танылған адамға немесе оның заңды өкiлiне мүгедек баланың ата-анасына (қамқоршысына, қорғаншысына) аумақтық бөлiмшелер куәландыру нәтижесi бойынша мынадай құжаттарды бередi:
мүгедектiгi туралы анықтама;
"Мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасы" картасы;
еңбекке кәсiби қабiлетiн жоғалту дәрежесi туралы анықтама;
медициналық айғақтамасы болғанда жүрiп-тұру құралдарына мұқтаждығы туралы анықтама;
медициналық айғақтамасы болғанда көмектiң қосымша түрлерiне мұқтаждығы туралы анықтама.
19. Аумақтық бөлiмше куәландыру актiсiнiң көшiрмесiн және басқа да құжаттарды шешiм шығарылған күннен бастап 3 күн мерзiмде мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы тағайындайтын органдарға және әлеуметтiк көмек пен медициналық-әлеуметтiк оңалтуды жүзеге асыратын басқа да ұйымдарға жiбередi.
20. Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзген кезде сараптық, құқықтық және басқа да мәселелердi шешу үшiн консультанттар (педиатр, психолог, заң қызметкерi және басқа мамандар) тартылуы мүмкiн, оларға әкiмшiлiк шығыстарда көзделген қаражат есебiнен ақы төленедi.
21. Мүгедектер құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдар мен басқа да азаматтар заңда белгiленген материалдық, тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапқа тартылады.
4. Мүгедектердi қайта куәландыру, мүгедектiк себептерiн, топтарын және еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн анықтау тәртiбi
22. Мүгедектердi қайта куәландыру денсаулық сақтау ұйымы
берген жолдама бойынша мына жағдайларда жүргiзiледi:
1) мүгедектiк белгiленген уақыт бiткеннен кейiн;
2) оның денсаулығында өзгерiс пайда болғанда, ауруының (жарақат) себебi өзгергенде;
3) мүгедек мүгедектiк белгiленген мерзiмнен бұрын өтiнiш
жасағанда, бiрақ мүгедектiк мерзiмi бiтуге екi ай қалғаннан ерте емес;
4) аумақтық бөлiмшенiң қорытындысына шағым жасағанда;
5) аумақтық бөлiмше шешiмiнiң дұрыстығына бақылау жүргiзген кезде;
6) қорытындыны дұрыс бермеу немесе негiзсiз беру фактiлерi
белгiленген тәртiппен анықталғанда және мүгедектiк белгiлеуге негiз болған құжаттар жалған болғанда (соның iшiнде мүгедектiктi қайта
куәландыру мерзiмiн көрсетпей белгiлеу) жүргiзедi.
5. Аумақтық бөлiмшенiң сараптық қорытындысына шағымдану тәртiбi
23. Аумақтық бөлiмшенiң сараптық қорытындысына азамат немесе оның заңды өкiлi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа шағым жасай алады.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау
Министрi мiндетiн атқарушының
2002 жылғы 1 тамыздағы
N 174-ө бұйрығымен бекiтiлген
Мүгедектiктi куәландырудың,
оның себептерiн, топтарын
және еңбекке қабiлетiн жоғалту
дәрежесiн анықтаудың ережесiне
1-қосымша
Баланы 16 жасқа дейiн мүгедек ден танитын
медициналық айғақтамалар
1. 6 айға, 1 немесе 2 жылға дейiн мүгедектiк белгiленетiн функционалдық өзгерiстер мен паталогиялық күй:
1) операциядан кейiнгi кезеңде ұзақ мерзiмде қалпына келтiру және оңалту (6 айдан аса) iс-шараларын талап ететiн күй;
2) бүйрек функциясының айқын бiлiнетiн тұрақты бұзылуы, бүйрек тiнiндегi патологиялық процесс белсендiлiгiнiң жоғарғы дәрежесi;
3) ұзақтығы 2 айдан асатын гемаррогиялық васкулит кезiнде пайда болатын патологиялық жағдай (ауруы асқыну ағымындағы екi және одан көп синдромдардың қосарлануы);
4) процестiң 3 айдан асатын жоғары белсендiлiктегi дәнекер болатын тiннiң диффуздық зақымдануынан туындаған патологиялық күйі;
5) баланың ұзақ терапевтикалық түзеудi талап ететiн өмiршеңдiк көрсеткiштерi бойынша (зат алмасу, иммундық, қан тамырларының зақымдануы, қан формуласының өзгеруi және т.б.) қолданылған әсерi күштi препараттарды ұзақ (3 айдан аса) уақыт пайдаланудан туындаған патологиялық жағдайы;
6) жүрек-тамыр жүйесi, орталық жүйке жүйесi және басқа да жүйелер мен органдардың асқынуы айқындала бастаған кездегi орта дәрежедегi қант диабетi;
7) коагулопатия және тромбоцитопатияға байланысты жатырдан дисфункциялық қан кетуi;
8) тұрақты әлеуметтiк дезадаптацияға соқтыратын орталық жүйке жүйесiнiң туа бiткен немесе пайда болған резидуалдық-органикалық зақымдануы;
9) бас сүйегiнiң-миының жарақаттануынан, нейроинфекциядан кейiн пайда болатын психикалық, қозғалыс, сөйлеу қабiлеттерiнiң айқын бұзылуы;
10) сөзiнiң, көруiнiң, естуiнiң немесе оларсыз жүрiс-тұрысының айқын бiлiнетiн бұзылуы (аяқтың, қолдың немесе бiрнешеуi, шала сал болуы, плегиялары, тұрақты гиперкинездер, қозғалыс үйлесiмiнiң бұзылуы және т.б.);
11) сөйлеу қабiлетiнiң тұрақты бұзылуы (аллалия, афазияның түзеуге келмейтiн түрi), дизартрия мен кекештенудiң ауыр дәрежесi;
12) тұрақты әлеуметтiк дезадаптацияға әкелетiн мiнез-құлқының патологиясы, эмоционалдық-жiгер аясының бұзылуы;
13) тұрақты терапевтикалық резистенттiк эпилептиформалық жағдайлар (айына 1 және одан да көп ұстамасы болатын), жиi болатын шағын және тырыспасыз болатын ұстамалар (аптасына 2-3 рет);
14) ұзақтығы 6 айға және одан да ұзаққа созылатын созылмалы психопатиялық жағдай;
15) есту, көру, сөйлеу қабiлеттерiнiң, жүрiп-тұру аппаратының, басқа органдар немесе жүйелер функцияларының айқын бұзылуымен және мiнез-құлқының патологиялық түрiмен қоса болатын ақыл-ой кемiстiгi;
16) 4 дәрежедегi май басу;
17) көбiрек көретiн көздiң көру қабiлеттiлiгiнiң (түзетуге болатын) 0,2 дейiн төмендеп кетуi немесе көбiрек көретiн көздiң көру аумағы бiр нүктеден барлық бағыттарда 25 градусқа дейiн тарылуы;
18) 3-4 дәрежедегi кереңдiлiк;
19) туа бiткен немесе пайда болған кеңiрдек, көмекей ауруларының салдарында трахеотомикалық түтiкшесiз өз еркiмен дем ала алмауы;
20) жылына 6 және одан да көп ұстама болатын және ұстама болғаннан кейiн асқынуы түзеуге жататын бронхиалдық астма;
21) iшек-қарын жолы, бауырдың және өт шығу жолдарының дамуының кемiстiгi немесе кеселдерi кезiндегi тамақ қорыту органдары функцияларының айқын бiлiнетiн бұзылуы;
22) белгiлi бiр жасқа дейiн операция жасауға болмайтын бiрiккен немесе күрделi жүрек ақаулары мен iрi-қан тамырларының даму ақауларының жүрек-тамыр жұмысының 1-2 дәрежедегi кемiстiгi;
23) 1-2 дәрежедегi iркiлген жүрек жетiспеушiлiгi, созылмалы айқын бiлiнетiн гипоксемия, жүрек функцияларымен байланысты, соның iшiнде кардиостимулятор имплантация жасалғаннан кейiнгi синкопалдық жағдай;
24) дене қозғалысының айқын шектелуiне және әлеуметтiк дезадаптацияға әкелетiн терi қабығының және/немесе шырышты қабықтың көлемдi зақымдануы (жара болу, эритродермия, айқын қышыну, тыртық өзгерiстерi, папилломатоз және басқалар);
25) туа бiткен немесе тұқым қуалаған қан ауруларына байланысты гемоглобиннiң 100 г/л аз төмендейтiн, жылына бiр реттен артық болатын анемиялық криздер;
26) қатерсiз iсiктiң нәтижесiнде орган функцияларының айқын бұзылуы және/немесе косметикалық кемiстiк;
27) зәр мен үлкен дәреттiң тұрақты тоқтамауы, хирургиялық түзеуге келмейтiн немесе мерзiмi бойынша хирургиялық емдеуге жатпайтын iшек, қуық және қуық-жыныстық терең жаралар.
2. Мүгедектiк 5 жылға дейiнгi мерзiмге белгiленетiн функционалдық өзгерiстер мен патологиялық жағдайлар:
1) арнаулы диета сақтауды талап ететiн, туа бiткен тұқым қуалаған зат алмасуының аурулары (фенилкетонурия, целиакция және басқасы) бiрқалыпты тұрақтануына дейiн;
2) тiршiлiк етудiң бұзылуына және әлеуметтiк дезадаптацияға әкеп соқтыратын туа бiткен, тұқым қуалаған аурулар мен синдромдар;
3) өткiр лейкоз, лимфогрануломатоз;
4) даму сатысы, орныққан орнына қарамастан хирургиялық және басқаша емделген қатерлi iсiктер;
5) операция жасауға жатпайтын немесе операция жасалған гидроцефалия;
6) сүйек тiнiнiң кең тараған айқын бiлiнетiн деструкциялары (остеопороз, шемiршек қосындылары), бұлшық еттердiң патологиялық өзгерiстерi (миофибр, диффузды кальциноз) сүйектердiң, буындардың, бұлшық еттердiң қисаюына, қайталама патологиялық сынуына, аяқ-қол функцияларының 2-3 дәрежеде бұзылуына соқтыруы;
7) омыртқа мен кеуде қуысының, бiр немесе бiрнеше аяқ-қол буындарының тартылып бiтуi мен шор болып бiтуi, iрi сүйектерiнiң жалған буындарының 3-4 дәрежедегi қисаюы нәтижесiнде жүрiп-түру аппараты функциясының бұзылуы;
8) аяқ-қолдың немесе олардың сегменттерiнiң туа бiткен кемiстiгi салдарынан функцияларының айқын бiлiнетiн бұзылуы (мутиляция, тартылып бiтуi, синдактилия, артропатия және басқасы);
9) туа бiткен бет органдарының толық немесе iшiнара аплазиясы, бет скелетiнiң және жұмсақ тiнiнiң кейiннен пайда болған кемiстiгiне немесе қисаюына байланысты дем алу, шайнау, жұтыну, сөйлеу функцияларының айқын бiлiнетiн бұзылуы.
3. 16 жасқа жеткенге дейiнгi мерзiмге мүгедектiк белгiленетiн функционалдық өзгерiстер мен патологиялық жағдайлар:
1) аяқтың, қолдың немесе олардың бiрнешеуiнiң шала сал болуы немесе терең сал болуы, тұрақты гиперкинездер (қос атетоз, хореатетоз), қозғалыс үйлесiмiнiң айқын бұзылуы;
2) екi және одан да көп жылдар бойы болатын тұрақты терапевтiк резистенттi тырыспалар.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау
Министрi мiндетiн атқарушының
2002 жылғы 1 тамыздағы
N 174-ө бұйрығымен бекiтiлген
Мүгедектiктi куәландырудың,
оның себептерiн, топтарын
және еңбекке қабiлетiн жоғалту
дәрежесiн анықтаудың ережесiне
2-қосымша
Ағзаның негiзгi функцияларының бұзылуын және тiршiлiк
әрекетiнiң шектелуiн жiктеу
1. Адам ағзасының негiзгi функцияларының бұзылуын жiктеу:
1) ағзаның психикалық функцияларының бұзылуы (қабылдауы, назары, еске сақтауы, ойлауы, сөйлеуi, сезiнуi, ерiк-жiгерi);
2) сезiну функцияларының бұзылуы (көру, есту, иiс сезу, түйсіну);
3) статодинамикалық функцияларының бұзылуы;
4) қан айналымы, дем алу, ас қорыту, бөлiну, зат алмасуы мен iшкi секреция энергиясы функцияларының бұзылуы.
2. Ағза функциялары бұзылуының айқын көрiну дәрежесiне қарай жiктеу:
1) бiрiншi дәреже - функциялардың шамалы бұзылуы;
2) екiншi дәреже - функциялардың орташа бұзылуы;
3) үшiншi дәреже - функциялардың айқын бұзылуы;
4) төртiншi дәреже - функциялардың едәуiр немесе қатты айқын бұзылуы.
3. Тiршiлiк әрекетiнiң негiзгi санаттарын жiктеу:
1) өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттiлiгi - негiзгi физиологиялық қажеттiктерiн өз бетiмен қанағаттандыра алу, күнделiктi тұрмыстық әрекет жасау және жеке гигиена дағдыларын орындай алу қабiлеттiлiгi;
2) өз бетiмен жүрiп-тұруға қабiлеттiлiгi - кеңiстiкте өз бетiмен қозғала алу, кедергiлерден өту, өзi орындайтын тұрмыстық, қоғамдық, кәсiптiк қызметтер шегiнде денесiн тепе-тең қалпында ұстай бiлу қабiлеттiлiгi;
3) оқуға қабiлеттiлiгi - бiлiмдi қабылдап, түсiне алуға (бiлiмдiлiк, кәсiптiк және т.б.) дағдылар мен машықтарды игеруге (әлеуметтiк, мәдени және тұрмыстық) қабiлеттiлiгi;
4) еңбек етуге қабілеттiлiгi - жұмысты орындау, мазмұнына, көлемiне және шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес iс-әрекетiн жүзеге асыру қабiлеттiлiгi;
5) бағдарлай бiлу қабiлеттiлiгi - уақытты және кеңiстiктi бағдарлай бiлу қабiлеттілiгi,
6) қарым-қатынас жасауға қабiлеттiлiгi - ақпараттарды қабылдау, зерделеу және беру арқылы адамдар арасында қатынас орнатуға қабілеттiлiгi;
7) өзiнің мiнез-құлқын бақылауға қабiлеттiлiгi - өзiн сезiне бiлуге және әлеуметтiк құқықтық нормаларды ескере отырып, бара-бар мiнез-құлыққа қабiлеттігi.
4. Тiршілік әрекетiнiң шектелуiн көрiну дәрежесiне қарай жiктеу:
1) өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттілiгiнiң шектелуi:
бiрiншi дәреже - қосымша құралдарды пайдалана отырып, өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттiлiгі;
екіншi дәреже - қосымша құралдарды пайдалана отырып және (немесе) басқа адамдардың көмегiмен өзiне өзi қызмет көрсетуге қабiлеттiлiгi;
үшіншi дәреже - өзiне өзi қызмет көрсетуге қабiлетсiздiгі және басқа адамдарға толығынан тәуелдi болу;
2) өз бетiмен жүрiп-тұру қабілеттілiгiнiң шектелуi:
бiріншi дәреже - тым көп уақыт жұмсап және қашықтықты қысқарту арқылы өз бетiмен жүріп-тұруға қабiлеттiлiгi;
екiншi дәреже - қосымша құралдарды пайдалана отырып және (немесе) басқа адамдардың көмегімен өз бетiмен жүрiп-тұруға қабiлеттілігi;
үшiншi дәреже - өз бетiмен жүріп-тұруға қабiлетсiздiгi және толығынан басқа адамдарға тәуелдi болу;
3) оқуға қабiлеттiлігінің шектелуi:
бiрiншi дәреже - арнайы оқу процесiнiң күн тәртiбiн сақтай отырып, және (немесе) қосымша құралдарды пайдаланып, және (немесе) басқа адамдардың көмегiн пайдалана отырып, жалпы үлгiдегi оқу орындарында оқу қабiлеттілiгi;
екiншi дәреже - арнайы оқу орындарында ғана немесе үйде арнайы бағдарлама бойынша оқуға қабiлеттiлiгi;
үшiншi дәреже - оқуға қабiлетсiздiгi;
4) еңбекке араласу қабiлеттiлiгінің шектелуi:
бiрiншi дәреже - бiлiктiлiгін төмендеткен немесе өндiрiс қызметiнiң көлемiн азайтқан жағдайда, еңбек қызметiн орындауға қабiлеттiлiгi, өз мамандығы бойынша жұмысты орындау мүмкiндiгiнiң жоқтығы;
екiншi дәреже - қосымша құралдарды пайдаланып, арнайы жасалған жағдайларда және (немесе) арнайы жабдықталған жұмыс орындарында және (немесе) басқа адамдардың көмегiмен еңбек қызметiн орындауға қабiлеттiлiгi;
үшiншi дәреже - еңбекке араласуға қабiлетсiздiгi;
5) айналасын бағдарлауға қабiлетiнiң шектелуi;
бiрiншi дәреже - қосымша құралдарды пайдалану арқылы айналаны бағдарлауға қабілеттiлiгi;
екiншi дәреже - өзге адамдардың көмегiмен айналаны бағдарлауға қабiлеттiлiгi;
үшiншi дәреже - айналаны бағдарлау қабiлетсiздiгi (дезориентация);
6) қарым-қатынас жасау қабiлеттiлiгiнiң шектелуi:
бiрiншi дәреже - ақпаратты ұғыну, қабылдау және беру жылдамдығының азаюымен, көлемiнiң төмендеуiмен сипатталатын қарым-қатынас жасау қабiлеттiлiгi;
екiншi дәреже - қосымша құралдарды пайдаланып және (немесе) басқа адамдардың көмегiмен қарым-қатынас жасау қабiлеттiлiгi;
үшiншi дәреже - қарым-қатынас жасауға қабiлетсiздiгi;
7) өзiнің мiнез-құлқын бақылау қабiлеттілiгiнің шектелуi:
бiрiншi дәреже - өзiнiң мiнез-құлқын өз бетiмен бақылау қабілеттiлiгiнiң ішінара төмендеуi;
екiншi дәреже - өзiнiң мiнез-құлқын тек қана басқа адамдардың көмегiмен iшiнара немесе толық бақылау қабiлеттiлiгi;
үшiншi дәреже - өзiнiң мiнез-құлқын бақылауға қабiлетсiздiгi.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау
Министрi мiндетiн атқарушының
2002 жылғы 1 тамыздағы
N 174-ө бұйрығымен бекiтiлген
Мүгедектiктi куәландырудың,
оның себептерiн, топтарын
және еңбекке қабiлетiн жоғалту
дәрежесiн анықтаудың ережесiне
3-қосымша
Мүгедектiк топтарын анықтаудың өлшемдерi
1. Адамды мүгедек деп тану үшiн:
1) ағза функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулықтың нашарлауы;
2) тiршiлiк ету қабiлетiнiң шектелуi (адамның өзiне өзi қызмет ету, өз бетiмен жүрiп-түру, айналасын бағдарлау, қарым-қатынас жасау, өзiнiң мiнез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметiне араласуды жүзеге асыру қабiлеттiлiгiнiң немесе мүмкiндiгiнiң толық немесе iшiнара жоғалуы);
3) әлеуметтiк қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттi негiз болып табылады.
Ағзаның жас мөлшерiне қарай өзгеруi мүгедектiк тобын анықтауға негiз бермейдi.
2. Тiршiлiк ету әрекетiнiң төмендегi санаттарының бiрiнiң айқын көрiнуiне немесе оның ұштасуына әкеп соқтыратын аурудан,
жарақаттар салдарынан немесе кемшiндiктерден болатын ағза функцияларының қатты немесе кенеттен бұзылуы бiрiншi топтағы мүгедектiктi белгілеу үшiн өлшем болып табылады:
үшiншi дәрежеде өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттiлiгi;
үшiншi дәрежеде жүрiп-тұру қабiлеттiлiгi;
үшiншi дәрежеде айналасын бағдарлай бiлу қабiлеттiлiгi;
үшiншi дәрежеде өзiнiң мiнез-құлқын бақылау қабiлеттiлiгi.
3. Тiршiлiк ету әрекетiнiң төмендегi санаттарының бiрiнiң айқын көрiнуiне немесе оның ұштасуына әкеп соқтыратын аурудан,
жарақаттар салдарынан немесе кемшiндiктерден болатын ағза функцияларының қатты немесе кенеттен бұзылуы бiрiншi топтағы мүгедектiктi белгiлеу үшiн өлшем болып табылады:
екiншi дәрежеде өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттiлiгi;
екiншi дәрежеде жүрiп-тұру қабiлеттiлiгi;
екiншi, үшiншi дәрежеде оқуға қабiлеттiлiгi;
екiншi, үшiншi дәрежеде еңбек ету қабiлеттiлiгi;
екiншi дәрежеде айналасын бағдарлау қабiлеттiлiгi;
екiншi дәрежеде өзiнiң мiнез-құлқын бақылау қабiлеттiлiгi.
4. Тiршiлiк ету әрекетiнiң төмендегi санаттарының бiрiнiң айқын көрiнуiне немесе оның ұштасуына әкеп соқтыратын аурудан,
жарақаттар салдарынан немесе кемшiндiктерден болатын ағза функцияларының қатты немесе кенеттен бұзылуы бiрiншi топтағы мүгедектiктi белгiлеу үшiн өлшем болып табылады:
бiрiншi дәрежеде өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттiлiгi;
бiрiншi дәрежеде жүрiп-түру қабiлеттiлiгi;
бiрiншi дәрежеде еңбек ету қабiлеттiлiгi;
бiрiншi дәрежеде оқуға қабiлеттiлiгi;
бiрiншi дәрежеде қарым-қатынас жасау қабiлеттiлiгi;
бiрiншi дәрежеде өзiнiң мiнез-құлқын бақылау қабiлеттiлiгi.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау
Министрi мiндетiн атқарушының
2002 жылғы 1 тамыздағы
N 174-ө бұйрығымен бекiтiлген
Мүгедектiктi куәландырудың,
оның себептерiн, топтарын
және еңбекке қабiлетiн жоғалту
дәрежесiн анықтаудың ережесiне
4-қосымша
МYГЕДЕКТI ОҢАЛТУДЫҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
N _____ МӘС бөлiмiнiң куәландыру актiсiне
N ________ карта
"Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңына сәйкес жасалған мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасын орындау тиiстi мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға, мекемелерге және меншiк нысанындағы кәсiпорындарға жүктеледi.
1.Т.А.Ә._________________________________________________________
2. Жынысы________________________________________________________
3. Күнi, туған жылы _____________________________________________
4. Тұрақты мекен-жайы____________________________________________
5. Бiлiмi________________________________________________________
6. Кәсiбi________________________________________________________
7. Жұмыс орыны___________________________________________________
8. Мамандығы_____________________________________________________
9. Бiлiктілiгi (разряд, санаты, атағы)___________________________
10. Әлеуметтiк-тұрмыстық мәртебесi (астын сызу): жалғыз басты, отбасы бар (отбасы мүшелерiнiң саны), асыраушы, бiреудiң асырауында, жетiм.
11. Әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi (астын сызу): жұмыс iстейдi, жұмыс iстемейдi, жұмыссыз, зейнеткер (жасы бойынша, еңбек сіңiрген жылдарына байланысты)
12. Әлеуметтiк-орта жағдайлары (астын сызу): меншiк үйi немесе пәтерi, коммуналдық пәтерде бөлме, жалға алған жеке пәтер немесе бөлме, жалпы ауданы ______ шаршы метр, ______ қабат, ______ лифт,______ пандус ______
12.1. Орталықтан жылыту; әкелiнетiн шикiзатты пайдаланып жылыту (астын сызу).
13. Табыс көздерi (жалақы, стипендия, жасы бойынша, еңбек сiңiрген
жылдары үшiн зейнетақы, әлеуметтiк жәрдемақылар және басқасы) ___
__________________________________________________________________
14. Мүгедектiк тобы_______________________________________________
15. Жылдар бойынша мүгедектiк динамикасы__________________________
__________________________________________________________________
16. Мүгедектiктiң жалпы ұзақтығы _________________________________
17. Аурулардың халықаралық сыныптамасының Х қайта қарауы бойынша
клиникалық диагноз________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
18. Клиникалық болжау ____________________________________________
19. Оңалту әлеуетiн бағалау (астын сызу) жоғары, қанағаттанарлық, төмен.
19.1. Жағдайы: ___________________________________________________
- дене дамуы _____________________________________________________
- психофизикалық белсендiлiгi ____________________________________
- эмоционалдық тұрақтылығы________________________________________
20. Оңалту болжамы (астын сызу): қолайлы, бiр шама қолайлы, күмәндi.
21. Оңалту iс-шараларын өткiзу үшiн берілетін көрсеткiштер:
____________________________________________________________________
Өмiр сүру қабілетiнiң |Жатады | Жатпайды
шектелуі | |
____________________________________________________________________
|қалпына | өтеуге |қалпына |өтеуге
|келтіруге| |келтіруге|
____________________________________________________________________
қабілеттігі
өзi өзiне қызмет көрсету (1,2,3
дәрежеде)
жүріп-тұру (1,2,3 дәрежеде)
бағдарлау (1,2,3 дәрежеде)
сөйлесу (1,2,3 дәрежеде)
оқу (1,2,3 дәрежеде)
еңбек ету (1,2,3 дәрежеде)
өзiнiң мiнез-құлқын
қадағалау (1,2,3 дәрежеде)
____________________________________________________________________
22. Оңалту-сараптау қорытындысы (мүгедектің оңалту шараларын қажет ететіні туралы, оңалту іс-шараларын өткізу үшiн берілетін көрсеткiштер туралы):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
23. Оңалту бағдарламасы
____________________________________________________________________
Iс-шаралар, | Ұсынымдар | Нәтижесі |
қызметтер, | | |Іс-шараның
техникалық | | |орындалма.
құралдар | | |ғаны және
| | |орындалмау
| | |себебi
| | |туралы
| | |белгi
____________________________________________________________________
|Орын.|Оңал.|Орын. |Көлемі|Бол.| қол |
|даушы| ту | дау | |жан.| жет. |
| |ныса.|мерзі.| |ған |кізіл.|
| | ны | мі | | | ген |
____________________________________________________________________
23.1. Медициналық
оңалту:
а) стационарлық
емдеу (еселiлiгi,
бейiнi);
б) ауруханада
емдеу;
в) диспансерлiк
бақылау;
г) қалпына
келтiру терапиясы
23.2. Кәсiби
оңалтy:
а) жұмысқа
орналастыру
- күнделiктi
жағдайда;
- арнайы құрылған
жағдайда;
- үйiнде;
б) жалпы бiлiм
алу үшiн оқу
(қайта оқу);
в) кәсiби бiлiм
алу қажеттiлiгi
(ВУЗ,
техникум, КТУ,
курстар);
г) жұмысқа
орналасуға
жәрдемдесу;
д) мүгедек үшiн
арнаулы жұмыс
орнын құру
23.3. Әлеуметтiк-
психологиялық
оңалтy:
а) аймақтық
орталықтың
қызмет көрсетуi;
б) тұрмыста
және еңбек
қызметiнде
пайдалану үшiн
протез-
ортопедиялық
және т.б.
қосалқы
техникалық
құралдармен
қамтамасыз ету;
в) жүріп-тұру
құралдарымен
қамтамасыз ету;
г) заттай және
материалдық
көмек көрсету;
д) мүгедектер
қоғамына мүше
болу
__________________________________________________________________
* Аталған iс-шаралар, қызметтер, техникалық құралдар тiзбесi жобаланып көрсетiлген
24. Рұқсат етiлетiн еңбек жағдайларының сипаты_____________________
___________________________________________________________________
Мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұнымен келiсемiн:
Мүгедек __________________________________ ____________________
(Т.А.Ә) (қолы)
Бас маман-реабилитолог
___________________ ____________________
(Т.А.Ә) (қолы)
N МӘС бөлiмiнiң
бастығы
___________________ ____________________
(Т.А.Ә) (қолы)
мөртабан орны
МYГЕДЕКТI ОҢАЛТУДЫҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ
Мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы:
- толық_____________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
- iшiнара___________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
- орындалған жоқ____________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Медициналық оңалту бағдарламасын iске асыру нәтижелерi:
- бұзылған функцияларының қалпына келтiрiлуi________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
-түзетiлдi__________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
- оң нәтиже байқалған жоқ___________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Әлеуметтiк және кәсiби оңалту бағдарламаларын iске асырудың нәтижелерi:
- өзi өзiне қызмет көрсетуiнiң қамтамасыз етiлуi____________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
- кәсiпке ие болуы__________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
- жұмыс орнына ие болуы_____________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
- оң нәтижелер байқалған жоқ________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бас маман-реабилитолог
___________________ ____________________
(Т.А.Ә) (қолы)
N МӘС бөлiмiнiң
бастығы
___________________ ____________________
(Т.А.Ә) (қолы)
мөртабан орны
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау
Министрi мiндетiн атқарушының
2002 жылғы 1 тамыздағы
N 174-ө бұйрығымен бекiтiлген
Мүгедектiктi куәландырудың,
оның себептерiн, топтарын
және еңбекке қабiлетiн жоғалту
дәрежесiн анықтаудың ережесiне
5-қосымша
Мүгедектердi жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету
үшiн берiлетiн медициналық айғақтамалардың тiзбесi
1. Бөлмеде жүрiп-тұратын кресло-арба:
1) Созылмалы қан айналымы жетiспеушiлiгінiң үшiншi дәрежесi;
2) өкпе-жүрек жетiспеушiлiгінiң үшiншi дәрежесi;
3) гемиплегия, гимипарездiң айқындалған түрi;
4) параплегия, төменгі парапарездiң айқындалған түрi;
5) триплегия, трипарездiң айқындалған түрi;
6) тетраплегия, тетрапарездiң айқындалған түрi;
7) аса айқындалған атаксия, гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;
8) екi балтырдан немесе одан да жоғарырақ жерден келте болуы;
9) аяқтардың буындарының ревматоидты қабынуынан болған функцияларының 4-дәрежедегi жеткiлiксiздiгi;
10) аяқтардың туа бiткен кемiстiгiнен жүрiп-тұрудың айқын түрде бұзылуы;
11) Паркинсонизм, акинеттiк-регидтiк түрi.
2. Серуендеуге арналған кресло-арба:
1) гимеплегия, гемипарездiң айқындалған түрi;
2) параплегия, төменгі парапарездiң айқындалған түрi;
3) триплегия, трипарездiң айқындалған түрi;
4) тетраплегия, тетрапарездiң айқындалған түрi;
5) екi балтырдан немесе одан да жоғарырақ жерден келте болуы;
6) аяқтардың буындарының ревматоидты қабынуынан болған функцияларының 4-дәрежедегi жеткiлiксiздiгi;
7) аяқтардың туа бiткен кемiстiгінен жүрiп-тұрудың айқын түрде бұзылуы;
Мүгедектерге арналған автокөлiк;
1) өкпе-жүрек жетiспеушiлiгінiң екiншi дәрежесi;
2) бiр аяқтың сал болуы немесе айқын шала сал болуы;
3) параплегия, аяқ парапарезiнiң айқындалған түрi;
4) гемиплегия, гемипарездiң айқындалған түрi;
5) аяқтардың тромбо-облитерация ауруларының күре тамырларының созылмалы жетiспеушiлiгiнiң 2 және одан да жоғары дәрежесi;
6) аяқтардың көк тамыр ауруларының созылмалы көк тамыр жетiспеушiлiгiнiң 2-3 дәрежесi;
7) бiр аяқтың немесе екi бiрдей аяқтың кемiнде екi iрi буынының қозғалмай шор болып немесе қолайсыз бiтуi;
8) Шарп әдiсi бойынша екi табанның бiрдей келтелiлiгi (табан сүйектерiнiң басын кесiп тастау) және екi табанның жоғарырақ жерiнен келте болуы;
9) аяқтың балтырдан келте болуы немесе мейiлiнше жоғары келте болуы;
10) жамбас пен сан буындарының кейiннен пайда болған шығуы;
11) жамбас пен санның немесе тiзенiң жансыз болып қалған буындары;
12) жамбас пен сан буынының шор болып бiтуi немесе айқын көрiнетiн қолайсыз бiтуi (қозғалу көлемi 10 градустан кем);
13) тiзе буынының 150 градустан кем және 170 градустан артық шор болып бiтуi немесе айқын көрiнетiн функционалды қолайсыз болып бiтуi;
14) екi аяқтың да сирақ буындарының шор болып қатып қалуы немесе айқын көрiнетiн қолайсыз болып бiтуi;
15) екi сан немесе екi балтыр сүйектерiнiң 170 градустан кем болып дұрыс бiтпеген сынықтары;
16) аяқтардың екi және одан да көп сүйектерiнiң созылмалы iрiңдеп-қабынуы (2 жылдан астам), жарықшақтанып шiруi, терең жара болуы;
17) жалған буын немесе ортан жiлiк, балтырдың екi бiрдей сүйегінiң көлемдi кемiстiгi (сүйектiң көлденең немесе шет жағынан бастап жартысынан астам бүлiнуi) немесе балтырдың жiлiгінiң жоғарыда айтылған ақауы мен жiлiнiшiгiнiң 170 градустан кем болып қолайсыз бiтуi;
18) бiр аяқтың 10 сантиметрге және одан да көп кем болуы;
19) жарақаттанудың салдарынан ұзақ уақыт бойы жазылмайтын (6 айдан астам) немесе жиi қайталанатын балтырдағы 20 шаршы сантиметр, табанның үстiңгi жағындағы 10 шаршы сантиметр, табандағы кемiнде 2 шаршы сантиметр және одан да көп көлемдi трофикалық жаралар;
20) омыртқа сүйектерiнiң 4-дәрежеде қисайып функцияларының айқын бұзылуы.
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау
Министрi мiндетiн атқарушының
2002 жылғы 1 тамыздағы
N 174-ө бұйрығымен бекiтiлген
Мүгедектiктi куәландырудың,
оның себептерiн, топтарын
және еңбекке қабiлетiн жоғалту
дәрежесiн анықтаудың ережесiне
6-қосымша
Қайта куәландыру мерзiмi көрсетiлместен
үшiншi топтағы мүгедектiк белгiленетiн анатомиялық
кемiстiктердiң тiзбесi
1. Қолдың кемiстiктерi мен ақаулары:
1) алақанның және қолдың жоғарырақ жерiнен келте болуының мейлiнше жоғары деңгейi;
2) бұлшық еттiң тартылуы (буынның 10 градусқа дейiн мөлшерде қозғалуы) немесе шынтақ буынының қолайсыз бiтуi (кемiнде 60 немесе 150 градустан астам) немесе бiлектiң алақанға төмен қаратылып немесе жоғары қаратылып бiтуi;
3) кескеннен кейiн жансыз болып қалған иық және шынтақ буындары;
4) операция жасауға жатпайтын, иықтың немесе бiлектiң екi сүйегiнiң жалған буындары;
5) алақанның бiрiншi саусақты қоспағанда төрт саусағының барлық буындарының болмауы;
6) алақанның бiрiншi саусақты қосқанда үш саусағының барлық буындарының болмауы;
7) алақанның бiрiншi саусақты қоспағанда төрт саусағының
немесе бiрiншi саусақты қосқанда үш саусағының шор болып бiтуi немесе айқын көрiнетiн функционалды қолайсыз (қозғалтудың 5-8 градусқа шектелуi) болып бiтуi;
8) алақанның бiрiншi және екiншi саусақтарының алақан сүйектерiмен қоса болмауы;
9) екi алақанның да бiрiншi саусақтарының болмауы.
2. Аяқтың кемiстiктерi мен ақаулары:
1) саннан немесе балтырдан келте болу;
2) Шопар буынының ақаулы келтелiлiгi, Пироговтiң әдiсi бойынша кесiлген табанның келтелiгi;
3) Шарп әдiсi бойынша екi табанның табан сүйектерiнiң басын кесiп тастағаннан келте болып қалуы;
4) сирақ буынының шор болып немесе айқын бiлiнетiн қолайсыз бiтуiне байланысты табанның қисаюы немесе екi сирақ буындарының шор болып бiтуi;
5) операция жасауға жатпайтын санның немесе балтырдың екi сүйегінiң де жалған буыны;
6) кескеннен кейiн жамбас пен санның жансыз болып қалған буыны;
7) жамбас пен сан буынының шор болып немесе функционалды
қолайсыз болып бiтуi (170 градустан астам және 150 градустан кем);
8) жамбас пен сан буындарының туа болған немесе кейiннен пайда болған шығуы;
9) аяқтың 10 сантиметрге және одан да жоғары қысқа болуы.
3. Iшкi органдар функциялары бұзылуы айқын бiлiнетiн 4 дәрежедегi кифосколиоз.
4. Алақанның немесе қолдың, аяқтың сал болуы, қолдың немесе аяқтың трофикалық өзгерiстерi бар айқын көрiнетiн шала сал болуы.
5. Жақтың және таңдайдың кемiстiгi, егер протездеу шайнау мүмкiндiгiн қамтамасыз етпейтiн болса.
6. Гипофизарлық ергежейлiлiк, остехондропатия, аласа бойлылықпен ұштасқан остехондродистрофия.
7. Мылқаулық, бала кезiнен екi жақты кереңдiк.
8. Көмекейдiң болмауынан үнемi канюлемен демалу.
9. Асқазанды сылып тастау.
10. Өкпенi 5 және одан да көп қабырғаларымен қоса алып тасталуына байланысты тыныс алу жетiспеушiлiгi.