"Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің еңбекақы жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын ішкі істер органдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеудің және ішкі істер органдары жүйесіндегі жұмысы үшін жұмысшыларға проценттік үстемеақы белгілеудің тәртібі бекітілсін.
2. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енеді және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қарым-қатынастарға таралады.
Министр
генерал-лейтенант
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
2002 жылғы 3 сәуірдегі
№ N 223 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын ішкі істер
органдары жүйесі қызметкерлерінің мамандықтары бойынша жұмыс
өтілін есептеудің және жұмысшыларға ішкі істер органдары
жүйесіндегі жұмыстары үшін проценттік үстемеақыны
белгілеудің
ТӘРТІБІ
Бұл Тәртіп "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік емес қызметшілеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына сәйкес әзірленді және ол мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын ішкі істер органдары жүйесі қызметкерлерінің мамандықтары бойынша жұмыс өтілін есептеудің, сондай-ақ жұмысшыларға ішкі істер органдары жүйесіндегі жұмыстары үшін проценттік үстемақы белгілеудің тәртібі мен шарттарын анықтайды.
1. Ішкі істер органдары жүйесінде және басқа да ұйымдарда ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан мамандығы бойынша жұмыс істеген барлық уақыты жұмыс мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептеледі, сондай-ақ оған:
1) мамандығы бойынша мемлекеттік қызметте болған уақыты;
2) Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде, Қазақстан Республикасының ұлттық комитеті және бұрынғы КСРО-ның Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдары жүйесінде, Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСРО-ның басқару және азаматтық қорғаныс органдарында, шекара қызметі, ішкі әскерлер, қарулы Күштер қатарында мерзімді қызмет өткерген әскери қызметшілердің, мичмандардың, прапорщиктердің, офицерлік құрамның теріс уәждер бойынша қызметтен шығарылғандардан басқа тұлғаларының нақты әскери қызмет өткерген уақыты, интернационалдық парызын өтеуде болған, тиісті құжаты бар әскери қызметшілердің тұтқында болған уақыты;
3) ішкі істер органдарында, Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінде, қаржы (салық) полициясында, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің бөлімшелерінде және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі бөлімшелерінде басшы және қатардағы құрамның (оның ішінде өтілші лауазымындағы) теріс уәждер бойынша жұмыстан шығарылғандардан басқа тұлғаларының қызмет өткерген уақыты;
4) жүкті болуына және тууына байланысты алған демалыс, сондай-ақ заңнамаға сәйкес берілген баланы күтуге байланысты жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс уақыты;
5) соттардағы, прокуратура органдарындағы, КСРО-ның Мемлекеттік банк жүйесіндегі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі лауазымдардағы жұмыстары;
6) егер шетелге жолдама алғанға дейін мемлекеттік мекемеде мамандық бойынша жұмыс істесе және көшу уақытын есептемегенде шетелден қайтып келген кезінде екі ай ішінде мемлекеттік мекемеге жұмысқа шықса, онда сол қызметкердің шетелдегі жұмыстары;
7) Қазақстан Республикасының Парламенті, Мәслихаты депутатының өкілеттіктерін жүзеге асыру уақыты;
8) Мемлекеттік органдардың (мекемелердің) жолдамалары бойынша жұмыстан қол үзіп, даярлық, қайта даярлық және кадрлардың біліктілігін жетілдіру курстарында, сондай-ақ егер қызметкер шетелге жолдама алғанға дейін мемлекеттік мекемеде жұмыс істесе және оқуды бітірген соң мемлекеттік мекемеге қайта оралса, онда сол қызметкердің шетелде оқыған уақыты есептеледі.
2. Осы Тәртіпке сәйкес мамандық бойынша есепке жатқызылған жұмыс өтілі күнтізбелік есептеуде ескеріледі.
3. Ішкі істер органдарындағы жұмыстары үшін жұмысшыларға проценттік үстемақы ай сайын негізгі лауазымы бойынша тарифтік ставканың (лауазымдық жалақының) процентінен мынадай мөлшерлерде төленеді:
Еңбек сіңірген жылдары: 3 жылдан астам болса - 10 процент,
5 жылдан астам болса - 15 процент,
10 жылдан астам болса - 20 процент,
15 жылдан астам болса - 30 процент,
20 жылдан астам болса - 40 процент.
4. Қызметкердің мамандығы бойынша жұмыс өтілін және мемлекеттік мекемелердің жұмысшыларына жұмыстары үшін проценттік үстемақысын белгілеу қызметкерлердің еңбек өтілін және жұмысшылардың проценттік үстемақысын белгілеу жөніндегі комиссия арқылы анықталады, оның құрамын тиісті мемлекеттік мекеменің бастығы бекітеді.
Қызметкерлердің мамандықтары бойынша жұмыс өтілін және жұмысшылардың проценттік үстемақысын белгілеу жөніндегі Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Шешімнің көшірмелері 2 данада жасалып, біреуі - кадр қызметіне, екіншісі - бухгалтерияға беріледі.
5. Еңбек кітапшасы (егер болса) немесе жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшірме жазбалары мамандығы бойынша еңбек өтілін анықтау үшін қызметкердің жұмыс атқарған уақытын растайтын құжаттар болып табылады.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2002 жылғы 20 ақпандағы N 185 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 21 ақпандағы N 105 бұйрықтарына сәйкес денсаулық пен білім жүйелері ұйымдарының қызметкерлеріне арналған мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеудің тәртібі ішкі істер жүйесі мекемелерінде тиісті мамандықтары бойынша қызмет өткеруші және тиісті лауазымдардағы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қолданылады.