"Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мүлiктi есептен шығарудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2000 жылғы 1 қарашадағы N 470 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 26 маусымдағы N 290 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 25 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1929

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мүлiктi есептен шығарудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2000 жылғы 1 қарашадағы N 470 бұйрығына  мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мүлiктi есептен шығарудың тәртiбi туралы нұсқаулықта:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлкiн есептен шығару:
      100 пайыз тозғанда - мемлекеттiк кәсiпорынның шешiмi бойынша;
      50 пайыздан артық тозғанда және/немесе баланстық құны 1000 еселенген ең төмен есепті көрсеткiштен артық емес болғанда - мемлекеттiк басқару органымен келiсiм бойынша және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) аумақтық органдарынан жазбаша рұқсатынан кейiн жүзеге асырылады;
      кемiнде 50 пайыз тозғанда және/немесе баланстық құны 1000 еселенген ең төмен есептi көрсеткiштен артық болғанда - мемлекеттiк басқару органымен келiсiм бойынша және Комитеттiң жазбаша рұқсатынан кейiн жүзеге асырылады.";
      7-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру (бұдан әрi - Комитет)" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдегi мекемелерiнiң мүлкiн есептен шығару;
      100 пайыз тозғанда және/немесе баланстық құны 100 еселенген ең төмен есептi көрсеткiштен артық емес жағдайда - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгiнiң шешiмi бойынша;
      баланстық құны 100 еселенген ең төмен есептi көрсеткiштен артық жағдайында - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Комитетпен келiсiлген шешiмi бойынша жүзеге асырылады.".
      8-тармақтағы "уәкiлеттi органдармен" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
     12-тармақта:
     "келiсуге" деген сөздiң алдынан "мемлекеттiк басқару
органдарына" деген сөздермен толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы екiншi бөлiммен толықтырылсын:
     "Мемлекеттiк басқару органдарымен келiсiлген есептен шығару құжаттары тиiсiнше Комитетке немесе оның аумақтық органдарына жазбаша рұқсат алу үшiн жiберiледi.";
     13-тармақтағы "уәкiлеттi органның" деген сөздер "мемлекеттiк
басқару органының" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап iске қосылады.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрiнiң орынбасары -
     Қаржы министрi