"Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығына N 74 толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 275 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 4 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1908.

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" Z990357_ 1999 жылғы 1 сәуірдегі, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Z010149_ 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Z010148_ 2001 жылғы 23 қаңтардағы, Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жергілікті атқарушы органдардың орта мерзімді валюталық мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, өтеу және оларға қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 4 қыркүйектегі N 1139 P011139_ және "Ұшу-сынақ полигондары мен "Байқоңыр" ғарыш айлағы кешені орналасқан аумақтардың халқына атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін 2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу туралы" P020558_ 2002 жылғы 23 мамырдағы қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ бұйрығына мынадай толықтырулар енгізiлсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      6 "Әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек" функционалдық тобының 2 "Әлеуметтiк көмек" iшкi функциясындағы 258 "Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын еңбек және халықты әлеуметтiк қорғаудың атқарушы органы" бағдарлама әкiмшiсі бойынша:
      030 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламасы мынадай мазмұндағы 033-кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
      "033 Халықты жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi қосымша шаралар";
      мынадай мазмұндағы 047-бағдарламамен толықтырылсын:
      "047 Ұшу-сынақ полигондары мен "Байқоңыр" ғарыш айлағы кешенi орналасқан аумақтардың халқына атаулы әлеуметтік көмек көрсету";
      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобында 5 "Қоршаған ортаны қорғау" кiшi функциясы мынадай мазмұндағы 256-бағдарлама әкiмшiсi, 003-кiшi бағдарламасы бар 002-бағдарламамен және, 016, 023, 025, 070, 097-бағдарламалармен толықтырылсын:
      "256 Жергiлiкті бюджеттен қаржыландырылатын табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi атқарушы органы
      002 Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiк шығындар
      003 Жергiлiктi органдардың аппараттары
      016 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою және өзге де күтпеген шығыстар үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң есебiнен iс-шаралар өткiзу
      023 Өкiлеттiк шығындарға арналған қаражат есебiнен iс-шаралар өткiзу
      025 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою және өзге де күтпеген шығыстар үшiн облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражаты есебiнен iс-шаралар өткiзу
      070 Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi атқарушы органдардың материалдық-техникалық базасын нығайту
      097 Облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражаты есебiнен соттардың шешiмдерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындау";
      16 "Қаржыландыру" функционалдық тобының 2 "Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногындағы операциялар" iшкi функциясы мынадай мазмұндағы 260-бағдарлама әкiмшiсi 034-бағдарламамен толықтырылсын:
      "260 Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын қаржы атқарушы органы
      034 Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында жергiлiктi атқарушы

органдардың мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын сатып алу".
     2. Заң қызметi департаментi (Н.А.Қалиева) және Мемлекеттiк бюджет 
департаментi (Б.Т.Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының 
Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 
мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
     Премьер-Министрдiң орынбасары -
             Қаржы министрi
     Мамандар: 
             Омарбекова А.Т.
             Қасымбеков Б.А.