Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкімен 2002 жылғы 04.06 келісілген
Төраға
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қаржы нарығын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 11 шілдедегі N 654 U010654_ Жарлығына және "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қаңтардағы N 48 P000048_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеге сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногындағы Бастапқы Дилерлерді айқындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 2 тамыздағы N 396 V990884_ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бастапқы Дилер функцияларын орындауға шарт жасасу үшін екінші деңгейдегі банктерді және институционалды инвесторларды - үміткерлерді (бұдан әрі - Үміткерлер) конкурстық іріктеудің мынадай тәртібі белгіленсін:
1) Осы бұйрықтың 2-тармағына сәйкес Үміткерлердің құжаттаманы дайындауы, оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынуы;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Үміткерлердің сақтауға міндетті пруденциялық нормативтерді немесе қаржылық тұрақтылық өлшемдерін сақтау бөлігінде, Үміткерлердің іріктеу өлшемдеріне сәйкестілігін, бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестілігін Ұлттық Банктің келісу-хатын ұсыну жолымен келісу;
3) Бастапқы Дилер функцияларын орындауға шарт жасасу үшін екінші деңгейдегі банктерді және институционалды инвесторларды - үміткерлерді конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) Үміткерлер ұсынған құжаттарды және Ұлттық Банктің келісу-хатын қарауы;
4) Комиссияның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің басшылығына Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі эмиссиялаған мемлекеттік бағалы қағаздар рыногында Бастапқы Дилер функцияларын орындауға шарт жасасу (немесе жасасудан бас тарту) туралы ұсынымдарды дайындауы";
2-тармақта:
1) тармақшада:
екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - Брокерлер, Дилерлер) ұсынған екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - Банктер) және институционалдық инвесторлар үшін бағалы қағаздардың атаулы ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру құқығына бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) лицензиялары;
зейнеткерлік активтерді басқару жөніндегі компаниялар (бұдан әрі - ЗАБК) ұсынған институционалдық инвесторлар үшін атаулы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру құқығына, зейнеткерлік активтерді инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар";
төртінші және бесінші абзацтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Мыналарды:
Банктердің - сақтауға міндетті пруденциялық нормативтерді, бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарға сәйкестілігін;
Брокерлердің, Дилерлердің және ЗАБК - шарт жасасуға өтініш беру күнінің алдындағы алты ай ішінде уәкілетті органдар белгілеген пруденциялық нормативтерді немесе қаржылық тұрақтылық өлшемдерін сақтауы";
3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссия Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдерінен құрылатыны, оның құрамы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілетіні белгіленсін. Комиссия конкурстық іріктеуді және Бастапқы Дилер функцияларын орындауға шарт жасасу жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады";
бұйрықтың бүкіл мәтіні бойынша "таңдау" деген сөз "конкурстық
іріктеу" деген сөздермен, "Брокерлер - дилерлер" деген сөздер "Брокерлер, Дилерлер" деген сөздермен ауыстырылсын"; 4-тармақтағы "С.А.Ақановқа" деген сөздер "А.Ғ.Дунаевқа" деген сөздермен ауыстырылсын". 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2001 жылғы 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Министр Мамандар: Омарбекова А.Т. Жұманазарова А.Б.