Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерді бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 13 мамырдағы N 172. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 21 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1888.

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерді бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 V990754_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелердің:
      5-тармағы мынадай редакциядағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) банктік бірегейлендірілген код (ББК) - ақша аудару не төлеу туралы нұсқауды ұсынған кезде банкті бірегейлендіру үшін оған Ұлттық Банк берген банктің сандық белгісі.";
      2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Корреспонденттік есепшот шартын жасау үшін банктер Ұлттық Банкке Қазақстан Республикасында банктік есепшоттар ашу жөніндегі Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға және осы Ережелерге сәйкес құжаттарды береді.
      7. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - ұйымдар) аударым операцияларын жүргізуге арналған Ұлттық Банктің лицензиясы болғанда, ақша аударымының банкаралық жүйесін пайдаланушы мәртебесін алу мақсатында Ұлттық Банкте ұлттық валютамен корреспонденттік есепшот аша алады.
      8. Ұлттық Банкте корреспонденттік есепшот ашу туралы мәселені қарау үшін ұйымдар Ұлттық Банктің банктік есепшоттар ашу, сондай-ақ ақша аударымының банкаралық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды ұсынуға тиіс:
      осы ұйымды ақша аударудың банкаралық жүйесіне қосуға қажетті мынадай ақпарат кіретін негіздеме:
      ақша аударудың банкаралық жүйесі арқылы операциялардың болжамды саны мен көлемі (бір айға);
      жүзеге асыру үшін ақша аударудың банкаралық жүйесіне қосуға қажетті операциялардың тізбесі;
      ұйым клиенттерінің болжамды саны;
      ұйымның бағдарламалық-техникалық жарақталуының жай-күйі және ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйелерінің сенімділігі туралы аудиторлық ұйымның қорытындысы.
      8-1. Ұйымға корреспонденттік есепшот ашу туралы мәселені қараған кезде Ұлттық Банк ұйымның төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының төлем жүйесіне кірудің бағдарламалық-техникалық құралдарына қойылатын талаптарды белгілейтін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
      8-2. Корреспонденттік есепшот шарты ұйыммен төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ақша аударымының банкаралық жүйесін ұйымдастыруға және жұмыс істеуге қойылатын талаптарды белгілейтін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келген жағдайда және Ұлттық Банк Басқармасының осы ұйымға корреспонденттік есепшот ашу туралы қаулысы болғанда жасалады.
      8-3. Банк осы Ережелерде белгіленген талаптарды орындаған жағдайда Ұлттық Банк банкпен корреспонденттік есепшот шартын жасайды, оған банктік бірегейлендірілген код және жеке бірегейлендірілген код береді, олар арнайы кітапқа тіркеледі.
      Банктік бірегейлендірілген код осы Ережелердің N 1 қосымшасына сәйкес беріледі.
      8-4. Ұйым осы Ережелерде белгіленген талаптарға және Ұлттық Банктің өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келмеген жағдайда, Ұлттық Банк ұйымға корреспонденттік есепшот ашудан бас тартады.
      8-5. Ұлттық Банк ұйыммен корреспонденттік есепшот шартын жасағаннан кейін он жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - Орталық) ұйымды ақша аударудың банкаралық жүйесі арқылы ақша аударымына қатысуға жіберу туралы Ұлттық Банктің оң қорытындысын жібереді.
      8-6. Ұйым Ұлттық Банкте корреспонденттік есепшот ашылған күннен бастап бір ай ішінде ақша аударудың банкаралық жүйесінің пайдаланушысы мәртебесін алмаған жағдайда, сондай-ақ ұйым Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген негіздер бойынша ақша аударудың банкаралық жүйесінің пайдаланушысы мәртебесінен айырылған жағдайда, Ұлттық Банк заңдарда және корреспонденттік есепшот шартында белгіленген тәртіппен ұйыммен жасалған корреспонденттік есепшот шартын бұзуға құқылы.
      8-7. Корреспонденттік есепшот шарты, сондай-ақ корреспонденттік есепшот ашу үшін банк берген құжаттар тігіледі және Ұлттық Банктің корреспонденттік есепшоттарды жүргізетін бөлімшесінде (бұдан әрі - Ұлттық Банктің бөлімшесі) әрбір клиент бойынша арнайы ашылған іс қағаздарында сақталады.
      Банк ақша аударудың банкаралық жүйесінің пайдаланушысы мәртебесін алғаннан кейін іс қағаздарына, сондай-ақ банктің Орталықпен жасаған шартының көшірмесін және осы банкті ақша аударудың банкаралық жүйесіне қосу жөніндегі қорытындысын (сипаттамасын) қосады.".
      17-тармақтағы "арналары және телекоммуникация" деген сөздер "арналарын және телекоммуникацияны пайдалану мүмкіндігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19-тармақтағы "екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздер "банктер" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде корреспонденттік есепшоттары бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы күшіне енген күннен бастап үш айлық мерзімде өздерінің осы қаулының талаптарына сәйкес келуі мақсатында қажетті іс-шаралар жүргізсін.
      4. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік

тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі 
бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктер мен 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде корреспонденттік есепшоттары бар 
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т.Жангелдинге жүктелсін.
       Ұлттық Банк
        Төрағасы                                             
   
     
     
 Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Омарбекова А.Т.