1. "Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ бұйрығына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
8 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк функционалдық тобының 3 "Ақпараттық кеңiстiк" iшкi функциясындағы 264 "Жергілiктi бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық қарым-қатынастар және iшкi саясатты талдау атқарушы органы" бағдарламалар әкiмшiсi мынадай мазмұндағы 037 бағдарламамен толықтырылсын:
"037 Жергілiктi деңгейде "Қазақстан-2030" Стратегиясын насихаттау жөнiнде тәжiрибелiк және ғылыми-әдiстемелiк iс-шаралар ұйымдастыру";
10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобының 5 "Қоршаған ортаны қорғау" iшкi функциясындағы 105 "Әкiм аппараты" бағдарламалар әкiмшiсi бойынша 034 "Жергiлiктi деңгейде қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыруы бағдарламасындағы 030 "Облыстық (қалалық) қоршаған ортаны қорғау қоры" кiшi бағдарламасы бойынша "Қолданылу мерзiмiнiң аяқталуы" бағанындағы "01.05.02" деген сандар "01.07.02" деген сандарға ауыстырылсын.
2. Заң қызметi департаментi (Н.А. Қалиева) және Мемлекеттiк бюджет
департаментi (Б.Ғ. Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгізiледі. Премьер-Министрдiң орынбасары - Қаржы министрi Мамандар: Қасымбеков Б.А. Омарбекова А.Т.