Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауға қойылатын бiліктілік талаптарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 30 мамырдағы N 248 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 12 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1876

Қолданыстағы
      Аудиторлық қызметтi лицензиялаудың тәртiбiн бекiту туралы Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 878  

P990878_

  қаулысына 
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауға 
қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.
     2. Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiснамасы департаментi белгiленген 
тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 
мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы вице-министрi Б.Б. 
Жәмiшевке жүктелсiн.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 
мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрiнiң орынбасары - 
     Қаржы министрi


                                            Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлiгiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 248 бұйрығымен бекiтiлген


              Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялауға
                     қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      1. Аттестацияға жоғары бiлімі және экономика, қаржы, есептеу-талдау, бақылау-тексеру немесе құқықтық салаларда соңғы жеті жылдың бес жыл ішінде жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылықпен айналысатын және көрсетілген салаларда соңғы бес жылдың кем дегенде екi жылдық тәжірибелiк жұмыс өтiлi бар тұлғалар жiберiледi, ол құжаттық түрде расталуы тиiс.
      2. Аудиторлыққа кандидаттар білімнiң мынадай салалары бойынша емтихан тапсыру арқылы өз бiлiктілiк деңгейiн растауы керек:
      1) азаматтық заңнаманы, оның iшiнде:
      Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасын; азаматтық заңнамамен реттелетiн қарым-қатынастарды, азаматтық заңнаманың басты негiздерi; азаматтық құқықтарды жүзеге асыру; кәсiпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
      азаматтық құқықтардың субъектілерi; жеке тұлға ұғымы, азаматтардың құқықтық қабілетi, іс-әрекетке қабiлеттілiгi; жеке кәсiпкердiң банкроттығы;
      заңды тұлғалар ұғымы, түрi және нысандары, оларды құру, қызметi, қайта құру және оларды тарату тәртiбi;
      кәсiпкерлiктiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары: акционерлiк қоғамдар, толық серiктестiк, жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серіктестiктер, өндiрiс кооперативi, шаруашылық (фермерлiк) қожалығы, мемлекеттiк кәсiпорындар, коммерциялық емес ұйымдар;
      азаматтық құқық объектiлерi;
      мәмiлелер, ұғымдар мен нысандар; жарамсыз мәмілелер;
      өкiлдiк және сенімхат;
      ұғым, талап қоюдың ескiру мерзiмдерi;
      меншiк құқығы және басқа заттық құқықтар; шаруашылық жүргiзу және жедел басқару құқығы; ортақ меншiк; меншiк құқығына және басқа заттық құқықтарға ие болу және олардың тоқтатылуы; меншiк құқығын және басқа заттық құқықтарды қорғау;
      мiндеттемелердiң пайда болудың ұғымы және негiздемесi; мiндеттемелердi орындау және оларды орындауды қамтамасыз ету, айып төлеу, кепіл; мiндеттемедегі тұлғалардың өзгеруi; мiндеттеменi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк;
      шарттың ұғымы және ережелерi, шарт жасасу оны өзгерту және бұзу;
      Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау мемлекеттiк органдарының мәнi; осы органдардың кәсiпкерлiк құрылымдарға тексеру жүргізу тәртiбi және олардың нәтижелерiн шағымдану;
      2) бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк, оның iшiнде:
      бухгалтерлiк есептiң және қаржылық есептілік дайындаудың құқықтық негiздерi;
      бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк мақсаттарын және принциптерiн ашу;
      бухгалтерлiк есептiң бөлiктерi (баланс, шоттар, қос жазба, бағалау калькуляция, түгендеу және құжаттама);
      қаржы жағдайын бағалаумен тiкелей байланысты қаржылық есептілiк бөлiктерi және кәсiпорын қызметiнiң нәтижелерiн бағалаумен тiкелей байланысты қаржылық есептiлiк бөлiктерi;
      ұйымның есеп саясаты, ұғымы, оны қалыптастыру және ашу;
      қаржылық есептiлiктегi негiзгi ашулар;
      ұзақ мерзiмдi және ағымдағы мiндеттемелердi есептемемен есепке алу;
      меншiктi капитал ұғымы, оның құрылымы, қалыптасуы және есебi;
      қаржылық есептiлiк беру мерзiмi және тәртiбi;
      қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есептiң баптарын қалыптастыру және ашу тәртiбi;
      ақша қозғалысы туралы есептiң мақсаттары және операциялық, инвестициялық және қаржылық қызмет бойынша ақпаратты ашу;
      табыс ұғымы, оны бағалау және оны танудың шарттары; күмәндi борыштар жөнiндегi резервтi түзу тәртiбi;
      негiзгі қаражаттың және материалдық емес активтердiң есебi; бухгалтерлiк есепте негiзгі қаражатты қайта бағалау нәтижелерiнiң көрiнiс табу тәртiбi;
      тауар-материалдық босалқы қорлар есебi; өнiмнiң (жұмыстар мен қызметтердiң) өзiндiк құнына қосылатын шығындар құрамы және жіктемесi; тауар-материалдық босалқы қорлардың өзiндік құнына қосылмайтын және кезеңнiң шығыстары болып танылған шығыстарды қалыптастыру;
      қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есептемелерін есепке алу;
      қаржы инвестицияларын бағалау олардың iстен шығуы және аудару; бірiктірiлген қаржылық есептiлiк және еншiлес серiктестiктерге жұмсалған инвестицияларды есепке алу; тәуелдi шаруашылық серiктестiкке жұмсалған инвестицияларды есепке алу бiрлескен қызмет бойынша қатысу үлесiнің қаржылық есептiлiкте көрiніс табуы;

     шетел валютасындағы операцияларды есепке алу;
     бiр-бiрiне байланысты тараптар ұғымы, олардың қарым-қатынастары және 
операциялары;
     табыс салығын есепке алу;
     құрылыс мердiгерлiгiнiң шарттары бойынша кiрiстер мен шығындарды 
анықтау, тану және ашу;
     жалға беру ұғымы және түрлерi; жалгерлер мен жалға берушілердiң 
қаржылық есептiлiгiндегі қаржыландырылатын және ағымдағы жалгерлiк ақыны 
есепке алу;
     инвестициялық қорлардағы есеп;
     жинақтаушы зейнетақы қорының есептілiгiн жасау және есепке алу;
     зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның есептілігiн жасау 
және есепке алу;
     брокерлiк және дилерлiк ұйымдардың есебi мен есептілiгі;
     мұнайгаз өндiру қызметiнiң есебi мен есептегi;
     шағын кәсiпкерлік субъектілерiнiң есебi мен есептiлiгi;
     есептi кезең күнiнен кейiн болатын күтілмеген жағдайлар және оқиғалар;
     ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарына жұмсалатын 
шығындарды есепке алу;
     банктердiң қаржылық есептілігi (есептiлiк нысандары, шартты 
мiндеттемелер мен шартты талаптардың сипаты мен сомасын ашу қаржы 
активтерiн және мiндеттемелердi өтеу мерзiмдерiн талдауды ашу);
     сақтандыру ұйымдарындағы есеп пен есептiлiк;
     3) қаржы-шаруашылық қызметтi талдау оның iшiнде:
     қаржылық талдаудың мәнi мен мiндеттерi;
     кәсiпорынның қаржы жағдайы ұғымы және көрсеткiштер жүйесi;
     басқарушылықты талдау сипаттамасы;
     аудит жүргiзу процесiнде қаржылық талдаудың алатын орны мен рөлi;
     кәсiпорынның қаржылық есептiлiгi негiзгi бөлiктерiн қаржылық 
талдаудың ақпараттық базасы ретiнде сипаттау;


      қаржылық талдаудың әдiстерi (тiгiнен, көлденең, трендiлiк,

салыстырмалы және факторлық, қаржылық коэффициенттер әдiсi) және олардың 
сипаттамасы;
     талдаудың сандық әдiстерiн ашу;
     баланс активтерiнiң құрамын және оларды орналастыруды талдау және 
оларды топтастыру принциптерi;
     баланс активтерiнiң құрамымен орналастырылуын талдау және оларды 
топтастыру принциптерi;
     кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiн талдау;
     кәсiпорынның табыстылық көрсеткiштерi және оларды таңдау;
     кәсiпорынның iскерлiк белсендiлiгiн сипаттайтын көрсеткiштердiң 
жүйесi және олардың есеп айырысуы;
     кәсiпорын қызметiнiң iскерлiк белсендiлiгiн және тиiмдiлiгiн талдау;
     төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындардың қаржы жағдайын бағалауды талдау 
әдiстемесi;
     кәсiпорынның банкротқа ұшырау ықтималдығын және кәсiпкерлiк 
тәуекелдiгiн талдау;
     4) салық салу, оның iшiнде:
     Қазақстан Республикасы салық заңнамасының iс-әрекеттерiн және салық 
салу принциптерiн ашу;
     салық есебi мен салықтық есептiлiк ережелерi;
     корпорациялық және жеке табыс салығының ұғымы, төлеушiлерi, ставкасы 
және жеңiлдiктерi;
     бейрезидент табыстарына салық салу ерекшелiктерi;
     қосылған құн салығының ұғымы, салық салу объектiсi, төлеушiлер, 
ставкалары;
     акциздердi пайдалану, төлеушiлер және ставкалар;
     жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу;


      салық салу объектiлерi және отандық өндiрушiлер тауарлары бойынша және импортталатын тауарлар акциздерiн төлеу мерзiмдерi;
      заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлгенi үшiн төленетiн алымды төлеушiлер, салық салу объектiлерi және ставкалары;
      жеке кәсiпкерлердiң мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлгенi үшiн төленетiн алымды төлеушiлер, салық салу объектiлерi және ставкалары;
      қызметтiң жеке түрлерiмен айналысу құқығы үшiн төленетiн лицензиялық алым төлеушiлерi, салық салу объектiлерi және ставкалары;
      жер салығын салу объектiлерi, төлеушiлерi; жер салығы бойынша салық

ставкалары, оны анықтау тәртiбi, ол бойынша жеңiлдiктер;
     көлiк құралдарына салынатын салық төлеушiлерi, салық салу 
объектiлерi, ставкалары мен жеңілдiктерi;
     мүлiкке салынатын салық төлеушiлерi, салық салу объектiлерi, 
ставкалары, жеңiлдiктерi, оны есептеу және төлеу тәртiбi;
     әлеуметтiк салық төлеушiлер, салық салу объектілерi, ставкалары, 
жеңiлдiктерi, оны есептеу және төлеу тәртiбi;
     әлеуметтiк салық режимiн қолдану ерекшелiктерi;
     салықтық әкiмшілік жүргiзудi ашу;
     салық заңнамасын бұзғаны үшiн жауапкершілік және дауларды шешу;
     5) аудит, оның iшiнде:
     аудит және аудиторлық қызмет ұғымы; аудит жүргiзудiң және аудиторлық 
есептердi дайындаудың құқықтық негiздерi;
     Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша аудиторлардың 
жауапкершiлiгi;
     аудитталатын субъектiнiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi;
     аудиторлық қызмет көрсету түрлерiн ашу;
     аудиторлық қызметтің сапасын бақылау;
     аудит құжаттамасы және оны жоспарлау;
     қаржылық есептiлiк бойынша аудиторлық есеп;
     клиент бизнесiн бiлу;
     тәуекелдiктi бағалау және iшкi бақылау;
     аудиторлық дәлелдеме;
     алғашқы аудиторлық тексеру кезеңнiң басындағы шоттардың қалдығы;
     басшылықтың мәлiмдемесi;
     меншiктi капитал аудитi;
     негiзгi құралдармен жасалатын операциялар аудитiнiң мiндеттерi, 
ақпарат көздерi және дәйектiлiгi;


      материалдық емес активтердi бағалау, амортизацияның түсуi, есептен

шығару, есептеу жөніндегi операцияларды құжаттамалық көрсетудiң дұрыстығы 
аудитi;
     тауар-материалдық босалқы қорлармен жасалатын операция аудитiнiң 
мақсаты, ақпарат көздерi және дәйектiлiгi; ақшамен жасалатын 
операциялардың аудитi, валюталық операциялар бойынша бағамдық айырманың 
көрiнiс табу дұрыстығы;
     есеп айырысу шоты бойынша операциялардың аудитi;
     инвестиция аудитi, жасалған қаржылық салымдардың заңдылығын растайтын 
құжаттарды тексеру;
     қаржы нәтижелерiн көрсетудiң анық-қанығының аудитi.
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Омарбекова А.Т.