Аттестацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық және эксперименталды авиациясының авиациялық қызметшілері лауазымдарының (кәсібінің) тізімдемесін бекіту туралы

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2002 жылғы 24 сәуірдегі N 528 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 21 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1858.

Қолданыстағы
      "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Z010271_ Заңының 5 бабының 1 тармағының 27) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
      1. Аттестацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық және

эксперименталды авиациясының авиациялық қызметшілері лауазымдарының 
(кәсібінің) тізімдемесі бекітілсін.
     2. Азаматтық авиация комитеті әкімшілік бөлімі (Қ. Сүгір) заңнамада 
белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет 
министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
     
     Төраға
     
                                          Қазақстан Республикасы   
                                             Азаматтық авиация
                                           комитеті төрағасының
                                          2002 жылғы 24 сәуірдегі
                                        N 528 бұйрығымен бекітілген
     
                  Аттестацияға жататын Қазақстан Республикасы
            азаматтық және эксперименталды авиациясының авиациялық
             қызметшілері лауазымдарының (кәсібінің) тізімдемесі
     
     1. әуесқой-ұшқыш
     2. коммерциялық авиацияның ұшқышы
     3. желі ұшқыш
     4. штурман
     5. бортинженер (бортмеханик)
     6. бортрадист
     7. бортсерік
     8. бортоператор
     9. әуе қозғалысын қамтамасыз ету қызметінің диспетчері (ӘҚҚ)
     
     Мамандар:
          Икебаева А.Ж.
          Шарипова М.Е.