Хронометраждық зерттеулер өткізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Кіріс министрлігінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі N 445 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 20 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1857. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 5 бұйрығымен.

Күшін жойған

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.01.09 N 5 бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      2. ...
      3. ...
      4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Министр                                        Б.Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрдің   
2009 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. ....
      8. "Хронометраждық зерттеулер өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 445 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1857 болып тіркелді, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетені" журналында жарияланды, 2002 ж., № 30, 641-құжат).
      .........

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің K010209_ (салық кодексі 553-бабындағы 6-тармаққа сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген хронометраждық зерттеулер өткізу ережесі бекітілсін. 2. Заң департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге осы бұйрықты жіберсін. 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі N 445 бұйрығымен бекітілген
 
 
                  Хронометраждық зерттеулер өткізу ережесі
 
      Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы K010209_ Кодексінің (салық кодексі) 533 және 535-баптарына сәйкес әзірленген және хронометраждық зерттеулерді өткізудің мерзімі мен тәртібін айқындайды.
 
                          1. Жалпы ережелер
 
      1. Хронометраждық зерттеу салық тексерістері түрлерінің бірі болып табылады. Салық қызметі органы шығарған нұсқама хронометраждық зерттеу өткізуге негіздеме болып табылады.
      2. Хронометраждық зерттеулер:
      1) кешенді және тақырыптың құжатты салық тексерістерінің барысында;
      2) салық төлеушінің өтініші бойынша;
      3) салық қызметі органының шешімі бойынша жүргізілуі мүмкін.
      3. Хронометраждық зерттеулерді салық төлеушінің нақты кірісі және кіріс алумен байланысты нақты шығыстарды белгілеу мақсатында салық қызметі органы жүзеге асырады.
      4. Хронометраждық зерттеу өткізу кезінде салық кодексінің 14-бабына сәйкес қызмет ететін салық төлеуші және (немесе) оның заңды (уәкілетті) өкілі қатысады.
      5. Хронометраждық зерттеу өткізу басталу алдында тексерілетін салық төлеушіге салық қызметі органы лауазымды тұлғасының қызметтік куәлігі көрсетіледі және хронометраждық зерттеу өткізуге нұсқама тапсырылады. Нұсқама көшірмесінде нұсқамамен танысу немесе алу туралы салық төлеушінің немесе оның заңды (уәкілетті) өкілінің белгісі қойылады. Хронометраждық зерттеу өткізумен байланысты қойылатын салық қызметі органы лауазымды тұлғасының заңды талаптарын салық төлеушінің орындамауы әкімшілік жаза қолдануға алып келеді, бірақ осы заңды талаптарды орындаудан салық төлеушіні босатпайды.
      6. Кешенді және тақырыптық тексерістер өткізу кезіндегі қажеттілік жағдайында хронометраждық зерттеу өткізу мүмкін. Бұл жағдайда хронометраждық зерттеу кешенді және тақырыптың тексерістер өткізуге жазылған нұсқама негізінде өткізіледі.
      7. Хронометраждық зерттеуді жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін салық кезеңіндегі салық есеп беруіне салық төлеушінің өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.
 
            2. Хронометраждық зерттеу өткізу кезеңі мен мерзімі
 
      8. Хронометраждық зерттеу өткізудің кезеңін салық қызметі органының бірінші басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға белгілейді.
      9. Хронометраждық зерттеу өткізудің мерзімін салық қызметі органының бірінші басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға белгілейді.
      Бұл ретте, көрсетілген мерзімдерге егер, салық төлеуші көрсетілген күндерде қызметін жүзеге асырса, демалыс және мейрам күндері де енгізілуі мүмкін, сондай-ақ зерттеу тәулік уақытына қарамастан жұмыс режиміне сәйкес жүргізілуі мүмкін.
 
         3. Хронометраждық зерттеуге жататын салық салу объектілері
 
      10. Хронометраждық зерттеуге кіріс алумен байланысты нақты кірістерді және (немесе) нақты шығыстарды қоса салық салумен байланысты объектілер және салық салу объектілері, сондай-ақ салық төлеушінің кірісті алудағы басқа да көздері ұшырауы мүмкін.
 
               4. Хронометраждық зерттеуге жататын мәселелер
 
      11. Хронометраждық зерттеу өткізу үшін салық қызметі органдары өздігінен салық салумен байланысты объектіні және салық салудың зерттелетін объектісі бойынша мәселелерді айқындайды. Бұл ретте, міндетті түрде зерттеуге мыналар ұшырауы мүмкін:
      1) салық салумен байланысты объектілер және (немесе) салық салу объектілері;
      2) ақша, ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптардың, есеп берулердің, сметалардың, бағалы қағаздардың, есеп айырысулардың, декларациялардың және салық салумен байланысты объектінің және (немесе) салық салудың зерттелетін объектісімен байланысты өзге құжаттардың болуы;
      3) кірістерді алу үшін пайдаланылатын кез-келген салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер. Қажеттілік жағдайында салық қызметі органдарының салық төлеуші тауарлық-материалдық құндылықтарын түгендеу жүргізуге құқығы бар;
      4) фискальдық жады бар бақылау-касса машинасынан шығарылған фискальдық есеп беру. Хронометраждық зерттеу өткізу барысында тексерілетін кезең үшін кіріс алумен байланысты нақты кіріс және (немесе) нақты шығыстар айқындалады. 5. Бір күн үшін хронометраждық зерттеу нәтижелерін ресімдеу 12. Хронометраждық зерттеу өткізу кезінде хронометраждық зерттеу өткізетін салық қызметі органдарының лауазымды тұлғалары зерттеу барысында алынған мәліметтерді хронометраждық-бақылау карталарына күн сайын енгізудің толықтығы мен дәлдігін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ретте, салық салудың әрбір объектісіне және салық салумен байланысты объект, сондай-ақ кірісті алудың басқа көзіне мынадай тұратын жеке хронометраждық-бақылау картасы жасалады: 1. салық төлеушінің атауы, тіркеу нөмірі және қызмет түрі; 2. зерттеуді өткізу күні; 3. салық салу объектісінің орналасқан жері; 4. хронометраждық зерттеу басталу мен аяқтау уақыты; 5. салық салу объектісі және өткізілетін (көрсетілетін) тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) құн; 6. зерттелетін салық салу объектісі бойынша деректер; 7. зерттелетін күн нәтижесі; 8. күн басталу мен соңына бақылау-касса машинасының көрсеткіші; 9. басқа деректер.
      13. Күн сайын зерттелетін күн аяқталуы бойынша салық салудың әрбір объектісі мен (және) салық салумен байланысты объектілер бойынша, сондай-ақ кірісті алудың әрбір басқа көзі бойынша жиынтық кесте жасалады.
      14. Хронометраждық-бақылау картасы мен жиынтық кестеге міндетті тәртіпте салық қызметі органының лауазымды тұлғасы мен салық төлеуші немесе оның заңды (уәкілетті) өкілі қол қояды, хронометраждық зерттеу актісіне қоса беріледі.
      15. Қажеттілік кезінде хронометраждық-бақылау картасына құжаттар, есеп-айырысулар және хронометраждық-бақылау картасында көрсетілген деректерді растайтын зерттеу барысында алынған басқа да материалдар көшірмелері қоса беріледі.
 
                6. Хронометраждық зерттеу нәтижелері
 
      16. Хронометраждық зерттеу аяқталуы бойынша салық салудың әрбір объектісі бойынша күн сайынғы жиынтық кесте негізінде тексерілетін кезең үшін нақты алынған кірістер және (немесе) жүргізілген шығыстар бойынша орташа деректер жинақталады.
      17. Анықталған орташа деректер негізінде есептелген және төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы, кіріс алумен байланысты нақты кірістер және (немесе) шығыстар салық төлеуші белгілеген салық тексерістерін өткізуге дейін растығы тексеріледі.
      18. Хронометраждық зерттеу нәтижелері бойынша мыналарды көрсетумен салық тексерісінің актісі жасалады:
      1) нұсқама нөмірі мен күні, хронометраждық зерттеу өткізу орны, актіні жасау күні;
      2) хронометраждық зерттеу өткізген салық қызметі органдары лауазымды тұлғаларының лауазымы, аты-жөні;
      3) салық төлеушінің аты-жөні немесе толық атауы;
      4) салық төлеушінің орналасқан жері, банк деректемелері, сондай-ақ оның тіркеу нөмірі;
      5) салық және бухгалтерлік есеп беруді жүргізуге және салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге жауапты салық төлеушінің басшысы мен лауазымды тұлғасының аты-жөні;
      6) хронометраждық зерттеу бойынша бұрынғы тексеріс және Қазақстан Республикасының бұрын анықталған салық заңнамасын бұзуды жою жөніндегі қабылданған шаралар туралы мәліметтер;
      7) тексерілетін (зерттелетін) салық кезеңі және кірісті алудың көздері туралы жалпы мәліметтер (зерттеу өткізу үшін салық төлеуші берген құжаттар, сондай-ақ берілмеген құжаттар тізбесі);
      8) хронометраждық зерттеу нәтижесі.
      19. Хронометраждық зерттеу актісінің негізінде салық қызметінің органдары патент негізінде арнаулы салық режимінде қызметін жүзеге асыратын шағын бизнес субъектісі - салық төлеушінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық төленген сомасын қайтаруды жүргізеді; салық төлеушілердің кешенді және тақырыптық құжатты салық тексерістерін өткізуі кезінде салық төлеушілердегі хронометраждық зерттеу қорытындыларын және қолданылып жүрген заңнамаға қайшы келмейтін өзге де шешімдерді қолданады.
      20. Салық төлеушілердің хронометраждық зерттеу нәтижелері кешенді және тақырыптың құжатты салық тексерісінің қорытындысы бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасының есептеуін өткізуі кезінде ескеріледі.
      21. Хронометраждық зерттеу актісі екі данада жасалады және хронометраждық зерттеу өткізген салық қызметі органының лауазымды тұлғасы қол қояды және де салық тексерістері актілерін тіркеудің арнайы журналында салық қызметі органдарында тіркеледі. Хронометраждық зерттеу актісінің бір данасы салық төлеушіге немесе оның заңды (уәкілетті) өкіліне тапсырылады. Хронометраждық зерттеу актісін алу кезінде салық төлеуші немесе оның заңды (уәкілетті) өкілі оны алу туралы белгіні жасауға міндетті. 7. Хронометраждық зерттеу нәтижелеріне шағымдану 22. Хронометраждық зерттеу нәтижелеріне шағымдану "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің K010209_ 18-бөліміне сәйкес жүргізіледі. Мамандар: Икебаева А.Ж. Шарипова М.Е.