1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің "Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 11 наурыздағы N 151 V011474_ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орындарының қызметін
ұйымдастыру Ережесінде: 9 тараудың 195-тармағындағы "рұқсат етілмейді" деген сөздер "ерекше жағдай ретінде үздік диплом алуға талапкер бітіруші курс студенттеріне Жоғарғы оқу орны кеңесінің шешімімен рұқсат беріледі" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім департаменті (Б. Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге ұсынсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бірінші вице-министр Ғ. Мұтановқа жүктелсін. Министр Мамандар: Омарбекова А.Т. Қасымбеков Б.А.