"Бір жолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы" ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1469 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 417 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 22 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1832.

Қолданыстағы

      Бір жолғы талондарды беру тәртібін ретке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
 
 
 
      1. "Бір жолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1469 V011685_ бұйрығына мынандай толықтырулар енгізілсін:
      Аталған Бұйрықпен бекітілген Бір жолғы талондарды беру Ережелерде:
      7-тармақ мынандай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Бiр жолғы талондар базарларда сатуды жүзеге асыратын тұлғаларға базарларда сату - қызмет түріне беріледі. Көрсетілген осы қызмет түрінің бiр жолғы талонының құны кiрiс алынатын объектiнiң орналасқан жерiн, түрiн, қызметтi жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен көлемiн, сондай-ақ қызметпен шұғылдану тиiмдiлiгiне ықпал ететiн басқа да факторларды ескере отырып белгіленеді.".
      2. Өндiрiстiк емес төлемдер департаментi (Ю. Тiлеумұратов) осы Бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жіберсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-Министр С. Қанатовқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. Министрдің м.а. Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.