Қазақстан Республикасындағы электр қуаты мен энергиясының рыногын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қосымша тіркелген Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет көрсету Ережелері бекітілсін. 2. Электр энергетикасы және қатты отын департаменті қосымша тіркелген Ережелердің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Энергетика және минералдық ресурстар Вице-министрі П. Нефедовқа жүктелсін. Министр Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ 1. Негізгі қағидаттар
1. Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет көрсету Ережелері (ары қарай - Ережелер) Қазақстан Республикасының "Электр энергетикасы туралы" Z990438_ Заңына сәйкес электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша электр энергиясы рыногындағы субъектілердің өзара қарым-қатынастарын жетілдіру мақсатында жасақталған.
2. Ережелер Қазақстан Республикасы БЭЖ-нің Техникалық оператор міндеттерін атқаратын "KEGOC" ААҚ-ның электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөнінде электр энергиясы рыногындағы субъектілермен өзара қарым-қатынастарының тәртібін айқындайды.
3. Ережелер Қазақстан Республикасының электр энергиясы рыногындағы барлық субъектілер үшін міндеттілі.
2. Негізгі түсініктер мен анықтамалар
4. Осы Ережелерде келесі түсініктер мен анықтамалар қолданылады:
1) Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесі (ары қарай - ҚР БЭЖ) - орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару кезінде өзара электр қуаты мен электр энергиясын өндірудің, жеткізу, тарату және тұтынудың үздіксіз технологиялық процесінің жалпы түзімімен байланысқан электр стансаларының, электр жеткізу желілері мен қосалқы стансалардың жиынтығы;
2) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығы - электрмен жабдықтауы энергожүйедегі қалыпты жұмыс режимінің бұзылу процесінде үзілген тұтынушылардың көпшілігін қоректендірумен қамтамасыз ету немесе тұтынушылар бөлігінің қоректенуін қалпына келтіру үшін қажетті негізгі желінің біртұтастығын сақтай отырып, электр жүйесінің апаттық ұйтқуларға қарсы тұру қабілеті;
3) ұлттық электр торабы - электр энергиясы мен қуатының мемлекетаралық және аймақаралық ағындарын қамтамасыз ететін электр жеткізу желілері мен қосалқы стансалар жиынтығы;
4) электр жеткізудің сыңар желілері - Қазақстан Республикасы электр энергиясы мен қуаты рыногындағы субъектілердің ұлттық электр торабының жүйедегі электр жеткізу желілеріне қосымша салған және енгізген электр жеткізу желілері, солар бойынша субъектілердің санаттылығына сәйкес электр энергиясының нормаланған сапасымен және ұлттық электр торабында ағын таратылуын өзгертетін электр энергиясы мен қуатының тасқыны жүзеге асырылады;
5) реттеуші орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға өкілеттенген мемлекеттік орган;
6) өкілетті орган - электр энергетикасымен байланысты қарым-қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
7) Нарықтық оператор - нарықтық тетіктер көмегімен электр энергиясын өндіру мен тұтыну түзімдерін коммерциялық диспетчерлендіруді жүзеге асыратын ұйым;
8) Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет көрсетулер - Техникалық оператордың тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігінің шарттық талаптарын қамтамасыз ету мақсатында атқаратын ұйымдастыру және техникалық шаралар кешені.
3. Техникалық оператордың электрмен жабдықтаудың сенімділігі
мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөнінде электр энергиясы
рыногындағы субъектілерге көрсететін қызметтері
5. Техникалық оператор атқаратын міндеттер шеңберінде Қазақстан Республикасы электр энергиясы рыногындағы субъектілерді электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөнінде мынандай қызмет көрсетеді:
1) Қазақстан БЭЖ электр жалғанымдарының тәсімдерін тұтастай және оның бөліктерін тиесілі маусымдық кезеңдерге таңдап алу;
2) тұтынушылардың электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ететін, электр жеткізудің сыңарлы желілерін салған және соларды пайдаланатын ұлттық электр торабының іс-қимылдағы электр желілерінің даярлығын қолдау;
3) Техникалық оператордың диспетчерлік орталықтары бақылайтын тораптың кернеуін реттеу және электр торабының бақылау нүктелеріндегі кернеу кестесін жасақтау;
4) ҚР БЭЖ-де технологиялық бұзылулардың алдын алу және шектеу жөніндегі шараларды жасақтау және жүзеге асыру;
5) ұлттық электр торабының өткізу қабілетін басқару;
6) жалпыжүйелік апатқа қарсы автоматиканы жасақтау және ендіру, релелік қорғаныш пен апатқа қарсы автоматикасы құрылғыларының пайдаланылуына бақылау жасау, олардың бапталу шамаларын келісу;
7) төтенше, зілзала құбылыстары немесе үшінші тұлғалар және т.с.с. әсерінің нәтижесінде болған апаттық зақымдануларды дереу шектеу және одан әрі жою;
8) Қазақстан БЭЖ-нің іргелес мемлекеттердің энергобірлестіктерімен қосарлы жұмыс жағдайында электр энергия ағындарын басқару.
4. Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын
қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсетулерді
пайдалану тәртібі
6. Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсетулерді пайдалану Техникалық оператор мен электр энергиясы рыногындағы субъектілер арасында жасасылған шарттар негізінде, Азаматтық кодекске, осы Ережелерге және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсетулер Шарты қызмет ұсынудың тәртібі мен талаптарын, сондай-ақ осы қызметтерді төлеудің тәртібі мен талаптарын, тараптардың шартта ойластырылған талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілігін мазмұндауы тиіс.
5. Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын
қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсетулерді
пайдаланғаны үшін ақы төлеу
8. Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсетулерді пайдаланғаны үшін ақы төлеуді осы қызметтерді тұтынушылар қызмет көрсетулер шартының талаптарына сәйкес электр энергиясын нақтылы тұтыну шамасының тұрғысынан жүргізіледі.
9. Техникалық оператордың электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсетулер құны реттеуші органның заңнамалық тәртіппен тағайындаған тарифтері бойынша анықталады.
10. Көрсетілген қызметтер үшін ақы мөлшері тағайындалған тарифтің электр энергиясын жеткізілімдеу-тұтынудың нақтылы балансының деректері бойынша айқындалған электр энергиясының көлеміне көбейтумен анықталады, ал балансты кернеу сыныбы мен электр энергиясын тұтынуды жүзеге асыратын желілер иелігіне тәуелсіз Нарықтық оператор жасайды.
6. Техникалық оператордың құқықтары мен міндеттері
11. Техникалық оператор электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсетілген және осы қызметтерді көрсету шартында, осынау Ережелер мен басқа да нормативтік құқықтық актілерде көзделіп жүктелген міндеттерді атқарған кезде мынандай құқыққа ие:
1) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығына бағытталған жедел өкімдер беру;
2) ҚР БЭЖ-нің орнықтылық талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жасақтау және келісімдеу;
3) ҚР БЭЖ-не жалғанған барлық субъектілерден реле қорғанышы мен автоматика (РҚА), апатқа қарсы автоматика (АҚА) құралдарын жайғастыру және орнату, сондай-ақ оларды баптау шамаларын өзгерту жөнінде нұсқауларды сөзсіз орындауды талап ету.
12. Техникалық оператор:
1) жабдықтардың байыпты табиғи жай-күйін қолдау жолымен ұлттық электр торабы объектілерінің сенімді де орнықты жұмысын;
2) электр энергиясын тұтынушылары диспетчерлік орталықтарының іс-қимылдарын үйлестіруді;
3) ұлттық электр торабының жеделдік электр тәсімін және көрсетілген мен түйіскен тораптың сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ұдайы жасақтауды;
4) Техникалық оператордың диспетчерлік орталықтарының жедел басқаруындағы желілер бойынша апатқа қарсы автоматиканың құрылымын, қағидалары мен тағайыншамаларын айқындауды;
5) Техникалық оператордың диспетчерлік орталықтарының жедел басқаруындағы желілер үшін реле қорғанышының құрылымын, қағидалары мен тағайыншамаларын айқындауды;
6) басқарылмалы электр торабында кернеудің нормативтік деңгейлерін;
7) автоматикалық жиілік жүктемесінің (АЖЖ), жиіліктік автоматикалық қайталай қосу (ЖАҚҚ), жүктемені ажыратудың арнаулы автоматикасының (ЖААА) көлемдері мен тағайыншамалары бойынша тапсырмаларды айқындауды және беруді;
8) қосалқы стансалар мен тораптардың негізгі жабдықтарын, реле қорғанышы, апатқа қарсы автоматика құрылғыларын, Техникалық оператордың диспетчерлік орталықтарының жедел басқаруындағы диспетчерлік-технологиялық басқару құралдарын жөндеуге өтінімдерді түзімдік ширатуды;
9) ҚР БЭЖ-де электр энергиясын өндіру, жеткізу және тарату кезінде апаттар мен технологиялық бұзылулардың алдын алуды және жоюды;
10) Техникалық оператордың диспетчерлік орталықтарының жедел басқаруындағы бастапқы жабдықтарды, РҚ мен АҚА құрылғыларын, телемеханика мен байланыс құралдарын пайдалану жөнінде тұтынушылар жұмыскерлерінің іс-қимылдарын үйлестіруді;
11) уәкілетті және реттеуші органдардың бірлескен шешімі негізінде электр жеткізудің сыңарлы желілерін салуға арналған техникалық шарттардың жасақталуын және берілуін қамтамасыз етуге міндетті.
7. Электр энергиясын тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері
13. Тұтынушылар электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсетілген және осы қызметтерді көрсету шартында, осынау Ережелер мен басқа да нормативтік құқықтық актілерде көзделіп жүктелген міндеттерді атқарған кезде сенімді де сапалы электрмен жабдықтау құқысына ие.
14. Электр энергиясын тұтынушылар мынаған міндетті:
1) Техникалық оператордың электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығына бағытталған жедел өкімдерін орындау;
2) Техникалық оператордың АЖЖ, ЖАҚҚ, ЖААА көлемдері мен тағайыншамалары бойынша тапсырмаларын орындау;
3) Техникалық оператордың қосалқы стансалар мен тораптардың негізгі жабдықтарын, реле қорғанышы, апатқа қарсы автоматика құрылғыларын, диспетчерлік орталықтарының жедел басқаруындағы диспетчерлік-технологиялық басқару құралдарын жөндеуге өтінімдерді түзімдік ширату кезінде берілген өкімдерін іске асыру;
4) Техникалық оператордың электр энергиясын өндіру, жеткізу және
тарату кезінде апаттар мен технологиялық бұзылулардың алдын алуға және жоюға бағытталған бұйрықтарын орындау; 5) Техникалық оператормен Техникалық оператордың диспетчерлік орталықтарының жедел басқаруындағы бастапқы жабдықтарды, РҚ мен АҚА құрылғыларын, телемеханика мен байланыс құралдарын жегімдеу жөніндегі тұтынушылар жұмыскерлерінің іс-қимылдарын үйлестіру. 8. Жауапкершілік 15. Осы Ережелердің бұзылғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік тартылады. Мамандар: Омарбекова А.Т. Қобдалиева Н.М.