"Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығына N 69 өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 14 ақпандағы N 58 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 16 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1800.

Қолданыстағы
                                БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобындағы 1 "Автомобиль көлiгi" iшкi функциясындағы 274 "Жергіліктi бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көлiктiң атқарушы органы" бағдарламалар әкiмшiсi бойынша 052 "Орал қаласы ауданында Орал өзенi арқылы көпiр салу үшiн темiр бетондық көпiр конструкцияларын сатып алу" бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "052 Орал қаласы ауданында Орал өзенi арқылы көпір салу үшiн құрылыс материалдарын және конструкциялар сатып алу"
      15 "Ресми трансферттер" функционалдық тобындағы 1 "Ресми трансферттер" iшкi функциясындағы 105 "Әкiм аппараты" бағдарламалар әкiмшiсi бойынша 054 "Облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен алынатын трансферттер" бағдарламасындағы 030 "Аудандық (қалалық) бюджеттерге алынатын мақсатты трансферттер" кiшi бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:

     "030 Аудандық (қалалық) бюджеттерге алынатын мақсатты инвестициялық 
трансферттер".
     2. Заң қызметi департаментi (Қ. Әбдiқалықов) және Мемлекеттiк бюджет 
департаментi (Б. Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет 
министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 
мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енедi және 2002 жылғы 
1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

     Премьер-Министрдің орынбасары
     Қаржы министрі
     
     
      Мамандар:
             Омарбекова А.Т.
             Жұманазарова А.Б.