"Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2002 жылғы 18 ақпандағы N 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 14 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1793. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 395 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.08.04 № 395 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z010261_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес
                                 БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 V980489_ бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi нұсқаулықта:
      Нұсқаулықтың бүкiл мәтiнi бойынша "шығыстар сметасы", "шығыстар сметасын", "шығыстар сметасының" деген сөздер "қаржыландыру жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын және "сметалар", "сметаларды", "сметаларға", "сметалармен" деген сөздер (1, 2, 10-тармақтарды, бесiншi абзацты, 131, 202-тармақтарды қоспағанда) ауыстырылатын сөздердiң септеулерi мен жекеше және көпше түрлерiне тиiсiнше "қаржыландыру жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтағы "сметаларда" деген сөз ", республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсететiн, "Баск-М" жүйесiнiң жұмыс iстеу кезеңiнде шығыстарды қаржыландырудың егжей-тегжейлi жоспарларында көзделген "Баск-М" жүйесiнде пайдаланылатын Бюджеттiк сыныптама анықтамалықтарының шифрлары (бұдан әрi - Бюджеттiк сыныптама анықтамалықтарының шифрлары) бойынша жүргiзiлетiн "Баск-М" мемлекеттiк ақпарат жүйесiнде (бұдан әрi - Баск-М жүйесi) жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, қаржыландырудың егжей-тегжейлi жоспарларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      114, 124, 194-тармақтардың үшiншi абзацындағы "Шығыстардың сметаларын" деген сөздердiң алдынан "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн және "Баск-М" жүйесiнің жұмыс iстеу кезеңiнде осы есеп Бюджеттiк сыныптама анықтамалығының шифрлары бойынша жүргiзiлетiн "Баск-М" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда,";

 

     115-тармақтың оныншы абзацындағы және 132-1-тармақтың төртiншi

абзацындағы "бюджеттiк сыныптаманың кодтарымен" деген сөздерден кейiн

"(Бюджеттiк сыныптама анықтамалығының шифрларымен)" деген сөздермен

толықтырылсын;

     147-тармақтағы "сметалық тағайындау" деген сөздер "жоспарлы

тағайындаулар" деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде

мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.


     Төрайым



     Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Жұманазарова А.Б.