Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын белгілеудің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-Ө бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 28 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1782

Қолданыстағы
      "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" 2001 жылғы 17 шiлдедегi N 246-II Z010246_ Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес
                                 БҰЙЫРАМЫН:
      1. Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын белгiлеудiң ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 1997 жылғы 2 сәуiрдегi N 2 V970306_ "Жиынтық табысты есептеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде

мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
     4. Әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек департаментiнiң 
директоры (Әбдiқалықова) облыстық, Астана мен Алматы қалаларының еңбек, 
жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау уәкiлеттi органдарына осы 
бұйрықтың жетуiн қамтамасыз етсiн.
     5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-министр М.Х. Өтеулинаға 
жүктелсiн.
     Министр
     Келісілген:  
     Қазақстан Республикасы 
     Статистика жөніндегі агенттігінің 
     төрағасы


                                             Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-Ө бұйрығымен бекiтiлген


       Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының)
                        жиынтық табысын анықтаудың
                                 ЕРЕЖЕСI

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегi N 246-II Z010246_ Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың тәртiбiн көздейдi.

                            1. Жалпы ережелер

      1. Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысын есептеу үшiн анықтайды.
      2. Отбасының жиынтық табысын анықтау кезiнде атаулы әлеуметтiк көмекке өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсан iшiнде (бұдан әрi - тоқсан) ақшалай немесе заттай түрде алынған, тұрғын үй және атаулы әлеуметтiк көмектен басқа табыстың барлық түрлерi есептеледi.
      3. Жиынтық табысты анықтау өтiнiш иесiнiң алған табыстары туралы ұсынған мәлiметтерi негiзiнде жүргiзiледi.
      Еңбек қызметiнен түсетiн табыс отбасының жиынтық табысында жұмыс орнынан еңбекақысы туралы ұсынылған мәлiметтерге сәйкес ескерiледi.
      4. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өсiруден (саяжай телiмдерiнен түсетiн табысты қоспағанда), мал мен құс асырап өсiруден түсетiн, отбасының жиынтық табысына есептелетiн жеке меншiк қосалқы шаруашылықтан алынатын табыстар әрбiр отбасы бойынша жеке меншiк қосалқы шаруашылығының бар екенi және оның мөлшерi туралы өтiнiш иесiнiң мәлiметтерi негiзiнде есептеледi.
      5. Жеке меншiк қосалқы шаруашылықтан бiр жыл iшiнде алынатын таза табысты уәкiлеттi орган шаруашылықта өндiрiлген өнiмнiң құнына, табиғи-шаруашылық аймақтар бойынша аудандардың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiне (1-қосымша) және өтiнiш иесi көрсеткен қосалқы шаруашылықтың мөлшерiне қарай тiкелей өндiрiстiк шығындарға сүйене отырып уәкiлеттi орган есептейдi.
      6. Бiр сотық жерден (бiр бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдардың орташа өнiмділігiн (қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) өнiмнiң 1 килограмының орташа бағасына (2-7 қосымшалар) көбейту жолымен анықталады.
      7. Отбасының жиынтық табысына жеке меншiк қосалқы шаруашылықтан тоқсан iшiнде алынған таза табысы есептеледi. Отбасының жеке меншiк қосалқы шаруашылықтан бiр тоқсан iшiнде алған таза табысы жеке меншiк қосалқы шаруашылықтың жылдық таза табысын төрт тоқсанға бөлу жолымен анықталады.
      8. Статистика жөнiндегi облыстық органдар облыстық, Астана және Алматы қалаларының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдарына ұсынатын, 2-7 қосымшада көрсетiлген өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiнiң облыстарда қалыптасқан өткен жылғы орташа жылдық бағалары табысты есептеу үшiн қолданылады.
      Облыстық, Астана және Алматы қалаларының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдары облыстық статистика жөнiндегi органдар ұсынған бағаларды атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды жүзеге асыратын аудандық (қалалық) уәкiлеттi органдарға жiбередi.
      Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi облыстық органдар қажет болған жағдайда, өнiмдердi сату рыногынан шалғайда және баруға қиын жерлерде орналасқан аудандар әкiмдерiнiң сұрауы бойынша аталған бағаларды азайту жағына қарай түзеу туралы шешiм қабылдауға құқылы, бiрақ ол 20 проценттен аспауға тиiс.
      9. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң жеке нормативтiк карточкасын (8-қосымша) оларды отбасының жиынтық табысына есептеу үшiн есеп жүргiзген адам өтiнiш берушi деректерiнiң негiзiнде толтырады.

                        2. Жиынтық табысты есептеу

      10. Отбасының жиынтық табысы отбасы құрамы туралы анықтамада көрсетiлген барлық адамдардың тоқсан iшiндегi табысын қосу жолымен есептеледi.
      11. Бiр тоқсаннан астам уақытқа төленуге тиесiлi табыс бiр мезгiлде алынған кезде, табыстың барлық сомасын олар алынған айлардың санына бөлiнген, үш айға көбейтiлген мөлшердегi табыс жиынтық табысқа есептеледi.
      12. Егер отбасының бiр мүшесi табыс есептелетiн тоқсаннан аз уақыт жұмыс iстесе, осы тоқсанда жұмыс iстеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледi.
      13. Отбасының бір айдағы орташа жан басына шаққандағы табысы отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы құрамында есептелген мүшелерінің санынан және үш айға бөлу жолымен белгіленеді.

                 3. Отбасының жиынтық табысын есептеген кезде
                           ескерілетін ерекшеліктер

      14. Шетелдік валютамен алынған табыстар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі отбасының жиынтық табысын белгілеу сәтінде белгілеген бағам бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.
                                          Қазақстан Республикасы Еңбек

және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнің 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-Ө бұйрығымен бекiтiлген атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесiне 1-қосымша


                Қазақстан Республикасының табиғи-шаруашылық

             аймақтар бойынша әкiмшiлiк-аумақтық органдарының
                          2001 жылғы 1 қаңтардағы
                                 Тiзбесi
___________________________________________________________________________
     Облысы                           Ауданы
___________________________________________________________________________
                          1. Далалық аймақ
___________________________________________________________________________
Солтүстiк Қазақстан             1.  Айыртау
                                2.  Ақжар
                                3.  Булаев
                                4.  Есiл
                                5.  Жамбыл
                                6.  Қызылжар
                                7.  Мамлют
                                8.  Шал Ақын
                                9.  Аққайың
                                10. Тайынша
                                11. Тимирязев
                                12. Уәлиханов
                                13. Целинный
                                    Петропавл қаласы
Ақмола                          1.  Еңбекшiлдер
                                2.  Зерендi
                                3.  Шучье
                                4.  Сандықтау
                                5.  Бұланды
                                6.  Ақкөл
                                7.  Ерейментау
                                8.  Жақсы
                                    Көкшетау қаласы
                                    Степногорск қаласы
Қостанай                        1.  Қарабалық
                                2.  Федоров
                                3.  Меңдiғара
                                4.  Ұзынкөл
                                5.  Денисов
                                6.  Әулиекөл
                                7.  Қарасу
                                8.  Алтынсарин
                                9.  Сарыкөл
                                10. Қостанай
                                11. Таранов
                                    Қостанай қаласы
                                    Рудный қаласы
Павлодар                        1.  Ертiс
                                2.  Железинский
                                3.  Қашыр
___________________________________________________________________________
                           2. Қуаң дала
___________________________________________________________________________
Батыс Қазақстан                 1.  Ақжайық
                                2.  Тасқала
                                3.  Зеленов
                                4.  Теректi
                                5.  Бөрлi
                                6.  Шыңғырлау
                                    Орал қаласы
Ақтөбе                          1.  Қобда
                                2.  Мартөк
                                3.  Әйтеке би
                                4.  Қарғалы
                                5.  Алға
                                    Ақтөбе қаласы
Қостанай                        1.  Қамысты
                                2.  Наурызым
                                3.  Жетiқара
                                    Лисаковск қаласы
Ақмола                          1.  Есiл
                                2.  Атбасар
                                3.  Қорғалжын
                                4.  Шортанды
                                5.  Целиноград
                                6.  Астрахан
                                7.  Аршалы
                                8.  Егiндiкөл
                                9.  Жарқайың
Астана қаласы
Қарағанды                       1.  Нұра
                                2.  Қарқаралы
                                3.  Осакаров
                                4.  Абай
                                5.  Бұқар жырау
                                    Қарағанды қаласы
Павлодар                        1.  Ақтоғай
                                2.  Баянауыл
                                3.  Лебяжi
                                4.  Май
                                5.  Павлодар
                                6.  Успен
                                7.  Шарбақты
                                    Екiбастұз қаласы
                                    Павлодар қаласы
                                    Ақсу қаласы
Шығыс Қазақстан                 1.  Бесқарағай
                                2.  Бородулихин
                                3.  Зырянов
                                4.  Көкпектi
___________________________________________________________________________
                           3. Шөлейт аймақ
___________________________________________________________________________
Алматы                              Қапшағай қаласы
Батыс Қазақстан                 1.  Бөкей орда
                                2.  Жанқала
                                3.  Жәнiбек
                                4.  Қазталов
                                5.  Қаратөбе
                                6.  Сырым
Қостанай                        1.  Амангелдi
                                2.  Жангелдi
                                    Арқалық қаласы
Ақтөбе                          1.  Ойыл
                                2.  Темiр
                                3.  Ырғыз
                                4.  Хромтау
                                5.  Мұғалжар
Қарағанды                       1.  Жаңаарқа
                                2.  Шет
                                3.  Ақтоғай
                                4.  Ұлытау
                                    Жезқазған қаласы
Шығыс Қазақстан                 1.  Абай
                                2.  Аягөз
                                3.  Жарма
                                    Семей қаласы
                                    Курчатов қаласы
___________________________________________________________________________
                         4. Шөл аймақтар
___________________________________________________________________________
Атырау                          1.  Жылой
                                2.  Индер
                                3.  Исатай
                                4.  Құрманғазы
                                5.  Қызылқоға
                                6.  Мақат
                                7.  Махамбет
                                    Атырау қаласы
Қызылорда                       1.  Арал
                                2.  Жалағаш
                                3.  Жаңақорған
                                4.  Қазалы
                                5.  Қармақшы
                                6.  Сырдария
                                7.  Шиелi
                                    Қызылорда
Ақтөбе                          1.  Байғанин
                                2.  Шалқар
Маңғыстау                       1.  Бейнеу
                                2.  Қарақия
                                3.  Маңғыстау
                                4.  Түпқарағай
                                    Ақтау қаласы
Оңтүстiк Қазақстан              1.  Созақ
                                2.  Отырар
Жамбыл                          1.  Сарысу
                                2.  Талас
                                3.  Тұрар Рысқұлов
Алматы                          1.  Балқаш
___________________________________________________________________________
                 5. Тянь-шань таулы және қыратты аймақ
___________________________________________________________________________
Алматы                          1.  Ақсу
                                2.  Алакөл
                                3.  Еңбекшiқазақ
                                4.  Жамбыл
                                5.  Кербұлақ
                                6.  Көксу
                                7.  Қаратал
                                8.  Қарасай
                                9.  Панфилов
                                10. Райымбек
                                11. Сарқант
                                12. Талғар
                                13. Ескелдi
                                14. Ұйғыр
                                15. Iле
                                    Талдықорған қаласы
                                    Текелi қаласы
Алматы қаласы
Жамбыл                          1.  Байзақов
                                2.  Жамбыл
                                3.  Жуалы
                                4.  Қордай
                                5.  Мерке
                                6.  Мойынқұм
                                7.  Шу
                                    Тараз қаласы
Оңтүстiк Қазақстан              1.  Арыс
                                2.  Бәйдiбек
                                3.  Қазығұрт
                                4.  Мақтарал
                                5.  Ордабасы
                                6.  Отырар
                                7.  Сайрам
                                8.  Сарыағаш
                                9.  Төлеби
                                10. Түлкiбас
                                11. Шардара
                                    Шымкент қаласы
                                    Кентау қаласы
                                    Түркiстан қаласы
Шығыс Қазақстан                 1.  Үржар
                                2.  Зайсан
___________________________________________________________________________
Шығыс Қазақстан                 1.  Глубоков
                                2.  Катонқарағай
                                3.  Тарбағатай
                                4.  Шемонайха
                                5.  Күршiм
                                6.  Ұлан
                                    Өскемен қаласы
                                    Лениногорск қаласы
___________________________________________________________________________


                                          Қазақстан Республикасы Еңбек

және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнің 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-Ө бұйрығымен бекiтiлген атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесiне 2-қосымша


    Далалы аймақтағы жеке меншiк шаруашылықтың тiкелей өндiрiс шығыстары,
                         жалпы және таза табысының    
                           нормативтiк кәртiшкесi
     Өсiмдiк шаруашылығының өнiмi
___________________________________________________________________________
         Өнiм           !жердiң 1! жердiң 1!1 кг. ! 1 сотка.  !1 сотка
                        !соткасы.!соткасына!өнiм. ! дан өнді. ! жерден
                        !  ның   !жұмсалған! нің  !  рілген   ! түскен
                        !орташа  !шығыстың !орташа! өнімнің   !табыс (+),
                        !өнiмдi. ! орташа  !бағасы!  орташа   !шығыс (-)
                        ! лігі   ! деңгейi !      !  бағасы   ! теңгемен
                        ! кг-мен ! теңгемен!      ! теңгемен  !(5гр.-3гр.)
                        !        !         !      !(2гр.х4гр.)!
___________________________________________________________________________
          1                 2         3        4        5          6
___________________________________________________________________________
Бидай                       20       268
Арпа                        25       188
Қарақұмық                   5        143
Жүгерi (жасыл салмағы)      100      128 
Көп жылдық шөптер           20       114 
Бiр жылдық шөптер           15       83
Картоп                      80       1256
Көкөнiс                     65       1069 
Бақшалар                    105      483
Шекiлдеуiктер бақтары
(алма, алмұрт және т.б.)    35       634
Сүйектi бақтары (өрiк,
қара өрiк және т.б.         25       509
Жидек дақылдары             33       946 
Жүзiм                       25       636
Күнбағыс                    12       220 
___________________________________________________________________________
     Мал шаруашылығының өнiмi
___________________________________________________________________________
        Өнім          !1 бастан! 1 басқа ! 1 кг.  !1 бастан   !1 бастан 
                      !алынатын!жұмсалған!өнімнің,!өндірілген ! түскен  
                      ! орташа !шығыстың !(1л,10  ! өнімнің   !табыс (+), 
                      ! өнімді.! орташа  ! дана   ! орташа    !шығыс (-) 
                      !  лiк   ! деңгейi !жұмырт. ! бағасы    ! теңгемен 
                      ! кг-мен !теңгемен !қаның)  !теңгемен   !(5гр.-3гр.) 
                      !  (л)   !         !орташа  !(2гр.х4гр.)!
                      !        !         !бағасы, !           !
                      !        !         ! теңге  !           !
___________________________________________________________________________
          1                2         3        4         5          6 
___________________________________________________________________________
Сүттi iрi қара мал (сүт)  2200     26549
Еттi iрi қара мал          179     15308
(сиыр етi)
Шошқалар (шошқа етi)       110      9425
Қойлар, ешкілер ет/жүн    22/2,5    5800
Жылқы (жылқы етi)          124      7446
Түйе (түйе етi)            126      2979
Жұмыртқалайтын құс         200       728
(жұмыртқа)               жұмыртқа
Еттi құс (құс етi)         2,5       489
___________________________________________________________________________


                                          Қазақстан Республикасы Еңбек

және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнің 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-Ө бұйрығымен бекiтiлген атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесiне 3-қосымша


     Қуаң далалы аймақтағы жеке меншiк шаруашылықтың тiкелей өндiрiс       
                    шығыстары, жалпы және таза табысының    
                          нормативтiк кәртiшкесi
     Өсiмдiк шаруашылығының өнiмi
___________________________________________________________________________
          Өнiм           !жердiң ! жердiң 1!1 кг. ! 1 сотка.  ! 1 сотка
                         !1 сот. !соткасына!өнiм. ! дан өнді. ! жерден
                         !касының!жұмсалған! нің  !  рілген   ! түскен
                         !орташа !шығыстың !орташа! өнімнің   !табыс (+),
                         !өнiмдi.! орташа  !бағасы!  орташа   !шығыс (-)
                         ! лігі  ! деңгейi !      !  бағасы   ! теңгемен
                         ! кг-мен! теңгемен!      ! теңгемен  !(5гр.-3гр.)
                         !       !         !      !(2гр.х4гр.)!
___________________________________________________________________________
           1                2         3        4        5          6
___________________________________________________________________________
Бидай                       20       268
Арпа                        25       188
Қарақұмық                   5        150
Жүгерi (жасыл салмағы)      100      128 
Көп жылдық шөптер           15       91 
Бiр жылдық шөптер           10       83
Картоп                      70       1164
Көкөнiс                     80       1245 
Бақшалар                    115      518
Шекiлдеуiктер бақтары
(алма, алмұрт және т.б.)    30       583
Сүйектi бақтары (өрiк,
қара өрiк және т.б.)        22       514
Жидек дақылдары             23       819 
Жүзiм                       22       595
___________________________________________________________________________
     Мал шаруашылығының өнiмi
___________________________________________________________________________
        Өнім          !1 бастан! 1 басқа ! 1 кг.  !1 бастан   !1 бастан 
                      !алынатын!жұмсалған!өнімнің,!өндірілген ! түскен  
                      ! орташа !шығыстың !(1л., 10! өнімнің   !табыс (+), 
                      ! өнімді.! орташа  ! дана   ! орташа    !шығыс (-) 
                      !  лiк   ! деңгейi !жұмырт. ! бағасы    ! теңгемен 
                      ! кг-мен !теңгемен !қаның)  !теңгемен   !(5гр.-3гр.) 
                      !  (л)   !         !орташа  !(2гр.х4гр.)!
                      !        !         !бағасы, !           !
                      !        !         ! теңге  !           !
___________________________________________________________________________
          1                2         3        4         5          6 
___________________________________________________________________________
Сүттi iрi қара мал (сүт)  1900     21034
Еттi iрi қара мал          179     16435
(сиыр етi)
Шошқалар (шошқа етi)        110      9107
Қойлар, ешкілер ет/жүн    22/2,5    3042
Жылқы (жылқы етi)          124      7446
Түйе (түйе етi)            126      2979
Жұмыртқалайтын құс         200       728
(жұмыртқа)               жұмыртқа
Еттi құс (құс етi)         2,5       489
___________________________________________________________________________
     
     


                                          Қазақстан Республикасы Еңбек

және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнің 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-Ө бұйрығымен бекiтiлген атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесiне 4-қосымша


    Шөлейт далалы аймақтағы жеке меншiк шаруашылықтың тiкелей өндiрiс      
                     шығыстары, жалпы және таза табысының    
                           нормативтiк кәртiшкесi
     Өсiмдiк шаруашылығының өнiмi
___________________________________________________________________________
         Өнiм           !жердiң 1! жердiң 1!1 кг. ! 1 сотка.  !1 сотка
                        !соткасы.!соткасына!өнiм. ! дан өнді. ! жерден
                        !  ның   !жұмсалған! нің  !  рілген   ! түскен
                        !орташа  !шығыстың !орташа! өнімнің   !табыс (+),
                        !өнiмдi. ! орташа  !бағасы!  орташа   !шығыс (-)
                        ! лігі   ! деңгейi !      !  бағасы   ! теңгемен
                        !кг-мен  ! теңгемен!      ! теңгемен  !(5гр.-3гр.)
                        !        !         !      !(2гр.х4гр.)!
___________________________________________________________________________
          1                 2         3        4        5          6
___________________________________________________________________________
Бидай                       10       226
Арпа                        15       174
Қарақұмық                   8        153
Жүгерi (жасыл салмағы)      100      128 
Көп жылдық шөптер           10       91 
Бiр жылдық шөптер           10       84
Картоп                      70       1102
Көкөнiс                     90       1249 
Бақшалар                    85       458
Шекiлдеуiктер бақтары
(алма, алмұрт және т.б.)    22       525
Сүйектi бақтары (өрiк,
қара өрiк және т.б.)        20       498
Жидек дақылдары             10       589 
Жүзiм                       20       564
___________________________________________________________________________
     Мал шаруашылығының өнiмi
___________________________________________________________________________
        Өнім          !1 бастан! 1 басқа ! 1 кг.  !1 бастан   !1 бастан 
                      !алынатын!жұмсалған!өнімнің,!өндірілген ! түскен  
                      ! орташа !шығыстың !(1л,10  ! өнімнің   !табыс (+), 
                      ! өнімді.! орташа  ! дана   ! орташа    !шығыс (-) 
                      !  лiк   ! деңгейi !жұмырт. ! бағасы    ! теңгемен 
                      ! кг-мен !теңгемен !қаның)  !теңгемен   !(5гр.-3гр.) 
                      !  (л)   !         !орташа  !(2гр.х4гр.)!
                      !        !         !бағасы, !           !
                      !        !         ! теңге  !           !
___________________________________________________________________________
          1                2         3        4         5          6 
___________________________________________________________________________
Сүттi iрi қара мал (сүт)  1100     19944
Еттi iрi қара мал          165     16016
(сиыр етi)
Шошқалар (шошқа етi)       110      8462
Қойлар, ешкілер ет/жүн    22/2,5   1200/105
Жылқы (жылқы етi)          138      6044
Түйе (түйе етi)            140      2925
Жұмыртқалайтын құс         200       728
(жұмыртқа)               жұмыртқа
Еттi құс (құс етi)         2,5       489
___________________________________________________________________________
     
     


                                          Қазақстан Республикасы Еңбек

және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнің 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-Ө бұйрығымен бекiтiлген атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесiне 5-қосымша


               Шөл аймағындағы тiкелей өндiрiстік шығыстардың,

        жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін жалпы және табыстың    
                         НОРМАТИВТІК КАРТОЧКАСЫ
     Өсiмдiк шаруашылық өнiмдері
___________________________________________________________________________
         Өнiм           !1 сотка !1 сотка  !1 кг. ! 1 сотка.  !1 сотка
                        ! жерден !  жерге  !өнiм. ! жерден өн.! жерден
                        !алынған !жұмсалған! нің  !дірілген   ! түскен
                        !орташа  ! орташа  !орташа! өнімнің   !табыс (+),
                        !өнiмдi. !шығыстар !бағасы!  орташа   !шығыс (-)
                        !лігі, кг! деңгейі,!теңге !  бағасы   !  теңге
                        !        ! теңге   !      !  теңге    !(5гр.-3гр.)
                        !        !         !      !(2гр.х4гр.)!
___________________________________________________________________________
          1                 2         3        4        5          6
___________________________________________________________________________
Бидай                       20       278
Арпа                        25       215
Жүгерi (дәні)               40       295   
Көп жылдық шөптер           45       172 
Бiр жылдық шөптер           25       101
Картоп                      100      1886
Көкөнiстер                  125      1366
Бақша                       120      556
Шекiлдеуiктер бағы          19       483
(алма, алмұрт және
басқасы)   
Сүйектiлер бағы (өрiк,
шие және басқасы)           20       492
Жеміс дақылдары             10       589 
Жүзiм                       19       572
Күнбағыс                    8        208    
___________________________________________________________________________
     Мал шаруашылық өнiмдері
___________________________________________________________________________
        Өнім          ! 1 бас  ! 1 бас   ! 1 кг.  !  1 бас    !1 бас мал.
                      ! малдан !  малға  !өнімнің !  малдан   !дан түсетін 
                      ! алынған!жұмсалған!(1л, 10 !өндірілген !табыс (+), 
                      ! орташа ! орташа  ! дана   ! өнімнің   !шығын (-) 
                      !өнімді. !шығыстар !жұмырт. ! бағасы    !  теңге  
                      !лік, кг !деңгейі, !қаның)  !  теңге    !(5гр.-3гр.) 
                      !  (л)   !  теңге  !орташа  !(2гр.х4гр.)!
                      !        !         !бағасы, !           !
                      !        !         ! теңге  !           !
___________________________________________________________________________
          1                2         3        4         5          6 
___________________________________________________________________________
Сүттi iрi қара малы (сүт)  880     17255
Еттi iрi қара малы         138     15924
(сиыр етi)
Шошқалар (шошқа етi)       110      8973
Қой, ешкі ет/жүн          18/1,0    1696
Жылқы (жылқы етi)          138      5979
Түйе (түйе етi)            154      2925
Жұмыртқалайтын құс         200       728
(жұмыртқа)               жұмыртқа
Еттi құс (құс етi)         2,5       489
___________________________________________________________________________
     


                                          Қазақстан Республикасы Еңбек

және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнің 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-Ө бұйрығымен бекiтiлген атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесiне 6-қосымша


    Тянь-Шан таулы және қыратты аймақтағы тікелей өндiрiстік шығыстардың
        жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін жалпы және табыстың    
                           НОРМАТИВТІК КАРТОЧКАСЫ
     Өсiмдiк шаруашылық өнiмдері
___________________________________________________________________________
         Өнiм           !1 сотка !1 сотка  !1 кг. ! 1 сотка.  !1 сотка
                        ! жерден !  жерге  !өнiм. ! жерден өн.! жерден
                        !алынған !жұмсалған! нің  !дірілген   ! түскен
                        !орташа  !шығыстар !орташа! өнімнің   !табыс (+),
                        !өнiмдi. ! деңгейі,! құны,!  бағасы   !шығыс (-)
                        !лігі, кг!  теңге  !теңге !  теңге    !  теңге
                        !        !         !      !(2гр.х4гр.)!(5гр.-3гр.)
                        !        !         !      !           !
___________________________________________________________________________
          1                 2         3        4        5          6
___________________________________________________________________________
Бидай                       20       293  
Арпа                        25       234
Қарамық                     10       258
Жүгерi (дәні)               40       295   
Жүгері (жасыл сұйығы)       160      235
Күріш                       40       886
Қант қызылшасы              200      525
Темекі                      18       1537
Қоза                        30       853
Көп жылдық шөптер           45       181 
Бiр жылдық шөптер           25       101
Картоп                      120      2324
Көкөнiстер                  145      1442
Бақша                       105      488
Шекiлдеуiктер бағы          40       798
(алма, алмұрт және
басқасы)   
Жеміс дақылдары             35       664 
Жүзiм                       40       786
Күнбағыс                    16       277    
___________________________________________________________________________
     Мал шаруашылық өнiмдері
___________________________________________________________________________
        Өнім          ! 1 бас  ! 1 бас   ! 1 кг.  !  1 бас    !1 бас мал.
                      ! малдан !  малға  !өнімнің !  малдан   !дан түсетін 
                      ! алынған!жұмсалған!(1л, 10 !өндірілген !табыс (+), 
                      ! орташа ! орташа  ! дана   ! өнімнің   !шығыс (-) 
                      !өнімді. !шығыстар !жұмырт. ! бағасы    !  теңге  
                      !лік, кг !деңгейі, !қаның)  !  теңге    !(5гр.-3гр.) 
                      !  (л)   !  теңге  !орташа  !(2гр.х4гр.)!
                      !        !         !құны,   !           !
                      !        !         ! теңге  !           !
___________________________________________________________________________
          1                2         3        4         5          6 
___________________________________________________________________________
Сүттi iрi қара малы (сүт)  2500    20168
Еттi iрi қара малы         179     14047
(сиыр етi)
Шошқалар (шошқа етi)       110      8138
Қой, ешкі ет/жүн          20/3,5    2318
Жылқы (жылқы етi)          151      5795
Түйе (түйе етi)            126      2959
Жұмыртқалайтын құс         200       728
(жұмыртқа)               жұмыртқа
Еттi құс (құс етi)         2,5       489
___________________________________________________________________________


                                          Қазақстан Республикасы Еңбек

және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнің 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-Ө бұйрығымен бекiтiлген атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесiне 7-қосымша


     Алтай таулы және қыратты аймақтағы тікелей өндiрiстік шығыстардың 
          жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін жалпы және табыстың    
                           НОРМАТИВТІК КАРТОЧКАСЫ              
     Өсiмдiк шаруашылық өнiмдері
___________________________________________________________________________
         Өнiм           !1 сотка !1 сотка  !1 кг. ! 1 сотка.  !1 сотка
                        ! жерден !  жерге  !өнiм. ! жерден өн.! жерден
                        !алынған !жұмсалған! нің  !дірілген   ! түсетін
                        !орташа  !орташа   !орташа! өнімнің   !табыс (+),
                        !өнiмдi. ! шығыстар! құны,! бағасы,   !шығын (-)
                        !лігі, кг! деңгейі,!теңге ! теңге     !  теңге
                        !        !  теңге  !      !(2гр.х4гр.)!(5гр.-3гр.)
___________________________________________________________________________
          1                 2         3        4        5          6
___________________________________________________________________________
Бидай                       15       272
Арпа                        20       218
Қарамық                     10       258
Жүгерi (жасыл массасы)      100      131   
Көп жылдық шөптер           20       91  
Бiр жылдық шөптер           12       66 
Картоп                      90       1746
Көкөнiстер                  90       1173
Бақша                       105      483
Шекiлдеуiктер бағы          16       432
(алма, алмұрт және
басқасы)   
Сүйектiлер бағы (өрiк,    
алқоры)                     15       484
Жеміс дақылдары             15       694 
Жүзiм                       34       662
Күнбағыс                    12       218    
___________________________________________________________________________
     Мал шаруашылық өнiмдері
___________________________________________________________________________
        Өнім          ! 1 бас  ! 1 бас   ! 1 кг.  !  1 бас    !1 бас мал.
                      ! малдан !  малға  !өнімнің !  малдан   !дан түсетін 
                      ! алынған!жұмсалған!(1л, 10 !өндірілген !табыс (+), 
                      ! орташа ! орташа  ! дана   ! өнімнің   !шығыс (-) 
                      !өнімді. !шығыстар !жұмырт. ! бағасы    !  теңге  
                      !лік, кг !деңгейі, !қаның)  !  теңге    !(5гр.-3гр.) 
                      !  (л)   !  теңге  !орташа  !(2гр.х4гр.)!
                      !        !         ! құны,  !           !
                      !        !         ! теңге  !           !
___________________________________________________________________________
          1                2         3        4         5          6 
___________________________________________________________________________
Сүттi iрi қара малы (сүт) 1900     19424
Еттi iрi қара малы         165     14231
(сиыр етi)
Шошқалар (шошқа етi)       110      8973
Қой, ешкі ет/жүн          22/2,0    2152
Жылқы (жылқы етi)          151      5563
Түйе (түйе етi)            126      2959
Жұмыртқалайтын құс         200       728
(жұмыртқа)               жұмыртқа
Еттi құс (құс етi)         2,5       489
___________________________________________________________________________
     


                                          Қазақстан Республикасы Еңбек

және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнің 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-Ө бұйрығымен бекiтiлген атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесiне 8-қосымша


            Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң

                       ЖЕКЕ НОРМАТИВТIК КАРТОЧКАСЫ
Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. _______________________
Облысы, ауданы ________________________________
Мекен-жайы ____________________________________
___________________________________________________________________________
   Ауыл шаруашылық    !Жер сотка.!Жылына бiр   !Жеке қосалқы !Жеке қосалқы
    дақылдарының,     !  сының,  !сотка жерден !шаруашылығы. !шаруашылығы.
       малдың,        !мал басы. !  бiр мал    ! нан жылына  !  нан бір
   құстардың түрi     !ның және  !  басынан    !  түсетін    !  тоқсанда 
                      ! құстың   !  алынған    !  табыстың   !  түсетін 
                      !  саны    !табыс, теңге !  жиынтығы,  !  табыстың
                      !          !             !   теңге     !  жиынтығы,
                      !          !             !             !   теңге
___________________________________________________________________________
         1                 2            3             4            5 
___________________________________________________________________________
Бидай
Арпа
Дәнi алынатын жүгерi  
Күрiш
Қарамық     
Картоп
Көкөнiстер
Бақша
Күнбағыс
Қант қызылшасы
Темекi
Шекiлдеуiктер бағы
Сүйектілер бағы
Жемiстер
Жүзiм
Көп жылдық шөп
Бiр жылдық шөп
Жасыл жемге жiберiлетiн
жүгерi
Сүтті iрi қара мал
Еттi iрi қара мал
Шошқалар
Қой мен ешкiлер
Жылқылар
Түйелер
Жұмыртқалайтын құстар
Еттi құс
Бiр жылғы табыстың            х         х                  х
жиынтығы
Бiр тоқсандағы табыстың       х         х        х         х
жиынтығы
___________________________________________________________________________
200___ж. "____"____________  
________________________________________________________
(өтiнiш иесiнiң 2 бағандағы деректер үшiн қойған қолы)
________________________________________________________
   (Есептi жүргiзген адамның Т.А.Ә. және қолы)
     
     
     
     Мамандар:
             Омарбекова А.Т.
             Қобдалиева Н.М.