Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы негізінде және жергілікті өкілетті органдардың бюджетке жеке төлемдері бойынша тиісті ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының "Бюджет салықтары және басқа міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне сәйкес, Алматы облыстық Мәслихаты шешім қабылдады:
1. Қосымшаға сәйкес облыс бюджетіне жеке төлемдер бойынша ставка бекітілсін. Қосымшасы 8 бет.
Облыстың Мәслихаты
сессиясының төрағасы
Облыстық Мәслихат
хатшысының міндетін
атқарушы
Алматы облыстық мәслихатының
2001 жылғы қарашаның 20-дағы
шешіміне N 1 қосымша <*>
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 3-18 шешімімен .
Алматы облыстық мәслихатының
2001 жылғы қарашаның 20-дағы
шешіміне N 2 қосымша
2. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын пайдаланғаны үшін төлем ставкалары (477-баптың 2-тармағы)
N
|
Аттары |
Төлем мөлшері, теңге |
|
Қазақстан
|
Басқа
|
||
І |
ІІ |
ІІІ |
ІV |
1. |
Жеке тұлғалар:
|
|
|
2. |
Автокөлік:
|
|
|
3. |
Бір жыл үшінде аумаққа кіруге жолдама |
8560-00 |
8560-00 |
4. |
Ұлттық бақтың ішінде орналасқан барлық меншік түріндегі тұрақты шипажайлы санаторий объектілерінен (демалыс үйлері, пансионат, туристік базалар, балалар лагері), кәсіпорын, ұйым, мекемелерден табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін, айына 1 га үшін есебінде өтемақы аудару |
4280-00 |
6420-00 |
5. |
Маусымдық рекреациялық учаскелерді пайдаланғаны үшін алынатын төлем, айына 1 га үшін есебінде |
14980-00 |
14980-00 |
6. |
Қоғамдық тамақтандыру орындарына бөлінген учаскелерді пайдаланғаны үшін төлем, айына 0,01 га үшін есебінде |
2675-00 |
3210-00 |
7. |
Ұлттық парк аумағындағы мекемелерде жұмыс істейтін тұрақты тұрғындардан, саяжайы бар адамдар мен қызметкерлерден табиғат ресурстарын пайдаланғаны және рекреациялық жұмыс үшін өтемақы аудару, бір жыл ішіндегі рұқсатнама үшін |
160-50 |
- |
Ескерту:
1. Ұйымдастырылған туристік топтардан алынатын төлем, оларға табиғат қорғау мекемелерінің көрсеткен қызметі үшін калькуляция бойынша өндіріліп алынады.
2. Айрықша қорғалатын аумақтар арқылы өтетін транзиттік жол төлемін мынандай мөлшерде ұсынамыз:
- 15 орынға дейінгі жеңіл автомобильдер мен шағын автобустар үшін - Қазақстан Республикасы үшін 0,3 айлық есептеу көрсеткіші (АЕК) және басқа мемлекеттер үшін 0,6 АЕК;
- 15 орыннан жоғары автобустар үшін - 1 және 2 сәйкес АЕК;
- жүк таситын автомашиналар үшін 3,5 тоннадан 16 тоннаға дейін - 1,5 және 3 АЕК;
- 16 тоннадан жоғары - 3 және 4,5 АЕК.
3. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар ақы төлеуден босатылады.
Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, прокуратура, Мемлекеттік кіріс министрлігі, Қаржы полициясы агенттігі, жергілікті өкілдік пен атқару органдарының қызметкерлері қызмет бабындағы қажеттілікті растайтын құжаттары болғанда, тегін жүруге құқы бар.
Алматы облыстық мәслихатының
2001 жылғы қарашаның 20-дағы
шешіміне N 3 қосымша
3. Сыртқы жарнамаларды орналастыруға - жергілікті маңызы бар
жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары жиегіне және елді
мекендерге орнатылған жарнама объектілерінің төлем ставкалары
(491-баптың 2-тармағы)
N
|
Жарнама түрі |
Төлем ставкасы (ай сайын)
|
||
Категория |
Бір жылғы төлем |
|||
А |
В |
АЕК |
||
1.
|
Көлемі 2 шаршы м-ге дейінгі көрсеткіштер, маңдайшадағы жазулар, ақпаратты тақталар
|
|
|
|
2.
|
Көлемі 2-ден 5 шаршы м-ге дейінгі ақпараттық тақталар
|
|
|
|
3.
|
Көлемі 5-тен 10 шаршы м-ге дейінгі ақпараттық тақталар
|
|
|
|
4. 4.1 |
Көлемі 10-нан 20 шаршы м-ге дейінгі ақпараттық тақталар (жер үстіндегі)
|
|
|
|
5.
|
Көлемі 20-дан 30 шаршы м-ге дейінгі ақпараттық тақталар (жер үстіндегі)
|
|
|
|
6.
|
Көлемі 30 шаршы м-ден жоғары ақпараттық тақталар (жер үстіндегі)
|
|
|
|
7. |
Дүңгіршектер мен уақытша үлгідегі павильондардағы жарнама |
1 |
1 |
2 |
8.
|
Жолаушылар көлігіндегі жарнама (автобустар)
|
10
|
10
|
2
|
Ескерту:
1. Рұқсат алу мен бір жолғы төлем ставкалары айлық есептеу көрсеткішінде (АЕК) келтірілген.
2. Төлем ставкасы отандық тауар өндірушілер мен бірлескен өндірістік мекемелер үшін 20 пайызға дейін азайтылуы мүмкін.
3. Темекі бұйымдары мен алкогольді өнімдер жарнамасының бір жолғы төлем ставкасы (тіркелген сауда маркілері, логотиптер және брендтерді қосқанда) ай сайынғы төлем мөлшеріне тең, бірақ 20 АЕК-тен көп емес.
4. А категориясына Алакөл, Еңбекшіқазақ, Іле, Қаратал, Қарасай, Көксу, Панфилов, Талғар аудандары мен Қапшағай, Талдықорған және Текелі қалалары кіреді. В категориясына Ақсу, Балқаш, Жамбыл, Кербұлақ, Райымбек, Сарқан, Ескелді, Ұйғыр аудандары кіреді.
Алматы облыстық мәслихатының
2001 жылғы қарашаның 20-дағы
шешіміне N 4 қосымша
4. Кесілген ағаш үшін негізгі төлем ставкасынан басқа, кесілмеген ағашты босатуға, орманды пайдаланғаны үшін төлем ставкалары <*>
Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 3-19 шешімімен.