"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Z934200_ Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-тармағына сәйкес, Аршалы, Еңбекшілдер, Целиноград аудандық мәслихаттарының, Аршалы, Еңбекшілдер, Целиноград аудандары, әкімдерінің бірлескен шешімдерінің негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының келісімі бойынша облыстық мәслихат және облыс әкімі шешім етті: 1. Аршалы ауданының Заря селосы - Ақжар ауылы; Еңбекшілдер ауданының Донское селосы - Андықожа батыр ауылы; Еңбекшілдер ауданының Жаңаауыл ауылы - Аңғал батыр ауылы; Целиноград ауданының Рождественка селосы - Қабанбай батыр ауылы; Целиноград ауданының Рождественский селолық округі - Қабанбай батыр селолық округі деп өзгертілсін. 2. Облыстық әкімшілік-аумақтық бірліктерін есепке алу және тіркеу құжаттарына тиісті өзгерістер енгізілсін. 3. Осы шешім облыстық әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді. Сессия төрағасы Облыс әкімі Облыстық мәслихаттың хатшысы