Атбасар және Зеренді аудандарының ауылдық округі мен елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы

Ақмола облыстық мәслихатының, облыс әкімінің шешімі 2001 жылғы 6 шілдедегі N С-10-9 Ақмола облысының Әділет басқармасында 2001 жылғы 15 тамызда N 710 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы» деген сөздер «ауылдық», «ауылы» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Z934200_ "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 4 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының 2001 жылғы 11 сәуірдегі N 4 Ұйғарымы негізінде:
      - Атбасар ауданының Южный ауылдық округі Тілекей ауылдық округі;
      - Атбасар ауданының Ладыженка ауылы Тілекей ауылы;
      - Зеренді ауданының Қарабұлақ ауылы Қарауыл Қанай би ауылы болып өзгертілсін.
      2. Облыстың әкімшілік - аумақтық бірліктері мен елді мекендерін есептеу-тіркеу құжаттарына тиісті өзгерістер енгізілсін.

      Сессия төрағасы

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихат хатшысы