Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына төмендегідей өзгертулер енгізілсін:
1. Троицкое, Қарсақ, Үлгілі, Ново-Ефремовка, Ермаковка, Подлесное, Өндіріс, Кеңөткел селоларының шекараларында Троицкое селолық округі құрылсын, округ орталығы Троицкое селосы.
2. Қарсақ, Үлгілі, Ново-Ефремовка, Ермаковка, Подлесное, Өндіріс селолары елді-мекендерінің шекараларын алып тастау арқылы Зеренді селолық округінің шекарасы өзгертілсін. Селолық округтың құрамына Қошқарбай, Айдарлы селоларының елді-мекендері шекараларымен енгізілсін.
3. Қошқарбай, Айдарлы, Кеңөткел селоларын шекараларымен құрамынан шығару арқылы Шағалалы селолық округінің шекарасы өзгертілсін.
4. Краснояр селосының шекарасы Көкшетау қаласының құрамына берілуіне байланысты, бұрынғы Көкшетау облысы әкімі мен облыстың мәслихатының 1997 жылғы 30 сәуірдегі N С-13/4-1 бірлескен шешімінің негізінде Краснояр селолық округінің орталығы Симферополь селосына ауыстырылсын, оған Симферополь, Бұлақ, Жолдыбай, Озерное селоларының шекаралары енгізіліп, Симферополь селолық округі атауы берілсін.
5. Садовое селосының шекарасы Приреченское селолық округі
әкімшілігінің қарамағына берілсін. 6. Облыстық мәслихат пен облыс әкімінің 20 желтоқсан 2000 жылғы N С-6/14 "Зеренді ауданының жекелеген селолық округтерін өзгерту және жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктерін құру туралы" бірлескен шешімінің заңды күші жойылсын. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Облыс әкімі Облыстық мәслихаттың хатшысы