Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесін бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 14 қараша N 427 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1770

Қолданыстағы
      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
      2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктерге бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына келісім беру туралы ережені бекіту туралы" 1998 жылғы 4 ақпандағы N 46 V980503_ қаулысының;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің акциялары қор биржасында листингтен өткен инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы ережені бекіту жөнінде" 1998 жылғы 26 желтоқсандағы N 291 V980696_ қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Ережені Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімде осы қаулыны және Ережені Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.
     Ұлттық Банк
      Төрағасы


                                            Қазақстан Республикасының   

Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесін бекіту жөнінде" 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427 қаулысымен бекітілген


         Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық
    капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым
                 құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесі

      Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Z952444_ Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) негізінде жасалынды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйым құруына және ие болуына рұқсат беру тәртібі мен ерекшеліктерін және банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу тәртібін белгілейді.

                        1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Банктер Заңның 8-бабының 2-тармағында көзделген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы.
      2. Банктер мынадай жағдайларда:
      1) соңғы екі жылдың ішінде шығынсыз жұмыс істегенде;
      2) соңғы алты айдың ішінде Ұлттық Банк белгілеген пруденциалдық нормативтерді және басқа да орындауға міндетті нормалар мен лимиттерді сақтағанда;
      3) екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға өту бойынша талаптарға сәйкес болғанда;
      4) Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін ішкі бақылау (аудит), корпоративтік бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесі бар болса заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы.
      Осыған орай банктің бір заңды тұлғаның жарғылық капиталына тікелей (тура) немесе жанама (басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы) қатысуы банктің меншік капиталының он процентінен аспауы тиіс. Банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына бұрын кепілге қабылданған акциялардың банктің меншігіне өтуі арқылы тікелей қатысуы меншік капиталының 50 процентінен аспауы тиіс.
      3. Заңды тұлғалардың акцияларын сатып алған, жиынтық нақты құны банктің меншік капиталының бір немесе одан астам проценті болатын банктер (еншілес ұйымдарды қоспағанда) акцияларға ие болғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке бұл жөнінде жазбаша хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) беруге міндетті.
      4. Банктің хабарламасында мыналар болуы тиіс:
      1) заңды тұлғаның атауы;
      2) банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі және сомасы;
      3) заңды тұлғаның қызмет түрі немесе түрлері туралы ақпарат;
      4) банк көрсету керек деп тапқан басқа мәліметтер.
      5. Банктер ұғымы Заңның 11-1-бабында белгіленген еншілес банктер

құрған немесе ие болған жағдайда Ұлттық Банктің осы Ереженің талаптарына 
сәйкес берілетін рұқсатын алуға міндетті. 
     2-тарау. Банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру   
                      туралы өтініш беру және қарау тәртібі
     6. Ұлттық Банктің Директорлар кеңесі банктерді қадағалау бөлімшесінің 
тиісті ұсынысы негізінде банкке рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту 
туралы шешім қабылдайды. 
     7. Банк еншілес ұйым құруға рұқсат алу үшін Ұлттық Банкке мыналарды 
тапсырады: 
     1) N 1 қосымшаға сәйкес банктің еншілес ұйым құру үшін рұқсат алуға 
өтініші;
     2) банктің уәкілетті органының еншілес ұйым құру туралы шешімі;
     3) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары, оның Жарғыны бекіту туралы 
хаттамалары; 
     4) N 2 қосымшаға сәйкес еншілес ұйымның басқарушы қызметкерлері 
туралы ақпарат; 
     5) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы;
     6) бизнес-жоспар бере отырып, еншілес ұйымның қызмет түрі немесе 
түрлері туралы ақпарат;
     7) еншілес ұйымның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері туралы 
ақпарат;
     8) банктің құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі 
және сомасы туралы ақпарат.


      8. Банк еншілес ұйымға иелік етуге рұқсат алу үшін Ұлттық Банкке осы Ереженің 7-тармағында көзделген құжаттардан басқа мыналарды тапсырады:
      1) еншілес ұйымға ие болу шарттары және тәртібі туралы мәлімет;
      2) аудиторлық ұйымның иелікке алынатын еншілес ұйымға жүргізілген аудит туралы қорытындысы және аудиторлық ұйым растаған соңғы қаржы жылындағы оның қаржылық есебі;
      3) иелікке алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуі туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;
      4) иелікке алынатын еншілес ұйымның жарияланған (тіркелген) төленген жарғылық капиталының мөлшері туралы, сондай-ақ банктің иелікке алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі және сомасы туралы ақпарат;
      5) банктің жарғылық капиталға қатысуы арқылы еншілес ұйымды иелікке алған заңды тұлға туралы деректер, оған мыналар кіреді:
      заңды тұлғаның атауы және мекен-жайы;
      банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі және сомасы туралы мәлімет;
      заңды тұлғаның банк иелікке алған еншілес ұйымының жарғылық капиталына қатысу үлесі және сомасы туралы ақпарат.
      9. Банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беруге арналған өтініші және қажетті құжаттары банктерді қадағалау бөлімшесіне беріледі.
      10. Банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына берілген рұқсат N 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт данада (екеуі мемлекеттік тілде және екеуі орыс тілінде) ресімделеді, екеуі банкке беріледі, ал басқа екеуі банктің заңды іс қағаздарына тігіледі.
      11. Банктерді қадағалау бөлімшесі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына берілген рұқсатты өкілеттігін нотариалды не басқа да заңды жолмен куәландырған құжаты бар банктің уәкілетті адамына тапсырады.
      12. Ұлттық Банк берілген рұқсатты банкті қадағалау бөлімшесі жүргізетін банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына берілген рұқсатты есепке алу жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тізілімінде (N 4 қосымша) тіркеледі.
      13. Ұлттық Банк Заңның 11-1-баптарында көзделген мерзімде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті. Заң талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар берген кезде, құжаттар қайтарылып береді. Құжаттарды қайта берген кезде оларды қарау мерзімін есептеу қайта басталады.
      14. Ұлттық Банк Заңның 11-1-баптарында көзделген негіздемелер бойынша

рұқсат беруден бас тартады. Ұлттық Банк рұқсат беруден бас тартқан 
жағдайда, өтініш берушіге бас тартудың негіздемелері жөнінде жазбаша 
хабарлауға міндетті. 
     15. Банк Ұлттық Банктің рұқсатын алмаған жағдайда үш айлық мерзімде 
еншілес ұйымның оған тиесілі акцияларын (қатысу үлесін) осы банкпен ерекше 
қатынаста байланысы жоқ адамдарға беруге не еншілес ұйым қабылдайтын 
шешімді белгілеу мүмкіндігінен бас тартуға және растайтын құжаттарды 
Ұлттық Банкке беруге міндетті. 
       3-тарау. Банктердің листинг компанияларының  жарғылық капиталға     
                          қатысуының қосымша шарттары
     16. Банктер акциясы қор биржасында листингке өткен бір заңды тұлғаның 
кемінде он бес процент акцияларын иелікке алуға құқылы. 
     17. Банк бағалы қағаздардың листингін реттейтін тиісті нормативтік 
құқықтық актілерге сәйкес қор биржасында акциялары бойынша делистингтен 
өткен ұйымның акцияларын иелікке алуға құқылы емес. Мұндай акциялар бар 
болған кезде, банк оларды бір жылдың ішінде сатуға құқылы. 
     4-тарау. Банктердің акциялары кепіл ретінде банктің меншігіне өтетін  
          заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы бойынша талаптар
     18. Банк кепіл туралы шарттың талаптарына сәйкес заңды тұлғалардың 
кепілдікке қабылданған акцияларының банктің меншігіне өту кезінен бастап 
бір жылдың ішінде көрсетілген акцияларды сатуға міндетті. 
                        5-тарау. Қорытынды ережелер
     19. Осы Ереженің талаптарын бұзған жағдайда Ұлттық Банк қолданылып 
жүрген заңдарда көзделген ықпал ету шараларын банкке қолдануға құқылы. 
     20. Осы Ережемен реттелмейтін мәселелер Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес шешілуі тиіс. 
     Ұлттық Банк 
      Төрағасы


                                              Қазақстан Республикасының   

Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесіне N 1 қосымша


_____ ж. "______" _______________ 
N ________                                    Қазақстан Республикасы
                                              Ұлттық Банкінің Төрағасы
                                              _______________________ 
 
              Екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына 
                        және ие болуына рұқсат алуға 
                                  ӨТІНІШ
     
__________________________________________________________________________
                        (өтініш берушінің атауы)
банктің уәкілетті органының __________________________________________ 
                                               (өткізілген орны)
______ жылғы "____"________________ N ______  шешіміне сәйкес ___________ 
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
     (құрылатын  (иелікке алынатын) еншілес ұйымның атауы, мекен-жайы)
құруына немесе ие болуына рұқсат беруіңізді сұрайды. 
     Банк өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дұрыс болуына, 
сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратып алынған қосымша ақпарат пен 
құжаттардың Ұлттық Банкке уақтылы берілуіне жауап береді. 
     Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атауымен тізбесін, әр 
қайсы бойынша дана және бет санын көрсету керек)
Басқарма Төрағасы 
________________________                     __________________________ 
                                                       (қолы)
Директорлар кеңесінің 
төрағасы                                     __________________________ 
                                                        (қолы)
М.О.


                                             Қазақстан Республикасының   

Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесіне N 2 қосымша


               Еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпарат

1. Аты-жөні _____________________________________________________________
2. Азаматтығы ___________________________________________________________
3. Жеке басын растайтын құжаттың деректері ______________________________
4. Жұмыс орны (орындары), қызметі (қызметтері) __________________________
5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы, байланыс телефоны ____________
6. Білімі (біліктілігін арттыру курстарын қоса):

___________________________________________________________________________
Түскен күні - аяқтаған күні  !    Оқу орнының атауы    !   Мамандығы
_____________________________!_________________________!___________________
_____________________________!_________________________!___________________
  
     7. Еңбек қызметі туралы қысқаша резюмесі:
___________________________________________________________________________
             Жұмыс кезеңі    !       Жұмыс орны      !      Лауазымы
_____________________________!_______________________!_____________________
_____________________________!_______________________!_____________________
  
     8. Сотты болғандығы туралы мәлімет:
___________________________________________________________________________
  Күні !Сот органының !Соттың тұрған ! Құқық бұзу  !   Соттың шешім 
       !     атауы    !     жері     !    түрі     !  қабылдаған күні
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
    
Белгіленген тәртіппен ақталмаған немесе алынбаған сотты болуы бар ма: 
_____________________________________________________________________ 
     9. Банк қызметіне байланысты құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін 
әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәлімет:
___________________________________________________________________________
   Күні !  Жауапкершілікке  ! Органның тұрған !    Құқық     !   Шешім 
        !   тарту туралы    !      жері       ! бұзушылықтың !қабылданған
        !  шешім қабылдаған !                 !     түрі     !    күн
        !     орган         !                 !              ! 
        !                   !                 !              !
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
    
 
                      ЖОҒАРЫДА БЕРІЛГЕН МӘЛІМЕТТЕРДІ РАСТАУ
     Осы өтініштегі ақпаратты тексергендігімді және оның дұрыс әрі толық 
екенін растаймын.
Аты-жөні _____________________________________________________ 
                                 (бас әріптермен)
Күні _____________________________________ 
Қолы ____________________________ 


                                              Қазақстан Республикасының   

Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесіне N 3 қосымша


                          ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТІҢ

              ЕНШІЛЕС ҰЙЫМ ҚҰРУЫНА ЖӘНЕ ИЕ БОЛУЫНА БЕРІЛГЕН
                                  РҰҚСАТ
              ________ жылғы "_____"_________________ N ______ 
Осы рұқсат ________________________________________________ берілді, банк 
                              (банктің атауы)
осының негізінде ________________________________________________________
               (құрылатын (иелікке алынатын) еншілес ұйымның қызмет түрі) 
___________________________________________________________________________
(құрылатын (иелікке алынатын) еншілес ұйымның атауы, оның мемлекеттік 
                  тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуі туралы деректер)
еншілес ұйым құруына немесе ие болуына құқылы.
         Төраға (Төрағаның орынбасары) _______________________________
     


                                              Қазақстан Республикасының   

Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесіне N 4 қосымша


                  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

         банктің еншілес ұйым құруына және ие болуына берілген
                     рұқсаттарды есепке алу тізілімі
___________________________________________________________________________
р/с ! Банктің ! Еншілес !  Еншілес     !  Банктің еншілес  !  Еншілес    
 N  !  атауы  ! ұйымның !  ұйымның     !    ұйым құруына   !  ұйымның
    !         !  атауы  ! заңды тұлға  !  және ие болуына  ! қызмет түрі
    !         !         !   ретінде    !      берілген     !  
    !         !         ! мемлекеттік  !   рұқсаттың күні  !
    !         !         !  тіркеуден   !     және номері   !
    !         !         ! өтуі туралы  !                   !
    !         !         !   деректер   !                   !
___________________________________________________________________________
   
___________________________________________________________________________
     
     Мамандар:
             Омарбекова А.Т.
             Жұманазарова А.Б.