Банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің депозиторларының мүддесін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Осы қаулының қосымшасына сай "Екінші деңгейдегі банктердің ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелері жөнінде ақпарат" нысаны бекітілсін.
Ескерту: Атауында және 1-тармақта "мәмілелері бойынша" деген сөздер "мәмілелері жөнінде" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 37
қаулысымен
.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Банктер қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға осы қаулының қосымшасына сай нысан бойынша олармен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен өзінің мәмілелері жөніндегі ақпаратты ай сайын, есеп берілетін айдан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей ұсынады деп белгіленсін.
Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 37
қаулысымен
.
4. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
"Екiншi деңгейдегi банктердiң
ерекше қатынастармен байланысты
тұлғалармен мәмiлелерi туралы
ақпарат беру нысанын бекiту туралы"
2001 жылғы 20 желтоқсандағы
N 543 қаулысына қосымша
Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 37 қаулысымен .
_______________
банкпен ерекше қатынастармен байланысты
(банктің атауы) тұлғалармен мәмілелері туралы ақпарат
200 жылғы "__" _____ бастап 200__ жылғы "__" ______ дейiнгi есептi кезең iшiнде, сондай-ақ есептi күнгi жағдай бойынша қолданыстағы
__________________________________________________________________
Тұлға.|Осыған сәйкес|Опера. |Сомасы|Шарттың аяқ. |Шарт қолданы.
ның |тұлға банкпен|цияның |(мың |талған күні |луының аяқталу
атауы |ерекше қаты. | түрі |теңге)|(талаптарды |күні (талаптарды
(аты- |наспен байла.|(валюта| |орындаудың |орындаудың
жөнi)|нысты тұлға. | түрiн | |аяқталу күні)|аяқталу күнi)
|ларға жатқы. |көрсете| | |
| зылатын |отырып)| | |
| белгісi | | | |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Кестенің жалғасы
__________________________________________________________________
Төлейтiн сыйақы |Банктiң Директорлар | Ескерту
(мың теңге немесе %) |кеңесi шешiмiнiң не |
_________________________________|(Директорлар кеңесi |
Банктiң |Банкпен ерекше|iшкi |болмаған жағдайда) |
пайдасына | қатынаспен |құжат. |aкционерлердiң жалпы|
банкпен | байланысты |тарға |жиналысы шешiмiнiң |
ерекше | тұлғаның |сәйкес | деректемелерi |
қатынаспен|пайдасына банк| | |
байланысты| | | |
тұлға | | | |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Банктiң банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен жасалған мәмiлелердiң жалпы сомасы, банктiң онымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен операциялардың әрбiр түрi бойынша сомасы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1902 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту жөнiнде" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысына сәйкес (бұдан әрi - Пруденциалдық нормативтер туралы ереже) есептелетiн меншiктi капиталы мөлшерiнiң 0,1 процентiнен аспайды 200_ жылғы "___" _________ жағдай бойынша _________ болады.
Кестенi толтыру жөнiндегi нұсқамалар: кестеде банктiң банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен жасалған, 200__ жылғы "__" _________ жағдай бойынша олардың сомасы Пруденциалдық нормативтер туралы ережеге сәйкес есептелетiн банктiң меншiктi капиталы мөлшерiнiң 0,1 процентiнен асатын барлық мәмiлелер туралы мәлiметтер көрсетiледi, оның iшiнде мыналарды көздейтiн (бiрақ мұнымен шектелмейтiн) мәмiлелер туралы:
1) Заемды беру (депозиттi орналастыру);
2) Депозиттi қабылдау (талап етуге дейiнгi депозиттi және сыйақы есептелмейтiн ағымдағы банк шотын қоспағанда) немесе банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардан заемды алу;
3) банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар шығарған қаржы құралдарын сатып алу және кепiлге алу;
4) қаржы құралдарын сатып алу (сату), оның iшiнде оларды банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардан керi сатып алу (сату) талаптарында (банкке қарсы әрiптестi айқындауға жол бермейтiн әдiстермен ұйымдасқан рынокта жасалған мәмiлелердi қоспағанда);
5) банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың мүлкiн сатып алу (сату) және кепiлге алу;
6) банктiң жоғарыда көрсетiлген операцияларын жүзеге асыру бойынша болашақ мiндеттемесi, не банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар үшiн субсидиарлық немесе ортақ жауапкершiлiк;
7) 1)-6) тармақшаларында көрсетiлген операцияларды қоспағанда, банктiң және банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаның арасындағы мүлiкке меншiк құқығының көшуi.
Басқарма Төрағасы _____ Бас бухгалтер ______ Орындаушы _______
Iшкi аудит (бақылау) қызметiнiң басшысы _______ мөр орны