Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Мұнай және газ кен орындарын әзiрлеу жөнiндегі орталық комиссия туралы" 2001 жылғы 21 наурыздағы N 70 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 320 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 31 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 1739

Қолданыстағы

     Мұнай және газ кен орындарын ашу жөнiндегi Орталық комиссияның 
құрамын өзгерту мақсатында

                                БҰЙЫРАМЫН:

     1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар 
министрлiгiнің "Мұнай және газ кен орындарын әзiрлеу жөнiндегi орталық 
комиссия туралы" (бұдан әрi - КӘОК) 2001 жылғы 21 наурыздағы N 70  

V011465_

  
бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
     көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген КӘОК құрамына:
     Козырь С.О.         - Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар мен
                           қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнің Қоршаған
                           ортаны қорғау басқармасы мемлекеттiк экологиялық
                           сараптама бөлiмiнiң бастығы;
     Нұрабаев Б.         - Қазақстан Республикасы Энергетика және
                           минералдық ресурстар министрлiгiнiң
                           "Мұнай және газ өнеркәсiбi бас диспетчерлiк
                           басқармасы" РМК директоры.
     көрсетiлген құрамнан Қаппаров Н.Ж., Шырдабаев Ж.М. және Керiмқұлов 
В.А. шығарылсын.
     2. Жер қойнауын пайдалану департаментi бұйрықтың Қазақстан 
Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз 
етсiн.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика 
және минералдық ресурстар Вице-Министрi Б.Д. Еламановқа жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің орынбасары -
     Министр 
     
     
     Мамандар:
             Омарбекова А.Т.
             Жұманазарова А.Б.