"Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығына N 61 өзгерiс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2001 жылғы 25 желтоқсандағы N 548 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 1737

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне әскери

қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттiк органдар 
қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу және оларды әлеуметтiк қорғау 
мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"  

Z010247_

  
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 қазандағы Заңына сәйкес 
                             БҰЙЫРАМЫН:
     1. "Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан 
Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 
 

V991058_

  бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
     көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамада:
     бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасында:
     1 "Ағымдағы шығыстар" санатында:
     1 "Тауарлар мен қызметтерге арналған шығыстар" сыныбында:
     110 "Жалақы" сыныпшасында 114-ерекшелiк мынадай редакцияда жазылсын:
     "Әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң 
жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары".
     2. Заң қызметi департаментi (Қ. Әбдiқалықов) және Мемлекеттiк бюджет 
департаментi (Б. Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет 
министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 
мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
     Министр 
     
     
     Мамандар:
         Омарбекова А.Т.
         Икебаева Ә.Ж.