БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы бюджетi шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2000 жылғы 17 қарашадағы N 487 V001332_ бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы бюджетi шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымында:
1-қосымшаға сәйкес 110 "Жалақы" сыныпшасындағы 113 "Өтемақы төлемдерi" ерекшелiгiнен кейiн 114 "Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары" ерекшелiгiмен толықтырылсын;
120 "Жұмыс берушiлердiң жарналары" iшкi сыныбында:
126 "Мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiн мемлекеттiк мiндеттi жеке сақтандыруға арналған жарналар" ерекшелiгiнде "Анықтама" бағанында "Әскери қызметшiлердiң және құқық қорғау және прокуратура органдары қызметкерлерiнiң" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Заң қызметi департаментi (Қ. Әбдiқалықов) және Мемлекеттiк бюджет департаментi (Б. Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң 2001 жылғы 25 желтоқсандағы N 547 бұйрығына 1-қосымша
___________________________________________________________________________ Сынып. Ерек. Атауы Анықтама Шығыстардың Ескерту ша шелiгi тізімі ___________________________________________________________________________ 110 114 Әскери Осы ерекшелiк бойынша Тауарлар, қызметшiлер. мемлекеттiк және жұмыстар дің, iшкi мемлекеттiк емес мен iстер орган жинақтаушы зейнетақы қызметтер дары қызмет. қорларына республикалық беруге керлерінің және жергiлiктi шарттар жинақтаушы бюджеттердiң есебiнен жасалмайды зейнетақы ұсталатын, 1998 жылғы қорларына 1 қаңтардағы жағдай міндетті бойынша әскери зейнетақы қызметтiң, Қазақстан жарналары Республикасының iшкi iстер органдарындағы қызметтiң кемiнде 10 жыл өтiлi бар әскери қызметшiлердiң, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ақшалай қаражатының 20%-ы мөлшерiндегi мiндеттi зейнетақы жарналары көрсетiледi ___________________________________________________________________________ Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.